Get Mystery Box with random crypto!

Бөтен адамға, яғни сіз араласпайтын адамға әрқашан сіз деп сөй | Olzhas Hanafin

Бөтен адамға, яғни сіз араласпайтын адамға әрқашан сіз деп сөйлеуге тырысыңыз. Тіпті оның жасы сізден кіші болса да. Әрине егер араңыз кәдімгей көп болса онда сен десеңіз дөрекі естілмес. Алайда құрметпен сіз деп сөйлегенге жетпейді.

Біреу өзгенің сіз деп сөйлеуді талап етуін немесе сіз деп айтпағанына наразы болуын такаппарлық деп қабылдау мүмкін. Алайда сол адамның сіз деп сөйлеу алмауы такаппарлыққа жақынырақ. Себебі оның сіз деп айта алмауы, сөйлесіп жатқан адамнан өзін жоғары санауы немесе сіз деп сөйлеуге лайықты емес деп есептеуі болмақ.

Сыйласып жүре берейік. Келе жатқан құрбан айт қабыл болсын.