Get Mystery Box with random crypto!

Абу Ханифаның шәкірті имам Мухаммад имам Маликтен “муатта” кіт | Olzhas Hanafin

Абу Ханифаның шәкірті имам Мухаммад имам Маликтен “муатта” кітабында келесідей хадисті жеткізеді: “Арапа күні бір топ адамдар Алла елшісінің ﷺ аузы берік па, жоқ па екеніне қатысты таласты. Бір бөлігі ораза десе, екіншісі ораза емес деді. Сол кезде Умм әл-Фадыл Пайғамбарымызға ﷺ бір стақан сут беріп жібереді. Пайғамбарымыз ﷺ болса арапа тауында тұрған еді. Стақан сүт келгенде Пайғамбарымыз ﷺ оны ішті”. (Бухари)

Имам Мухаммад айтады: “Арапа күннің оразасын қалаған адам ұстайды, қаламаса ұстамайды. Шынында, ол күннің оразасы нәпіл ораза.

Егер ораза оны әлсіретіп, дұға етуден тосатын болса онда ол адамға ораза ұстамаған абзал. Себебі арапа күні дұға ету оразадан абзал”.

Демек бұл күннің ерекше құлшылығы ол - дұға. Ораза одан кейінгі дәрежеде. Алайда хадисте келгендей ораза екі жылдық күнәсі кешірілуіне себеп болады.

Биыл арапа күні жұма күніне тұспа-тұс келіп тұр. Жұма күнде дұға қабыл болатын сәт бар. Бір топ ғалымдар ол уақыт асыр намазынан кейінгі уақыт деген. Демек бізге тек оразамен шектеліп, күні бойы ұйқымен өткізіп емес, бәлки бұл күнде көп дұға етуіміз қажет. Әсіресе екінті мен шам намазы уақыты арасында.

Алла дұға-тілектеріңізді қабыл етсін.