Get Mystery Box with random crypto!

Aisultan

Telegram арнасының логотипі nasihat_p — Aisultan A
Telegram арнасының логотипі nasihat_p — Aisultan
Арна мекенжайы: @nasihat_p
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 680
Арнадан сипаттама

Уағыздар. http://instagram.com/aisultan.ak

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

3

1 stars

0


Соңғы хабарлар

2022-08-16 05:55:12 Имандылық деп нені айтамыз?
Аллаға шүкір, егеменді ел болғалы асыл дініміз қанатын кең жайып, соңымыздан исламды ұстанған ұрпақ еріп келеді. Алайда, осы жастарымыздың «иман» туралы түсінігі қаншалықты дұрыс, осыған зер салып қарадық па?

Көпшілігі аят пен хадисте келген қысқа айтылған деректерді ұстанып жүр, бұл қуанышты-ақ жағдай. Дегенмен, қандай нәтижеге алып келетініне мән бермейді. Кейде бауырларымыздың намаз оқып жүріп те бұрынғы қисық іс-әркекеттерінен арыла қоймағанын көреміз. Ол үшін діннің көздеген мақсатына сай әрекет етуіміз қажет.

Ата-бабаларымыздан бүгінге дейін жеткен әдет-ғұрып пен діни түсініктегі иманды адам деп кімді атаған? Қандай қасиеттерімен иманды деп бағаланды?

Қазақи түсінігімізде арлы-намысты, уәдеге берік болса, жамандық атаулыдан аулақ жүріп, артынан сөз келтіретін жағымсыз істерден бойын таза ұстаса, осындай жандар иманды деп саналды. Абай атамыз қара сөзінде біреудің жаман қылығын айтып жазғырар болса «Құдайдан қорықпай, адамнан ұялмай» деген сөздерді қолданады. Демек, иманды адам біле тұра жаман істерге бармайды. Исламның да негізгі мақсаты осы.

Діннің мақсаты жайында жазылған еңбектерде «Адам баласын дүние тіршілігінде жақсы мінез-құлыққа жеткізіп, адал өмір сүргізіп, Алланың алдына барғанында пейіш баққа кіргізу» делінген. Мұның негізгі көрсеткіші ретінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Сөзінде тұрмайтынның діні жоқ, аманатқа адал болмайтынның иманы жоқ[1]»деген хадисі тұрады.

Құран кәрімде: «Намаз арсыздық пен жамандықтан тияды, Алланы еске алу ұлы іс»[2] деп намаздың қадірін көрсеткен. Намаз оқитын адам жаман қасиеттерден арылуы тиіс. Оразаға қатысты аятқа қарайтын болсақ, мақсаты тақуалыққа жеткізу[3] екендігін аңғарамыз.[4] Ауыз бекіткен адамның өзгемен жанжалдаспауы, ұстамдылықпен «мен оразамын» деп қана жауап беруі көрсетілген[5]. Өйткені аш адам ұрысқақ келеді. Қазақта: «Аш адамнан кырық күн ақыл сұрама» дегені осы болса керек. Отыз күн аш жүргенде өзін ұстай білген кісі, қарыны тоқ, көңілі жай жүрген уақыттарда жанжалдан мүлдем аулақ болары анық. Осылайша адам өзін-өзі тәрбиелейді де жақсы қасиеттерді сіңіріп, имандылықтың белгісі бойынан көрініс табады.

Халқымыздың имандылық деп намаз бен оразаның нәтижесі болған жақсы қасиеттерді, әдептілікті санауы өте орынды. Алайда намаз оқымай-ақ, ораза ұстамай-ақ әдепті болсақ болды деген секілді жаңылыс пікірге кетіп қалмау керекпіз. Хәкім Абайдың «Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз» деп айтқанындай, ғибадат жасау пенденің құдай алдындағы міндеті, құлшылықтың орнын ешнәрсе толтыра алмайды.
236 views02:55
Ашу / Түсініктеме
2022-08-16 05:49:31 Құнды сөз
Ең бай адам болғың келсе – бөлісе біл! Ең батыл болғың келсе – Аллаға тәуекел етуді үйрен! Ең ақылды болғың келсе – өз қателігіңді мойындай біл! Еі әділ болғың келсе – өзіңе не тілесең өзгеге де соны тілеуді үйрен! Ең жомарт болғың келсе – қайтарымсыз беруді үйрен!

Ең мейірімді болғың келсе – мінезіңді көркейт! Жетістікті болғың келсе – тиым салынғаннан аулақ бол! Өз кемшіліктеріңді жасырғың келсе – өзгенің кемшілігін байқамауды үйрен! Алла Тағаланың сүйікті құлы болғың келсе – Алланы үнемі есіңе ал және Алланың жақсы көретінін жақсы көр!
227 views02:49
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 10:23:59 ... дегенде, мен жылап жібердім!

Бір атақты мұсылман ғалымы басынан өткен оқиғаны:

«Бір жолы жолым түсіп Мысырға бардым. Сапарым аяқталған соң Александриядан шығып Каир арқылы ұшатын болдым. Рейсім таңертең ерте болған соң, Каирдегі аэропорт жанындағы мешіт имамына достарым арқылы телефон соққызып, түн ортасында барып мешітте түнеп,таң намазын оқыған соң ұшаққа мінетінімді айттым. Сондықтан, мешітті құлыптамай, ашық қалтыруын өтіндім.

Түн ортасында мешітке келсем,бір адам михрабта сәждеде жатып,ғаммияша (диалектіде): «Холос иә Роб!Халилни...(Болды жаратушы Ием! Жәрдем етші маған...)» ,-деп жылап, шынайы дұға жасап жатқанын естіп тұрып қалдым. Намазын бітірген соң, жанына барып амандасып, қал-жағдайын сұрадым. Ол: «Аллаға қай жағдайда шүкір етемін. Бірақ ертең әйеліме ота жасайды. Он бес мың төрт жүз гиней керек»,-деді.

Мен оған қолымда берер ешнәрсе болмағанымнан қысылып:

«Алла жәрдем етсін»,-деп шығарып салдым.

Үтір намазымды оқып, ұйықтап қалдым. Таң намазы уақытында азаншы келіп азан айтты.

Намазға тұрғанымда, мешіт имамы мені танып,жолаушымын десем де намазға өтуімді өтінді.

Намаздан соң жамағат келіп амандасып жатыр.Ішінде бір адам:

«Шейх,мен Сізді экраннан ғана көруші едім, келгеніңіз қандай жақсы болды. Осы мешіттің үстінгі қабатындағы үйде тұрамын. Бір өтінішім бар айтатын. Осы қалада үлкен пластик зауытым бар, бір жыл толып зекетімді берейін дегелі бір апта болды. Әйелім: «Отағасы, зекетіңізді ұстап тұрмай, тезірек беріңізші», -деп айтады. Мен оған: «Мен оны ең қиналған жанға берсем, Қияметте Раббым сол арқылы мені қиыншылықтан құтқарса екен...»,-деп айтамын. Зекетім он бес мың төрт жүз гиней болды. Кімге бергенім дұрыс болады?» ,-дегенде, мен жылап жібердім.

Жамағат: «Шейх! Сізге не болды?!»,-деп таң - тамаша.

Мен: «Алла тілегіңізді қабыл етіпті. Тура осы - 15400 гиней қаржыға мұқтаж адам орталарыңызда тұр. Әйеліне ота жасатуға бір тиыны жоқ. Ең қиналып тұрған жан осы»,-деп әлгі кісіні көрсеттім.

Зекет беруші адам осы үйдің төменгі қабатында тұратын мұқтаж адамды танып, құшақтап алып: «Алла Ұлық! Бауырым осы қаржыны әйеліңе ота жасауға жұмса»,-деді.

Тосын сыйды алған әлгі адам көзі жасқа толып, құбылаға қарап:

«Шүкір етемін Саған! Мен бақыттымын!»,-деп тілегенде,жамағат болып бәріміз жыладық. Мен оларға:

«Олар түн ішінде төсектерін тәрк етіп, бір жағынан (Алланың) қаһарынан қорқып, екінші жағынан шексіз мейірімінен үміт еткен күйде Раббыларына жалбарынып - жалбарынып дұға етеді. Сондай - ақ өздеріне ризық - несібе ретінде берген нығметтеріміздің бір парасын ізгілік жолында жұмсайды. Дүниеде істеген игі істері үшін оларды (ақиретте) көзайым етіп, шаттыққа бөлейтін қандай құпия сый - сияпаттың, нендей тосын нығметтердің сақтаулы (жасырулы) екенін жан баласы білмейді» (Сәжде:16-17), -деген деген аяттарды оқып,мәнісі осы оқиғадағыдай екенін айтып бердім»,-деп сөзін аяқтаған екен.

Расында,атам қазақ : «Құдайдан сұрағанның екі бүйрегі шығады»,-деп айтқандай, шынайы тілесек, Алланың қазынасы кең екенін ұмытпауымыз керек.
586 views07:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 16:36:18 Айтқанын орындаса, Жұмаққа барады
Талха ибн Ұбайдулла (р.а.) келтірген: «Бірде Алла Елшісіне (ﷺ) жолығуға Нәжид тайпасынан бір кісі келді. Ашулы екен. Дауыстап сөйледі. Біз дауысын естігенмен, не деп жатқанын түсіне алмадық. Ол Алла Елшісінің (ﷺ) қасына жақындап, Ислам жайында сұрақтар қоя бастады. Пайғамбарымыз (ﷺ) оған: «Алла бір тәулікте бес уақыт намаз оқуды парыз қылды».

Нәжидтік кісі «Алланың маған парыз еткен басқа намазы бар ма?» деді. Алла Елшісі (ﷺ): «Жоқ, бірақ қаласаң, нәпіл намаздар оқуға болады» деді. Артынан Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деді: «Алла Рамазан айында оразаны парыз қылды». Нәжидтік кісі «Алланың маған парыз еткен басқа оразасы бар ма?» деп сұрады. Алла Елшісі (ﷺ): «Жоқ, бірақ қаласаң, нәпіл ораза ұстауыңа болады» деді. Артынан Алла Елшісі (ﷺ) әлгі кісіге зекетті де түсіндірді. Ол алдыңғы сұрақтарын қайталап, зекеттен басқа парыз бар-жоғын сұрады.

Алла Елшісі (ﷺ): «Жоқ, бірақ қаласаң, қосымша қайыр-жақсылықтар жасауыңа болады» деді. Нәжидтік кісі Алла Елшісінің (ﷺ) қасынан кетіп бара жатып «Аллаға ант етейін, дәл осыны істеймін, қысқартпаймын да, қоспаймын да» деді. Оның осы айтқанын естігенде Алла Елшісі (ﷺ): «Егер айтқанын орындаса, құтылады» деді. Осы оқиғаның Әнас ибн Малик (р.а.) арқылы жеткен түрінде Алла Елшісінің (ﷺ) жауабы былай «Егер айтқанын орындаса, міндетті түрде Жұмаққа барады».
675 views13:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 16:31:36
Қабыл болмайтын амал
Сахабаларымен отырған Мұхаммед Пайғамбарымыз (ﷺ) бірде Қиямет жайлы сөз қозғады. Толассыз айтылған әңгіменің бір ұшығы адамның бұл дүниеде жасаған амалдарына барып тірелді.

«Қиямет күні біршама адам Тахаманың үлкендігіндей сауап арқалап келеді. Бірақ олардың амалдарын Алла Тағала қабылдамайды». Мұны естігенде бойын үрей билеген Сәлім Хұзафа (р.а.):

– Уа, Алланың құрметті елшісі, әке-шешем жолыңа құрбан болсын. Олардың қандай адамдар екенін айтпас па екенсіз? Аңдаусызда солардан бірі мен болып қалмайын деп қатты қорқып тұрмын, – деді. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) оған:

– Әй, Сәлім, олар ел қатарлы ораза да ұстайды, намаз да оқиды. Алайда бір дүниеге тап келе қалса, көзі тұнып бас салады. Міне, Алла Тағала осындайлардың амалын қабылдамайды, – деді.
558 views13:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 13:54:31
عن عقبة بن عامر رضي الله عنه أن رسول الله صلى الله عليه وسلم قال: "يوم عرفة ويوم النحر وأيّام التشريق عيدنا أهل الإسلام، أيّام أكل وشرب" رواه أبو داود.
Уқба ибн Ә'мирдан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте Аллаһ Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: "арафа күні, құрбан айт күні және тәшрик күндері біз үшін мейрам. Бұл жеп-ішу күндері."
708 views10:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 13:33:50 ЗУЛХИДЖА АЙЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОН КҮНІ НЕЛІКТЕН ЕРЕКШЕ?

Міне біз, дініміздегі «әшхурул-хурум» қасиетті төрт айдың соңғысы саналатын саналатын Зулхиджа айындамыз. Зулхиджа айы бiзге iстерiмiздi реттеп, орындалмаған жоспарларымызды iске асыруға және ізгі амалдарымызды толықтыруға үлкен мүмкiншiлiк беретiн ай. Осы жылдың амал кiтабы жабылғанда, күнәларымыздан тазарып, бiраз iзгi амал жинап, тәубесi қабыл болғандардан болу үшiн, бұл айды қолымыздан келгенше толықтай пайдаланып қалуымыз керек.

Зүлхиджа айының алғашқы он күні ең қасиетті деп есептеледі. Оның дәлелі Құранда айқын көрініс табады:

«Он түнімен (ант етемін), жұбымен де, тағымен де». (Фәжр» сүресі, 2-3)

Ибн Аббас, Ибн аз-Зубейр, Муджахид және т.б тәпсір ғалымдары (Алла олардан разы болсын) осы он түнді Зүлхиджа айының алғашқы он түні деп түсіндірген. (Ибн Кәсир тәпсірі)

Сондай-ақ, сахаба Жәбiр (радиаллаһу әнһ) Пайғамбарымыздың ﷺ былай дегенiн жеткiзедi:

«Фаджр сүресiнде айтылған он күн — Зүлхиджа айының алғашқы он күнi, тақ күніне Арафа күнi, жұп күнiне деп Айт күнiн жатқызамыз»

Ибн Аббас (радиаллаһу әнһума) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ:

«Алла алдында Зүлхиджа айының алғашқы он күнінде жасалған ізгі амалдардан асқан сүйікті амал жоқ», — деген. Сахабалар: «Ей Расулаллаһ, бұл айдың алғашқы күндері жасалатын амалдар Алла жолындағы жиһадтан да құнды ма?» – дегендерінде, Пайғамбарымыз «Йә, жиһадтан да құнды болады. Бірақ жанын, малын аямай соғысқа барып, кейін дымсыз қайтқан адамның жиһады өте құнды болады» — деп жауап берген. (Бухари)

Басқа хадисте Ибн Умар (радиаллаһу әнһума) Пайғамбарымыздың ﷺ былай дегенін жеткізді:

«Алланың алдында зүлхиджаның алғашқы 10 күнінде жасалған ғибадаттардан асатын ізгілік жоқ және ізгі амалдың сауабы молырақ болған басқа күндер жоқ. Бұл күндері таһлилді тәсбихті, тахмидті және тәкбірді көп айтыңдар!»

Ендеше қасиетті он күнді берекелі өткізуді жазғай!

Әзірлеген: @mihrab_kz
825 views10:33
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 02:39:54 Оны не үшін алғанымды өзім білемін әрі екінші үйленуім бір бассыздық болды ғой деп ойланып жүретін болдым. Алайда екінші әйеліме ұлының айтқан сөздері менің жүрегіме қадалған инедей болды. Ұлы: "Ана, неге сен намазды тек аға біздің үйге келгенде ғана оқисың?» - деген еді. Сонда ғана не бүлдіргеніме көзім анық жетті. Қалай бәрін қалпына келтірсем екен? Ақыр соңында, екінші әйеліммен ажырасып тындым.

Содан кейін ғана кейбір ғалымдардың жасырын некенің жарамсыз деп айтқанын естідім. Екінші әйелмен некелескен кезім мен үшін бір қорқынышты түс сияқты болды, сол үшін мен Алладан кешірім сұрап жалбарынудамын. Алла разылығы үшін, бір жұбайыммен тату-тәтті өмір сүргеннің орнына тән рахатын ойлап екінші әйелмен жасырын неке қидырдым. Қымбатты аға-бауыр, інілерім, мен қатты қателестім, сіздер қателеспеңіздер. Негізінде, екінші әйел алуда бәрін шариғатқа сай дұрыс жасау әркімнің қолынан келе беретін іс емес. Екі әйелді тең ұстау мықты тақуалық пен ауқаттылықты талап ететін дүние екен...
896 views23:39
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 02:39:53 Жасырын неке қидырған жігіттің оқиғасы
Сайттардың бірінен оқыған мына бір ғибраты мол оқиға менің жүрегімнің пернелерін бір тербетіп, Алла Тағаланың Ұлықтығын есіме түсірген болатын. Алланың қалауымен, осы оқиғаны орыс тілінен аударып, сіздердің де оқығандарыңызды қаладым.

...23 жасымда ата-анам үлкен той жасап мені үйлендірді. Аллаға шүкір, жұбайымның жүрегіне иман ұялаған жан болып шықты. Өзім де асыл дініміз исламды қадірлейтін отбасында тәрбиеленген едім. Алланың қалауымен, бір қыз, екі ұл сүйдік. Жұбайыма да, балаларыма да көңілім толып, марқайып жүретінмін, әрине, ұрыс-керіс те орын алып тұратын.

«Ұрыссыз отбасы болушы ма еді?» - деп өзімді жұбатып қоятынмын. Жұмыс бабымен біздің ауылдан бір сағаттық жерде орналасқан бір қалаға жиі барушы едім. «Қызу қанды» еркек болғандықтан ба, әлгі қаладағы жартылай жалаңаштанып, қысқа көйлек киіп жүретін қыздар менің ойымнан шықпайтын болып алды. Шым-шытырақ ойлармен күресіп-ақ бақтым, алайда өзімнің әлсіздігімді түсіндім. Отбасын құрғанымызға жеті жыл болғанда екінші әйел алу жөнінде ойлана бастадым. Бұл ойымды қалжыңдаған болып ептеп жұбайыма білдіріп те жүрдім, алайда: «Онда мен бірден кетіп қаламын», - деген жауапты еститінмін жұбайыман. Нәзік жандыларға бұл тақырыптың ұнамайтыны мәлім ғой, бірақ уақыт өте келе мен осы ойымды жүзеге асырдым. Таңдауым бес жасар ұлы бар ажырасқан келіншекке түсті. Бәрін жасырын түрде іске асырдым, тек біраз ғана достарым білетін. «Жұмысқа кеттім» деген сылтаумен қалаға барып, ол жақта ұзақ уақытқа қалып жүрдім. Сезік тудырмас үшін, екінші әйелімнің үйінде сирек қонатынмын, тіпті болмай бара жатқанда менің достарым мықты «алибиді» қамтамасыз ететін. «Жел тұрса шөптің басы қимылдамай тұрмайды» дегендей, бір жылдан соң көзімнің қарашығыдай сақтап жүрген құпиям жария болды.

Үйге қайтып келе жатқан болатынмын, бір досым қоңырау шалып: «Жұбайың бәрін біледі», - деп ескертті. Мен не істерімді білмедім. Бірден көз алдыма бетін тырнап, шашын жұлып, ыдыстарды сындырып, шабаданын жинап жатқан жұбайым елестеп кетті. Тіпті ол ажырасуды талап етсе де мен оған келісім бермеймін деп шештім. Үш баламыз бар, сегіз жыл бір шаңырақтың астында өмір сүріп келеміз, мен оны қатты жақсы көремін, оның маған істеген жақсылығы ұшан-теңіз. Осындай ойлармен есікті ашып қалған менің таңғалысымда шек болмады. Бәрі бәз қалпында: жұбайым күлімсіреп қарсы алды, балаларым жүгіріп келіп, мойныма асылып жатыр, ас үйден дәмді тағамның хош иісі шығып тұр. "Аллаға шүкір, жұбайым ештеме білмейді екен ғой", - деп ойладым мен.

Ертеңінде таң атысымен әдеттегі әдетіме басып «жұмыс бабымен» қалаға жол тарттым. Пенжегімнің қалтасынан бір хат тауып алдым. Онда былай жазылған еді: «Мен бәрін білемін, алайда менің мақсатым сен емес, Алла Тағала, Оның разылығы. Отбасымды күйретіп кетіп қалады деп әсте ойлама. Бұл өмірде сен жеңіске кенеліп, рахаттанып жүрсең де, алайда келесі өмірде, Алланың қалауымен, СЕН МАҒАН ҚЫЗЫҒАТЫН БОЛАСЫҢ! Мен үшін сен Жұмақтың кілтісің. Ал ана әйел үшін сен тек құштарлығын қанағаттандыратын нысан ғанасың. Тіпті сенің төрт әйелің болатын болса да олар үшін тек сен ғана жауап бересің. Қамшының сабындай бұл өмір өте қысқа, мен бұл сынаққа шыдаймын. Өлімнен кейін мәңгілік өмір болады. Мен АЛЛАНЫ сенен АРТЫҚ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН! Шайтанның көмекшісі болу тіпті де ойымда жоқ". Бұл хатты жұбайымның ашу-ызаға булығып отырып жазғанын түсіндім. Сонда да менің нәпсім: «Сенің екі әйел алуға хақың бар, оған мұны қабылдау қиынға соқса, ол оның ғана мәселесі. Үш баласымен ол қайда барады ғой дейсің?» - деп құлағыма сыбырлай жөнелді". Осы жайттан соң екінші әйеліме баруды жиілеттім, бірақ бірінші жұбайымның қайғырып жүргенін сезінбедім.

Бұрынғыдай ештеме білдірмей жүре берді, кейде оның шыдамдылығына таңғалатынмын да. Тек таң намазын оқып жатқан жұбайымның әлсін-әлсін жылаған дауысын естіп қалатынмын. Мұндай жағдайға тап болған нәзік жанның қандай күй кешіп жүргенін біз – еркектер қайдан білейік? Жұбайым өзінің тақуа қалпынан еш өзгермеді. Біртіндеп менің ар-ұятым жанымды жей бастады да мен екінші әйеліме суый бастадым. Расын айтсам, ол мені тез-ақ зеріктіріп жіберді.
777 views23:39
Ашу / Түсініктеме
2022-06-12 14:25:18 قال الإمام الشعبي رحمه الله تعالى: "لو أصبت تسعاً وتسعين وأخطأت واحدة لأخذوا الواحدة وتركوا التسع والتسعين"
Имам әш-Шәғби (Аллаһ оны өз рахымына алсын) былай дейді: "Егер тоқсан тоғыз мәселеде дұрыс айтсаң және бір мәселеде қателессең, адамдар тоқсан тоғыз мәселені тастап сол бір мәселені алып сені айыптайды."
722 views11:25
Ашу / Түсініктеме