Get Mystery Box with random crypto!

Aisultan

Telegram арнасының логотипі nasihat_p — Aisultan A
Telegram арнасының логотипі nasihat_p — Aisultan
Арна мекенжайы: @nasihat_p
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 680
Арнадан сипаттама

Уағыздар. http://instagram.com/aisultan.ak

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

3

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-06-09 14:53:04 Ескі альбом
АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ҚОШҚАР
(Қазақ ССР Халық артисі Кәукен Кенжетаевтың бірқақпайларынан)

Обком хатшысы Рақымжан Қошқарбаевқа:
– Ауылға барып қайтыңыз, сізді сағынып отыр, ел аралап, демалып келіңіз, – деп ауылға жібереді.
Сөйтіп ауданға телефон шалып, алдын ала хабарлайды. Тек сол күні телефон нашар icтеп, жөнді естілмей, ана жаққа «қошқар, қошқар» деп әрбір әріпті жекелеп айқайлап, аяғына әрең жеткізеді. Колхоз бастығы да тек «қошқар келеді» дегенді ғана ұққандай. Әpi ойлап, бepi ойлап: «Ә-ә, әлгі шет елден племенный қошқар әкеледі деуші еді, сол болар» деп ұйғарады да, колхоздың жүк машинасымен күтіп алу үшін бip әйелді жібереді. Мән-жайды шала түсінген әйел де:
– Қайда, ол қошқары? Кім жіберуші еді оны бізге?! – деп әптер-тәптері шығады. Ақыры аупартком алдында состиып тұрған бейтаныс Рақымжаннан:
– Сіз білмейсіз бе, әлгі қошқары қайда? Асыл тұқымды дей ме өзі, немене? – деп сұрайды. Батыр сонда жағдайды түсіне қалып:
– А-а, асыл тұқымды «қошқар» керек болса, ол мына мен ғой, апарыңыз апаратын жеріңізге! – депті.

Бауыржан Әлиұлы ұстаздың (жазбаларынан)
785 views11:53
Ашу / Түсініктеме
2022-06-07 22:58:50 Ғалым, қази Юнус ибн Абдулла (338-429) бір күні мешіттен екі кісіге сүйеніп шығады. Оны танитын біреу тұсына келіп: "Жасыңыздың біразға келгендігін көзіміз көрдік-ау" дейді. Ғалым оған қарап: "Сен екеуміздің де қалағанымыз осы (жасымыз ұзақ болып қартаю) емес пе еді?!" деген екен.
Жастарыңыз ұзақ болып, жасайтын ізгі, сауапты істеріңіз көп болсын! Күндеріңіз сəтті өтсін!
689 views19:58
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 16:27:57 Патшаға күлген құл

Ертеде байлығы тасқан, өркөкірек бір патша өмір сүріпті. Сол кездегі дәстүр бойынша патшаның төсегін күнде бір күң келіп салуы тиіс екен.
Бір жолы жас күңдердің бірі әлгі патшаның төсегін салып, мамық төсек пен құс жастықтарды әдемілеп жайып, жан-жағын барынша сәндеп біттім-ау дегенде, аяқ асты әлгі күңге «апыр-ай, мұндай мамық төсекке бір жатып көру де бақыт шығар. Сәл көз шырымын алып, ләззатын байқап көрсем қайтер екен?» деген ой келеді. Ақыры сол әуестігін жеңе алмай, «патша келе жатқанда атып тұрармын» деп құс жастықты жастанып, төсекке сәл қисаяды. Сөйтіп жатқанда, қатты ұйықтап кетеді.

Бір уақытта жатын бөлмеге патша кіріп келеді. Патша төсегінде күңнің ұйықтап жатқанын көріп қатты ашуланады. «Бұған қалай батылың барып жүр?!» – деп әлгі күңді ұрып-соға бастайды. Бір қызығы, таяқтың астында қалып жатса да, күң сықылықтап күліп, өз-өзін тыя алмайды. Бұған таңырқаған патша: «Неменеңе жетісіп күлесің?» – дейді. Сонда күң: «Алдияр тақсыр, мен төсегіңізге бір рет жатып көрейінші деп сонша таяқ жеп жатырмын, ал сіз бұл мамық төсекте күнде ұйықтайсыз. Алда-жалда Алла Тағала да сізді жауапқа тарта қалса, қайтер екенсіз?.. «Сірә, таяқ жеудің көкесі сонда болады-ау» деген ой келді. Соған күлдім», – деп жауап береді.

Патша бұл сөзге көп ойланады. Ақыр соңында сән-салтанаттан өз еркімен бас тартып, тақуалыққа бет бұрады.

Жанарбек Мағзұмұлы
766 views13:27
Ашу / Түсініктеме
2022-06-05 22:58:17 -хадис

Ықылас-3

" مَنْ تَعَلَّمَ عِلْمًا مِمَّا يُبْتَغَى بِهِ وَجْهُ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ لَا يَتَعَلَّمُهُ إِلَّا لِيُصِيبَ بِهِ عَرَضًا مِنَ الدُّنْيَا ؛ لَمْ يَجِدْ عَرْفَ الْجَنَّةِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ". يَعْنِي رِيحَهَا.

"Кімде-кім тек Алланың разылығы үшін үйрену керек болған ілімді дүниелік мақсатқа жету үшін үйренсе, қиямет күні жәннаттың иісін де сезбейді".

[Сунан Әбу Дәуід]
[Сунан Ибн Мәжа 252]
[Муснад Ахмад 8457]
648 views19:58
Ашу / Түсініктеме
2022-06-05 22:56:56 Өмірдегі жайттар...
Судай сылдырап өтіп жатқан "өмір" бір қарасаңыз үлкен дүкенге (супермаркетке) ұқсайды. Күнде дүкен ішін аралап жүріп мүмкіндігіңіздің шеңберінде өзіңізге ұнаған заттарды аласыз. Алда əрбір алған затыңыздың құнын төлейтін касса бар екендігін де ұмытпайсыз. Құнын төлейсіз. Өмір де дəл осылай. Əрбір таңдауымыз үшін жауапқа тартылатын боламыз. Сондықтан таңдауды дұрыс жасаңыз.

Күндеріңіз сəтті өтсін!
601 views19:56
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 01:15:59 Муса Топбаш (Алла оны өз рахымына алсын) былай дейді: "Тіл өте маңызды! Тіл халықтың тарихи санасы, тіл ұлттың бар болу негізі! Тіл, қысқаша айтар болсақ, ұлттың қайнар көзі! Сол үшін де оны ұмыттыруға тырысуда. Кәзір архивтерде, кітапханаларда ескі әріптермен жазылған өте құнды еңбектер бар. Жас буын өткенінен үзілген хәлде, өткенінен, тегінің тарихи әрекетінен бейхабар өмір сүруде!"
689 views22:15
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 01:15:34 قال الفضيل بن عياض رحمه الله تعالى: "لو أعلم أن لي دعوة مستجابة لصرّفتها للسلطان"
Фудайл бин Иъад (Алла одан разы болсын) былай дейді: "Егер қабыл болатын дұғамның болғанын білсем, ол дұғаны тек басшылар үшін жасар едім"

Өйткені олар діндар, әділ, жақсы болса арқасынан ерген халықта солай болар еді... деген үмітпен!
631 views22:15
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 22:13:43 Балаңызды кеш батқанда сыртта ойнатпаңыз

Балалар сыртта, емін-еркін ойнағанды жақсы көреді. Кейде күнұзаққа ойнын қуып, кештің батқанын олар да, біз де байқамай қалып жатамыз. Тек қараңғы түскенін көріп, «үйге кір!» деп шақырып аламыз.

Ал, баланы кеш батқан соң сыртта қалдырмау керектігін білесіз бе? Оның себебі неде?

Жәбир (р.а.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) мына хадисін риуаят етеді: «Түн қанат жайғанда (яғни, кеш батқан кезде ) жас балаларыңды үйде ұстаңдар (яғни, осы уақытта оларды сыртқа шығармаңдар), өйткені сол кезде шайтандар (жер бетіне) тарайды, ал түннің біраз уақыты өткен соң оларды жібере беріңдер...». (Сахих Муслим).

Мұнда күн батқаннан түн қараңғылана бастаған кез туралы айтылған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл уақытта шайтандар көп болатындықтан, олардың жас балаларға зиян тигізуінен қауіптенген. Ибн әл-Жәузи: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы уақытта балалар үшін қауіптену себебі, олар (балалар) көбінесе шайтаннан қорғану дұғаларын біле бермейді. Ал, шайтандар таралған кезінде мүмкін болғанның бәріне жабысады», – деген.
627 views19:13
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 22:12:14 Күтпеген рызық

Ибн Мәлік (р.а.) өте кедей тұратын. Бір күні баласы мүшріктердің қолына тұтқынға түсіп қалады. Бұл Ибн Мәліктің қайғысын ұлғайтты. Алла Елшісіне (ﷺ) барып жағдайын айтып еді, мынадай кеңес алды: «Аллаға сиын, сабыр сақта және «лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ» деген дұғаны жиі айт».

Ибн Мәлік (р.а.) бұл айтылғанды істеп жүрді. Бір күні үйінде отырғанда біреу есік қақты. Есікті ашса, қарсы алдында ұлы тұр. Қашып келген екен. Үсті-басы жырым-жырым. Құр қол келмей мүшріктердің жүзге тарта түйесін айдап келіпті. Әкесі ұлымен қауышты әрі кедейлікпен де қоштасқандай. Бірақ ол Алла Елшісінен (ﷺ) сұрамастан, барымталанған малдың ешқайсысына тимеді. Алла Елшісі (ﷺ) рұқсат бергенге дейін кедейлікпен күнін көре берді.

Осы оқиғадан кейін мына аяттар түсті: «...Оны ойламаған жерден рызықтандырады. Аллаға арқа сүйегенге Алла жеткілікті. Алла әмірін міндетті түрде орындайды. Расында, Алла барлық нәрсеге бір-бір өлшем қойған».
521 views19:12
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 14:09:26 Алғыс дәметпе!

Бір ауылда данагөй ақсақал өмір сүріпті. Одан ақыл сұрап жан-жақтан адамдар келіп тұрады екен. Күндердің бір күні әлгі қарияға көрші ауылдан бір кісі келіп:

– Сіз ел сыйлаған адамсыз. Үйге келіп, қонақ болып кетіңіз,– деп қиыла сұрайды.

Қария қарсылық танытпай, шақырған жерге баруға қамданады. Әлгі кісінің үйіне келсе жайнап тұрған дастарханға тап болады. Түрлі тағамдардан дәм татып, біраз әңгімелесіп, тұруға ыңғайлана бергенде үй иесі таңырқап:

– Уа, ақсақал! Мен сізге арнайы дастархан жайдым. Айтар алғысыңыз жоқ па? – дейді.

– Сіз дәм татыңыз деп шақырып едіңіз ғой. Алғыс айтуға шақырғаныңызды білмейді екем, – деп үйден шығып кете барады.

Мұндай жауапты күтпеген үй иесі аузына сөз түспей отырып қалады. Дегенмен іштей: «Оған қайткен күнде де алғыс айтқызармын» деп бекінеді.

Бірде әлгі қарт адам сол ауылдың қасынан өтіп бара жатқанда күн бұзылып, жаңбыр жауып кетеді. Қолшатыр алмақ болып, ауылға бұрылады. Алланың қалауымен өзі қонақ болған үйден келіп жоғын сұрайды. Ескі танысы сәті түскен мүмкіндікті қалт жібермей сыпайы түрде қарияға шатырын ұстатып жібереді. «Осы жолы міндетті түрде алғысын аламын» деп ойлайды. Бірақ, ол қолшатырды өзі әкелмей, шәкіртінен беріп жібереді. Шәкірті де ләм-мим демей кетіп қалады. Араға бірнеше күн салып, ақсақалмен бір үйде дастархандас болып қалады. Орайы енді келді ғой деп әңгімені бастайды:

– Өткен күні жаңбырдың астында қалып, сырқаттанып қалмадыңыз ба? – Жоқ, бәрі жақсы. Қолшатырыңызды беріп жіберген едім ғой, алған боларсыз?

– Иә, алдым. Ұмытпай бергеніңізге рахмет, – деп қарияның орнына өзі алғыс айтып отырғанын байқап ашуланады. Одан әрі шыдамай, әлгі кісі орнынан атып тұрып: – Уа, ақсақал! Сізді де ақылгөй дана дейді-ау! Көргенсіз екенсіз! Жасаған осыншама жақсылығыма кем дегенде бір рахметіңізді айтсаңыз неңіз кетеді! – дегенде данышпан байыппен, былай жауап қайтарған екен:

– Мен сізге деген алғысым мен ризашылығымды ұдайы ішімнен айтып, оны ұмытқан емеспін. Егер де адам жасаған жақсылығы үшін алғыс дәмететін болса, оның жасағаны шынайы емес. Сіз жақсылықтың ақысына елдің ризашылығын, не болмаса алғысын алам деп дәметпеуіңіз керек. Біреудің қуанышы сіз үшін жеткілікті болуы тиіс. Егер де ақысын күтетін болсаңыз, тек қана өз-өзіңізді алдаған боласыз. Адам баласы табиғатынан мақтансүйгіш әрі менмендеу. Жақсылықты жеке өзіңіздің мақсатыңызға сүйеніп жасасаңыз, қателесесіз. Егер де еш алғыс дәметпей адамдарға жақсылығы тисе болғаны деп ойласаңыз ешкімнен ешқашан көңіліңіз қалмайды.
568 views11:09
Ашу / Түсініктеме