Get Mystery Box with random crypto!

Оны не үшін алғанымды өзім білемін әрі екінші үйленуім бір бас | Aisultan

Оны не үшін алғанымды өзім білемін әрі екінші үйленуім бір бассыздық болды ғой деп ойланып жүретін болдым. Алайда екінші әйеліме ұлының айтқан сөздері менің жүрегіме қадалған инедей болды. Ұлы: "Ана, неге сен намазды тек аға біздің үйге келгенде ғана оқисың?» - деген еді. Сонда ғана не бүлдіргеніме көзім анық жетті. Қалай бәрін қалпына келтірсем екен? Ақыр соңында, екінші әйеліммен ажырасып тындым.

Содан кейін ғана кейбір ғалымдардың жасырын некенің жарамсыз деп айтқанын естідім. Екінші әйелмен некелескен кезім мен үшін бір қорқынышты түс сияқты болды, сол үшін мен Алладан кешірім сұрап жалбарынудамын. Алла разылығы үшін, бір жұбайыммен тату-тәтті өмір сүргеннің орнына тән рахатын ойлап екінші әйелмен жасырын неке қидырдым. Қымбатты аға-бауыр, інілерім, мен қатты қателестім, сіздер қателеспеңіздер. Негізінде, екінші әйел алуда бәрін шариғатқа сай дұрыс жасау әркімнің қолынан келе беретін іс емес. Екі әйелді тең ұстау мықты тақуалық пен ауқаттылықты талап ететін дүние екен...