Get Mystery Box with random crypto!

Overcommitment Тайм менеджментте біз көбіне уақытты тиімді қо | Narikbi LIVE

Overcommitment

Тайм менеджментте біз көбіне уақытты тиімді қолдану деп түсінеміз. Ол дұрыс, алайда бұл оның бір-ақ тұсы ғана. Жалпы, тиімділік - ол мақсат емес, құрал деп қана түсіну қажет.

Ал негізгі мақсат - ол бір нәтижеге жету. Егер сіз ешқандай тайм менеджмент, agile, помодоро, т.б секілді құралдарсыз жақсы нәтижеге жетіп жатсаңыз, онда сізге олардың қажеті де жоқ шығар.

Бұл жердегі ең маңыздысы - дұрыс мақсат қоя білу. Қызығы, біз ең көбіне осы жерден шалынамыз. Сіз өте тиімді жұмыс істеп, мақсатты дұрыс қоя алмасаңыз, жұмысыңыз зая кетуі мүмкін.

Айтайық, сіз дұрыс мақсат қойдыңыз. Бірақ, 24 сағат күніңіздің қанша сағатын осыған арнамақшысыз? Егер 8 сағат ұйқыға кетеді деп алсақ, 16 сағат қалды. Жұмыс істесеңіз оның 8 сағаты жұмысқа кетеді.

Спорт - 1,5 сағат, ағышлын үйрену 1 сағат, Құран оқу 30 мин делік. Әлі де 5 сағат бар. Отбасымен уақыт өткіземіз (кешкі ас) - 2 сағат. Тағы, сіз жаңадан жұмысыңызға байланысты 2 курс оқуыңыз керек. Әрқайсысына 2 сағаттан керек.

Байқадыңыз ба, біз 24 сағаттан асып кеттік. Біз тағы әлеуметтік желіні (insta, tiktok, youtube), жолдағы кептелісті қоспадық. Осыны overcommitment, яғни шектен тыс міндеттеме деп айтады. Логикалық тұрғыда бұл өте қызық. Адам бұлай жұмыс істей алмайтыны сөзсіз.

Алайда, осындай міндеттемелер алып, барлық уақытыңызды осылай бөліп тастағанда сізде бос уақыт қалмайды. Ал адам баласы сол бос уақытты іздей бастайды. Осылайша, біраз уақыттан кейін артық заттар өз өздері ақ жолдан түсіп қалады.

Мысалы, жұмыстағы бір курс артық екен, спортқа 1 сағат бөлсек жетеді, ағылшынды бір деңгейге жеткенде 30 мин уақыт қана керек екен. Яғни, бұл техника арқылы сіз өзіңізге нақты керек 2-3 мақсатты тауып алып, қалғандарын "смело" тастай аласыз. Ал, бос уақытты жейтін заттар мүлдем уақыт қалмайды, осылай прокастинацияны да жеңуге болады.

Бұны ағылшынша prioritization, яғни маңыздылықты анықтау дейді. Осы методты мысалы біздің компьютердегі операционкамыз қолданады. Ол өз қарамағындағы барлық жадыны барлық процесстерді бөліп, артық ештеңеге жетпей қалатындай етіп қалдырмайды. Кейін приориттерге байланысты, керек емес процесстерді "тастап" жібереді.

Сіз де осылай overcommitment жасап көріңіз. Ойдағы барлық мақсаттарыңызды қағазға түсіріп, күніге уақыт бөліп тастаңыз. 24 сағаттан асырып жіберіңіз де, бастаңыз. Нәтижесімен, бөлісіп қойыңыз)

Іске сәт.