Get Mystery Box with random crypto!

Ramadan x Nauryz Бүгін бір қызық күн болды. Наурыз мерекесі м | Narikbi LIVE

Ramadan x Nauryz

Бүгін бір қызық күн болды. Наурыз мерекесі мен Қасиетті Рамазан айы бір күнде басталып жатыр екен. Өте ғажап бір құбылыс.

Жұмыста менің командамда 4 араб ұлтының өкілі бар. Кеше офиста жүргенде олар маған келіп "Ramadan Careem!" деп құттықтап өз жоспарларымен бөлісті. Сөзсіз, араб елдері үшін Рамазан тіпті ерекше мереке.

Ал түркі халқының өкілдері бір бірін наурызбен құттықтап жүр. Наурыздың да біздің өмірде бөлек орны бар мереке екені белгілі ғой. Оның ішінде иран халқы да бар.

Қызығы, оны көрген менің еуропалық әріптестерім таң қалады. Біреуі: қалай бір ай бойы тамақ жемей жүре беруге болады? - десе, басқасы: Наурызда қандай тағамдар дайындайсыңдар? - деп қызығады.

Байқағаным, біздің мәдениетіміз батыс елдеріне әлі де үлкен жұмбақ екен. Көшпелі әрі мұсылмандық құндылықтар тоғызқан біз ел үшін осыны әдемі түрде жеткізе білу маңызды.

Сол үшін кейде өзімді қазақ халқының елшісі секілді сезем. Өте жауапкершілігі мол іс ол. Олар сені қалай таныса, бүкіл елді де солай танитын болады. Әрқайсысымыз осындай ұстанымда болсақ, еліміз де әлем жаңа қырынан тағып қалар.

Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтадым. Ал, күннің батуы мен айдың тууымен келіп жеткен Қасиетті Рамазан айы барша мұсылған қауымы үшін жемісті әрі берекелі болғай.