Get Mystery Box with random crypto!

ChatGPT Қазіргі ең хайп тақырыптардың бірі осы ChatGPT шығар. | Narikbi LIVE

ChatGPT

Қазіргі ең хайп тақырыптардың бірі осы ChatGPT шығар. Бұл AI технологиясының индустрияны біраз өзгертетіні сөзсіз. Көп компаниялар өздерінің приоритеттерін өзгертуде. Біздің компания да солардың қатарында.

Осыған байланысты адамдар көбіне, бұл біздің жұмыстарымызды алып қоймай ма? жұмыссыз қалмаймыз ба? - деп сұрап жатады. Шын айтсам, бұл сұрақтардың жауабын әлі ешкім білмейді.

Алайда, маған қызық жері мынау. ChatGPT-ға қандай сұрақ қойсаң, сондай жауап аласың. Яғни, сұрағың қаншалықты сапалы әрі терең болса, сәйкесінше сондай тұшымды жауап ала аласың. Бұл кері қарай да жұмыс істейді. Түсініксіз сұраққа, тура сондай түсініксіз жауап аласың.

Бұл бір қағидаға алып келеді. Біз сұрақты қояды білуіміз керек. Ал бұл - өте оңай емес жұмыс. Тіпті, қазір батыс нарығындағы компаниялар ChatGPT Prompter деген позицияны, яғни ChatGPT-ге дұрыс сұрақ қоя алатын адамдарды іздеуде.

Ойланып қараңызшы, технология қанша дамыса да, біз дұрыс сұрақ қоя алмасақ, бұдан еш пайда жоқ. Дұрыс сұрақ қойған адам, жауаптың 90% біледі деп айтады ғой. Тіпті, Құранда Ибрахим және басқа да пайғамбарлардың өз қауымына дұрыс сұрақ қою арқылы ойландырғаны келтірілген.

Ал бізге дұрыс сұрақ қою неге маңызды? Өйткені, дұрыс және нақты сұрақтарды тек өзі ізденісте жүрген адам ғана қоя алады. Сол үшін, жұмыссыз қалмас үшін, бізге әрқашан ізденісте жүру қажет.

Бұл бұрыннан келе жатқан қағида болса да, 2023 жылы өте өзекті болып тұр. Айтарым осы.