Get Mystery Box with random crypto!

Гүлмира ұстаз | QMDB

Telegram арнасының логотипі namazoqu_gulmiraustaz — Гүлмира ұстаз | QMDB Г
Telegram арнасының логотипі namazoqu_gulmiraustaz — Гүлмира ұстаз | QMDB
Арна мекенжайы: @namazoqu_gulmiraustaz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 3.12K
Арнадан сипаттама

Гүлмира ұстаз

Ratings & Reviews

1.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

3


Соңғы хабарлар 6

2022-04-10 09:18:36 1-ші ТАЗАЛАНУ КЕЗЕҢІ (1-2 күн)

Басың ауырады ма? Еш уайымдама! Оразаның бірінші күні қанымыздағы қант азаяды. Жүрек соғысы бәсеңдеп, қан қысымы төмендейді. Бұлшық еттен гликоген бөлініп, әлсіздік пайда болады. Тазаланудың алғашқы күндері ең қиындау болуы мүмкін. Бас ауру, жүрек айну, ауыздан жаман иіс шығу, тілдің ауырланып, ісінуі - тазаланудың бірінші кезеңі болып есептеледі. Осы кезеңде аштық қатты сезілуі мүмкін.

2-ші ТАЗАЛАНУ КЕЗЕҢІ (3-7 күндері)

Май қышқылының құрамы ыдырап, глицеридтер молекуласындағы глицеринді босап, глюкозаға айналады.

Бет майланып, кейбір жағдайда аздап бөртпе шығуы мүмкін. Ағза оразаға үйрене бастайды, ас қорыту жүйесі демалып, барлық күш тазалануға және емделуге жұмсалады.

Қанның ақ түйіршіктері мен иммунитет жүйесінің белсенділігі артады. Өкпе тұсыңыз ауырсынуы мүмкін. Тазалану органдары, өкпе жолдары ретке келіп, жаңалану процессі үстінде болады. Тіліңіз ағарып, тоқ ішекке жабысқан нәжіс ажыратыла бастайды.

3-ші ТАЗАЛАНУ КЕЗЕҢІ (8-15 күндері)

Өзіңді сергек сезініп, қуатың тасиды. Алайда, ескі жараларың қозып, біраз ауырсынуы мүмкін. Бұл, ағзаның ораза кезінде өзін-өзі емдеуге көшкенін көрсетеді.

Ағза өз бойынан өлі не жарақаттанған жеріне (ткани) лимфоциттер секреттелген (шырышты) заттарды жеткізіп, ақаулы жасушаларды жоюға кіріседі.

Осы шырышты заттар бұрын болған ақау орнын қайта ауыруына әкеп соқтырады және сол жердегі жүйке талшықтарына әсер етеді. Ағза өзін-өзі емдеп сауықтыруының басты көрсеткіші де осы ауырсыну. Бұлшық еттер қатайып, токсиндердің әсерінен ауырсыну асқындайды.

Токсиндер аяқта жиналатын болған соң, аяқтарыңызда ауру сезінесіз. Ауыз қуысында шағын жаралар пайда болуы мүмкін, ол бактериялардың көбеюі салдарынан болады. Күнделікті ауызды тұзды сумен шайып тұрсаңыз, жаралар тез жазылады.

4-ші ТАЗАЛАНУ КЕЗЕҢІ (16-30 күндері)

Ағза ашығуға әбден үйренген. Қуатыңыз көп, ой-санаңыз тынық.

Тазалану кезеңдері қысқарып, тіліңіз қызғылттанып, тынысыңыз тазарады. Ағзалар әр түрлі ауру қоздырғыштарынан тазалағаннан соң, органдар екі есе тез жұмыс жасап, ақауы бар жойылған жасушалар орнын толықтырады.

20 күннен соң санаңыз тынық, жүйкеңіз тыныш, қуатыңыз көп, бойыңызда жақсы баланс сезіледі. Есте сақтау қабілетіңіз артады.

Керемет өзгерістер. Одан да маңыздысы - Алла Тағаланың ораза тұтқан жан үшін бұл дүние мен ақыретте беретін нығметтері көп.
1.9K views06:18
Ашу / Түсініктеме
2022-04-10 02:40:34 Я делюсь с вами файлом 2_5354813135565888303
1.3K views23:40
Ашу / Түсініктеме
2022-04-10 02:35:04
Видео от Gulmira Iylesbaykizi
1.3K views23:35
Ашу / Түсініктеме
2022-04-10 01:41:46
Группаласымның баласы. +7 747 993 3616
1.1K views22:41
Ашу / Түсініктеме
2022-04-06 05:45:29
Фото от Gulmira Iylesbaykizi
1.9K views02:45
Ашу / Түсініктеме
2022-04-06 05:43:43
Фото от Gulmira Iylesbaykizi
1.6K views02:43
Ашу / Түсініктеме
2022-04-05 21:05:21 30 параны жаттаушыларға өте қажет дүние екен
1.6K views18:05
Ашу / Түсініктеме
2022-04-05 21:04:39 Пропись 30 джуз
#книги
1.6K views18:04
Ашу / Түсініктеме
2022-04-05 20:55:45 Біздің мырзамыз Ъубада ибн Самит (ол кісіге Алла разы болсын) Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына (оларға Алла разы болсын) қасиетті Рамазан айы туар алдында төмендегі дұғаны оқуды үйреткенін жеткізеді:

اَللّٰهُمَّ سَلّمْنِيْ لِرَمَضانَ وَسَلّمْ رَمَضانَ لِيْ وَسَلّمْه لِي مُتَقَبَّلا

«Аллаһумма саллимни ли Рамадана уа саллим Рамадана ли уә саллимһу ли мутақаббәлә»

Мағынасы: «Я, Алла! Мені Рамазан үшін сақта, Рамазанды мен үшін сақта және оны менен қабыл ет!»

Түсіндірмесі:

«Мені Рамазанға сақта» дегеннің мағынасы:

Уа, Аллам! Рамазаннан пайда алуым үшін маған денсаулық пен жайлы жағдай бер. Яғни, Рамазан айы келгенде ораза ұстауыма, ғибадат етуіме кедергі келтіретін қолайсыздықтардан сақта дегенді білдіреді.

«Рамазанды мен үшін сақта» дегеннің мағынасы:

Уа, Аллам! Осы бір ерекше берекелі айда өте жоғары жетістіктерге жетуім үшін қабілет бер дегенді білдіреді. Бұл айда көп адамдар сауап жинауға қабілетті, алайда пайда алмайды, себебі бейғам. Осындай адамдарға шынымен де жаның ашиды! Алла Тағала бізді сондай адамдардың қатарынан болудан сақтасын.

«Әрі менен оны қабыл ал» яғни:

Аллаһым! Осы айдағы жасаған амалымның қарымын Өзің уәде еткенсің. Амалдарым қабыл болмай, осы айды бос өткізгендерден болудан сақта - дегенді білдіреді.

_имам Табаранидің "Китабу дуа" кітабы, №912 хадис; сондай-ақ қараңыз "Хаяту сахаба" (3 т., 182 бет) және "Канзул-умәл" (8 т., 584 бет)
1.6K views17:55
Ашу / Түсініктеме
2022-04-05 11:39:07
Фото от Gulmira Iylesbaykizi
1.5K views08:39
Ашу / Түсініктеме