Get Mystery Box with random crypto!

Гүлмира ұстаз | QMDB

Telegram арнасының логотипі namazoqu_gulmiraustaz — Гүлмира ұстаз | QMDB Г
Telegram арнасының логотипі namazoqu_gulmiraustaz — Гүлмира ұстаз | QMDB
Арна мекенжайы: @namazoqu_gulmiraustaz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 3.12K
Арнадан сипаттама

Гүлмира ұстаз

Ratings & Reviews

1.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

3


Соңғы хабарлар 4

2022-04-23 23:12:45 Хазіреті Айша анамыз Пайғамбарымыздан (с.а.у): “Йә Расулуллаһ, Қадір түнінде не деп дұға етейін?”,-деп сұрады.
Сол кезде Пайғамбарымыз (с.а.у) айтты: “Йә Аллаһ Тағала, Сен барша күнәларды кешірусің, кешіруді жақсы көресің, менің де күнәмді кешіре гөр деп дұға ет”, -деді. (Арабшасы: Аллаһуммә иннәкә ъафуун, туһиббул ъафуа, фаъфу ъәнни.)
86 views20:12
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 14:50:42
Видео от Gulmira Iylesbaykizi
43 views11:50
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 19:00:18 Бұл соңғы он күндікте:

- Тозақтан құтылу мүмкіншілігі,
- Қадір түні бар.

Барлық мүмкіндікті пайдаланып қалыңыз. Құлшылығыңызды көбейтіп, жақсылығыңды асырып, садақаңызды беріп, Құраныңызды оқып қалыңыз.
397 views16:00
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 18:59:07 Пайғамбарымыз ﷺ: «Жәннатта Раййан деп аталатын қақпа бар. Ол қақпадан ораза тұтқандардан басқа ешкім кірмейді. Қиямет күні: «Ораза ұстағандар қайда?», – деп жар салынады. Ораза ұстағандар тұрып, сол қақпадан кіреді. Олар кіріп болған соң, қақпа жабылып, олардан басқа ешкім кірмейді» деген.

(Хадисті Сәһл ибн Саъдтан (Алла оған разы болсын) имам Бұхари және имам Муслим риуаят етті)
#жәннат #раййан
408 views15:59
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 18:56:57
412 views15:56
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 18:55:48 Қасиетті “Қадір түні” бар, ораза айының соңғы он күндігі басталды.

Алла Тағала кешірім тілегендерді жаһаннам отынан құтқаратын он күндікте көп ғибадат-құлшылық, Алла Тағала разы болатын көп игілікті істер жасайық!
Мына дұғаны жаттап алайық

«Иә, Алла Тағала расында,
Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!»

«Аллаһуммә иннәкә ‘афуун, тухиббул-‘афуа фа’фу-‘анни».

اللَّهُمَّ إِنَّكَ عُفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي
404 views15:55
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 15:07:16 Қадір түнін Алладан басқа еш кім білмейді. Тек қана Алла біледі. Рамазанның соңғы соңғы 10 түнінен іздеңдер деген х адисте.
530 views12:07
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 15:06:21 РАМАЗАН АЙЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫНА 10 КҮН ҚАЛДЫ.

Құметті бауырлар аңсап күткен қасиетті Рамазан айының аяқталуына 10 күн қалды. Қайырлы айда сауаптан құр қалмайық.

Ғалымдардың айтуынша, жұп күннен тақ күнге өткен түн Қадір түні болмақ. Яғни, ол 20-сынан 21-іне, 22-сінен 23-іне, 24-інен 25-іне, 26-сынан 27-сіне, 28-інен 29-ына қараған түннің бірінде келмек. Яғни, Рамазан айының соңғы он күндігіндегі тақ күндерді назарда ұстаған жөн. Ал мұндай күндердің саны – бесеу.
Алла Тағала «Қадір» сүресінің 1-5 аяттарында:
«Біз шынында, Құранды Қадыр түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні (қасиет және сауап жағынан) мың айдан да қайырлы. Сол түнде періштілер және Жәбірейіл Алланың әмірімен (жер бетіне Алла тағдыр еткен) барлық істерді атқару үшін түседі. Сол бір түн, ағарып таң атқанға дейін амандық-тыныштық түні болады» – деп баяндаған.

Қадыр түнінің мәртебесі туралы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Айлардың мырзасы – рамазан, күндердің мырзасы жұма, түндердің мырзасы — Қадыр түні». Осы түні жасаған құлшылықтарымыз 83 жыл жасалған мінәжәттің сауабына татиды. Ал, бұл түнді жіберіп алған кісі көп нәрседен мақұрым қалады дейді.

Мың айдан да қайырлы Қадір түнінде тілеген тілектеріміз бен құлшылықтарымызды Алла Тағала қабыл еткей!
552 views12:06
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 15:05:23
Фото от Gulmira Iylesbaykizi
520 views12:05
Ашу / Түсініктеме