Get Mystery Box with random crypto!

Гүлмира ұстаз | QMDB

Telegram арнасының логотипі namazoqu_gulmiraustaz — Гүлмира ұстаз | QMDB Г
Telegram арнасының логотипі namazoqu_gulmiraustaz — Гүлмира ұстаз | QMDB
Арна мекенжайы: @namazoqu_gulmiraustaz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 3.12K
Арнадан сипаттама

Гүлмира ұстаз

Ratings & Reviews

1.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

3


Соңғы хабарлар 2

2022-05-08 08:37:39
Фото от Gulmira Iylesbaykizi
387 views05:37
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 12:23:52
162 views09:23
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 12:21:09
ҰШАҚТАН ТҮСІРІЛГЕН БІР БҰЛТ ФОТОСЫ...

Бұлттың қамтыған алаңын қараңыз! Орташа есеппен бір бұлттың салмағы бес жүз тонна шамасы болады (500 тонна!)

Бұл ақиқат жөнінде Құран Кәрім былай дейді:
هُوَ ٱلَّذِی یُرِیكُمُ ٱلۡبَرۡقَ خَوۡفࣰا وَطَمَعࣰا وَیُنشِئُ ٱلسَّحَابَ ٱلثِّقَالَ
*"Сендерге үрейлендіру мен үміттендіру үшін найзағайды көрсеткен, жаңбыр көтерген ауыр бұлттарды аспанда торлатқан Ол (Алла)"* (Рад сүресі, 12-аят)

Бұлт мұншалық ауырлыққа қарамастан қалайша ауада қалқып тұруда? Бұлттың тығыздығы астындағы ауадан да аз, сол себепті астыдағы ауа бұлтты оңай ауада ұстай алуда.

Субһанәкә я Қадир!
184 views09:21
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 10:09:27
Видео от Gulmira Iylesbaykizi
136 views07:09
Ашу / Түсініктеме
2022-05-01 19:21:53 Айт намазы қалай оқылады?

Әйелдерге парыз емес, уйде нәпіл намаз оқысаңыз болады Үйде айт намаз оқылмайды Айт намаз имаммен мешітте оқылады.

АЙТ НАМАЗЫНЫҢ ОҚЫЛУЫ:
Айт намазы екі рәкаттан тұрады. Азан мен қамат айтылмайды. Айт намазының өзге намаздан ерекшелігі, айт намазының әрбір рәкатында үш тәкбір айтылады. Бұл тәкбірлерді орындау – уәжіп. Бұл тәкбірлер бірінші рәкатта қырағаттан бұрын, ал екінші рәкатта қырағаттан кейін айтылады.

Бірінші рәкат: Имам намазды бастағанда, айт намазына ниет етіп «Аллаһу әкбар» деп тәкбір алғаннан кейін, қолын кіндік тұсына байлап, «субханака» дұғасын оқиды.

Жамағат та: «Айт намазын оқуға ниет еттік, ұйыдық имамға», – деп ниет етеді де тәкбір алып, қолдарын кіндік тұсына байлайды да( әйелдер көкрек тұсына қояды қолын.) «сүбханака» дұғасын оқиды.

Артынша имаммен бірге үш рет тәкбір тартады. Имам екі қолын құлақ тұсына апарып «Аллаһу әкбар» деп дауыстап бірінші тәкбірді алады да, қолын кіндік тұсына байламай екі жағына түсіреді. Жамағат артынша бәсең дауыспен имамның тәкбірін қайталап, қолды құлақ тұсына апарып тәкбір алып, имам секілді қолды байламай екі жанына түсіреді. Осылайша екінші және үшінші тәкбір айтылады. Имам үшінші тәкбірді айтқаннан кейін қолды байлап, іштей «ағузу» мен «бисмиллаһты» оқиды. Сосын «Фатиха» сүресі мен қысқа сүре немесе аяттардан дауыстап оқиды. Артынша басқа намаздардағыдай рукуғ пен сәжде жасалады.


Екінші рәкат: Имам мен жамағат екінші рәкатқа тұрады, қол кіндік тұсына байланады. Имам «Фатиха» сүресі мен қосымша бір сүре дауыстап оқиды (жамағат үнсіз тұрады). Артынша бірінші рәкаттағы секілді үш мәрте тәкбір алады, әр тәкбірде (бірінші рәкаттағыдай) қолды кіндік тұсына байламай екі жағына түсіреді. Төртінші мәрте тәкбір айтып рукуғқа барады. Бұл төртінші тәкбір, рукуғтың тәкбірі болып саналады. Артынша сәжде жасалады, соңғы отырыста «әт-Тахият» пен салауат, дұға оқылып намаз тамамдалады.
Ораза құтпасын оқу – сүннет.

Намаздан кейін имам мінберге шығып құтпа оқиды. Құтпада Аллаға шүкіршілік пен мақтаулар, пітір садақасы жайлы айтылғаннан кейін, «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд» деп тәкбір айтады. Жамағат бұл сөздерді имаммен бірге бәсең дауыспен қайталайды. Имам ораза айт құтпасын жұма құтпасы секілді екіге бөліп, арасында аз кідіріспен айтады.
Ораза айтта мешітке бара жатып іштей тәкбір айтылады. Мешітке келгенде, намазға тұратын уақытқа дейін жамағатпен тәкбір айтылады.
110 views16:21
Ашу / Түсініктеме
2022-04-30 22:29:09
Видео от Gulmira Iylesbaykizi
49 views19:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 23:57:02
147 views20:57
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 23:30:14
Фото от Gulmira Iylesbaykizi
166 views20:30
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 06:30:32 Рамазан - ораза айы
Айша анамыздың (р.а.) риуаят етуінше, Алла елшісі ﷺ былай деген: «Қадір түнін рамазан айының соңғы он күнінің тақ түндерінен іздеңдер»
(Бұхари,Ләйләтүл-қадр, 3.).

Рамазан - Құран айы:
Расында, Құранды жатқа білген адам түйелерін тұсаулап ұстайтын ұқыпты бақташы секілді. Егер ол түйелерін әрдайым бұғаулап ұстаса, олардан айырылмайды. Ал егер бос жіберіп қойса, қашып кетеді. (Бұхари, Фәдәилул-Құран 23; Мүслим, Салатул-мусафирин 226, (789); Муатта, Құран, 4, (1, 202); Нәсәи, Салат 37, (2, 154).)
ТҮСІНДІРМЕ: «Бос жіберіп қойса, қашып кетеді» деген сөздер жаттаған аяттарды қайталап тұрмайтын болса, тез ұмытылады дегенді білдіреді.

Рамазан - дұға айы:
Уа, Алла! Харам еткендеріңнен тыйылу үшін маған жеткілікті мөлшерде халал ризығыңнан нәсіп еткейсің! Шексіз рақымыңмен (асқан жомарттығыңмен) мені Өзіңнен басқа ешкімге кіріптар ете көрме!

Уа, Алла тағалам, осы қасиетті айда бір Өзіңнен иманда шынайылық, көркем мінез-құлықпен әрленген иман,
түбі жақсылық болған жетістік, сондай-ақ, мейіріміңе бөлеп, есендік беруіңді, кешірімің мен ризашылығыңды тілеймін!

Уа, Раббым! Маған һәм ата-анама нәсіп еткен нығметтеріңе лайықты түрде шүкіршілік етуді және үнемі Өзіңді разы ететін игілікті істер істеуді көңіліме
ұялатқайсың. Сондай-ақ мені шексіз рақымыңмен игі құлдарыңның қатарына қосқайсың!

Я, Алла! Бізді ашуыңмен жазалама, азаптап қинама.
Бізге жеккөрінішпен қарама. Бәрін де Естуші, Білуші Алладан қарғыс атқан шайтанның арбауынан сақтауды сұраймыз.
166 views03:30
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 06:27:45 Ұстаз Ерлан Ақатаев
Рамазанның соңғы күндерінде балаларыңыз үшін мына дұғаны жасаңыз.
Я, Раббым! Қызымды, ұлымды маған өзің аманат еткендей, оларды өзің қорға, қамқорыңа ал!
Раббым, мені балаларыммен сынама!!!
Я, Раббым! Оларды ашық немесе жасырын жасалған әртүрлі күнәлардан қорға, алыстат.
Я, Раббым! Оларды Кітабына қызмет ететін дінін шын жүректерімен сүйетін, ғибадаттарына барынша мұқият қарайтын, көркем мінезбен безендірілген Салих құлдарыңнан қыл. Дүниедегі ең бақытты және молшылық, кеңдік ішінде өмір сүрген адамдардың қатарында болуларын нәсіп ет.
Я, Раббым! Оларды харам нәрселерден қорға және өзіңнен басқаға мұқтаж етпе.
Я, Раббым! Кітабыңды қорығаныңдай оларды да шайтанның арбауынан қоры.
Я, Раббым! Оларды ең қайырлы келбеттермен, ең таза мінез құлықпен , саған деген сеніммен рызықтандыр.
Я, Раббым!! Оларды түрлі аурулардан қорға. Олармен бірге бақытты өмір сүруімізді нәсіп ет.
Я, Раббым!! Өмірде олардың жақсылықтарымен мені бақытқа бөле және өлімімнен кейін де олардың дұғаларымен мені жарылқа.
Я, Раббым!! Жүрегімнің бірер паршасы болған балаларымды саған аманат еттім. Әр нәрсе Саған аян. Ұлы да Асқақ мәртебеңе лайық түрде оларды қорға.
Я, Раббым! Балаларымызды әртүрлі жамандықтардан, қауіптерден, арам пиғылдардан алыстат. Оларға Ислами сана нәсіп ет. Өзіңе құл, Пайғамбарына (с.ғ.с) үммет ет.
Я, Раббым! Ақылдарын әртүрлі бос нәрселерден тазала. Aқыл мен парасат иесі болуларын нәсіп ет.
Я, Раббым! Нәпсі азғындығына жол берме, оларға дұрыс жол көрсет.
Я, Раббым! Оларға мейіріміңді төк. Оларға ұзақ, бақытты өмір бер.
Өмірлерінің соңына дейін тура жолыңнан тайдырма және ризашылығыңа бөле!
Я, Раббым! Оларға ата - аналарына, барлық Мұхаммед (с.ғ.с) үмметіне жақсылық жасайтындай, қайырлы болатындай көркем мінездер нәсіп ет!
Я, Раббым!!! Бауырлар арасындағы бауырмалдықтарын, махаббаттарын, тазалықтарын арттыр. Бір- біріне жақындастыр. Соңғы демдеріне дейін иман мен Құран жолымен жүруді бұйырт.
Я,Раббым!! Біле тұра айта алмаған, түсіне тұрып жеткізе алмаған адами қасиеттердің ең кемелін бүкіл мұсылман бауырларымның балаларына және өзімнің балаларыма да нәсіп ет.
Я,Раббым, саналарын қайырлы болатын нәрселермен рызықтандыр.
ӘМИН! ӘМИН! ӘМИН!
191 views03:27
Ашу / Түсініктеме