Get Mystery Box with random crypto!

Біздің мырзамыз Ъубада ибн Самит (ол кісіге Алла разы болсын) | Гүлмира ұстаз | QMDB

Біздің мырзамыз Ъубада ибн Самит (ол кісіге Алла разы болсын) Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына (оларға Алла разы болсын) қасиетті Рамазан айы туар алдында төмендегі дұғаны оқуды үйреткенін жеткізеді:

اَللّٰهُمَّ سَلّمْنِيْ لِرَمَضانَ وَسَلّمْ رَمَضانَ لِيْ وَسَلّمْه لِي مُتَقَبَّلا

«Аллаһумма саллимни ли Рамадана уа саллим Рамадана ли уә саллимһу ли мутақаббәлә»

Мағынасы: «Я, Алла! Мені Рамазан үшін сақта, Рамазанды мен үшін сақта және оны менен қабыл ет!»

Түсіндірмесі:

«Мені Рамазанға сақта» дегеннің мағынасы:

Уа, Аллам! Рамазаннан пайда алуым үшін маған денсаулық пен жайлы жағдай бер. Яғни, Рамазан айы келгенде ораза ұстауыма, ғибадат етуіме кедергі келтіретін қолайсыздықтардан сақта дегенді білдіреді.

«Рамазанды мен үшін сақта» дегеннің мағынасы:

Уа, Аллам! Осы бір ерекше берекелі айда өте жоғары жетістіктерге жетуім үшін қабілет бер дегенді білдіреді. Бұл айда көп адамдар сауап жинауға қабілетті, алайда пайда алмайды, себебі бейғам. Осындай адамдарға шынымен де жаның ашиды! Алла Тағала бізді сондай адамдардың қатарынан болудан сақтасын.

«Әрі менен оны қабыл ал» яғни:

Аллаһым! Осы айдағы жасаған амалымның қарымын Өзің уәде еткенсің. Амалдарым қабыл болмай, осы айды бос өткізгендерден болудан сақта - дегенді білдіреді.

_имам Табаранидің "Китабу дуа" кітабы, №912 хадис; сондай-ақ қараңыз "Хаяту сахаба" (3 т., 182 бет) және "Канзул-умәл" (8 т., 584 бет)