Get Mystery Box with random crypto!

*** Жазбайсың ба енді жарығым, Бармаймын ба енді сені іздеп. | Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

***

Жазбайсың ба енді жарығым,
Бармаймын ба енді сені іздеп.
Жетпейміз бе енді бақытқа,
Күтпейсің бе енді күлімдеп?!

Кетесің бе шын тым ұзап,
Сырласпаймыз ба түн ұзақ.
Қалар ма ылғый түн жылап,
Жүреміз бе ылғый тұнжырап.

Айтпаған жанға сырым ең,
Таппаған таңда гүлім ең...
Өзгермейді ме шешімің,
Сағынбайсың ба шынымен?!

Сергелдең ойда сезім жүр,
Таусылып тағат, төзім жүр.
Ұнамай жүрсем дұп-дұрыс,
Жыламай жүрсең өзің біл.

Сен мендесің, мен де сендемін!
Сенемін.

Мейрамбек Абдіқалиев
Телеграм каналыма қосылу үшін басыңыз=> @Meyrambek_poeziya
Кері байланыс => @AbdiqalyevMeyrambek