Get Mystery Box with random crypto!

Тағы бір түн Бұл - Тараздың аспаны Бесқала қайда? Бесқаламда | Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

Тағы бір түн

Бұл - Тараздың аспаны Бесқала қайда?
Бесқаламда аспанға көп қарайлай ма?
Түнгі ызғар басқа, әрине жұлдыздар бөлек.
Ризамын, жалғыз тастап кетпеген айға!

Ойнақы жел ойымды алып ұшқалы,
Санамда сарсаң болды сағыныш тағы.
Мен өзіммен танысып бастадым, иә,
Жалғыздық пен оңаша жолығысқалы.

Ойларымның ойран боп он сан ордасы,
Қайда апарарын білмеймін мына жолбасы?
Бір жұлдыз, сыңғыр етіп күлді үстімнен,
Бейне ол - түн арудың күміс сырғасы.

Маған неге күледі, түсініксіз - ақ осылар...
Түн, табиғат, шырылымен шекіртке де қосылар.
Мен көнемін... әлгі жұлдыз, құлап түсті кенеттен...
Өзі әрең тұр екен, маған күліп несі бар?!

Үнсіздікте осылай, үдеп - үдеп басылар...

Мейрамбек Абдіқалиев
Телеграм каналыма қосылу үшін басыңыз=> @Meyrambek_poeziya
Кері байланыс => @AbdiqalyevMeyrambek