Get Mystery Box with random crypto!

*** Түнемегелі талай түн өтті жүрекке жырдың, Тағдырым неге ж | Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

***

Түнемегелі талай түн өтті жүрекке жырдың,
Тағдырым неге жолыңды мына түнекке бұрдың.
Үлп еткен желге, үкілеп жүрген үмітте сөндің.
Тәңірім...
Тап осы сәтте - таусылған тілекке тұрмын.

Түсініксіз, дос қайсы, жанымда кім жүр,
Бүгінгі мына басымдағы шын бағым ба білдір.
Тағыда ұйқымды ұрлап ап ұяласа мұң,
Жарығым...
Жанымды жегідей жейді жазылмаған жыр.

Көкте бұлт күңіренгенде күрсініп кетем,
Көзаба қожакөрсінге құлшынып нетем?!
Сан рет жаназа оқыды жанды жаралап,
Талай күн...
Өмірлі өлеңдеріме тіршілік деген.

Мүмкін солай дұрыста шығар...

Тараз қаласы
24.06.2022
Телеграм каналыма қосылу үшін басыңыз=> @Meyrambek_poeziya
Кері байланыс => @AbdiqalyevMeyrambek