Get Mystery Box with random crypto!

Суретте танымал бес негізгі математикалық тұрақтыларды байланы | IQM | Математика-физика

Суретте танымал бес негізгі математикалық тұрақтыларды байланыстыратын Эйлер теңдігі көрсетілген. Мұндағы:
e - е саны, натурал логарифмнің негізі, математикалық тұрақты, иррационал және трансцендент сан;
i - жорамал бірлік (і² = -1 болатындай);
π - пи, кез келген шеңбер ұзындығының оның диаметіне қатынасын сипаттайтын математикалық тұрақты шама;
1 - бірлік, 0 мен 2 арасында жатқан әрі ең кіші натурал сан, жеке объектінің сандық шамасы;
0 - ноль, оң және теріс сандар арасында жатқан және оларды бөлетін бүтін сан.
#қызықтыақпарат #сандар