Get Mystery Box with random crypto!

3,14.. Осы үш цифрмен басталатын сан көптеген заңдылықтардың н | IQM | Математика-физика

3,14.. Осы үш цифрмен басталатын сан көптеген заңдылықтардың негізінде жатыр. Бірақ, неге 3,14..?
π саны шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы екенін барлығымыз білеміз. Ал егер диаметр емес, радиуске қатынасы болса ше? Әрине, ол кезде бұл сан 6,28.. болар еді. Қазіргі таңда π санының орнына τ=6,28.. (τ - тау) деген мәнді қолдануды құп көретін математиктер көбейіп келеді. Радиус ұғымы диаметрге қарағанда кең қолданыста; τ=2π болғандықтан π-ді екі еселеп отырудың керегі жоқ, ал 2π қолданылатын есептеулер сирек емес; 360°=2π және тағы да басқа себептермен τ-ды қолданған ыңғайлы деп санайды. Бірақ π біздің санамызға, мәдениетімізге жылдар бойы сіңісіп кетті. Ал сіз бұған байланысты не ойлайсыз?
#қызықтыақпарат #сандар