Get Mystery Box with random crypto!

Үздіксіз бөлшек - суретте көрсетілген түрдегі шекті немесе шек | IQM | Математика-физика

Үздіксіз бөлшек - суретте көрсетілген түрдегі шекті немесе шексіз математикалық өрнек (а₀ - бүтін, қалған аₙ - натурал сан). Үздіксіз бөлшекті қысқаша [а₀;а₁;а₂;...] түрінде белгілейді. Барлық нақты сандарды үздіксіз бөлшек түрінде жазуға болады; және рационал сандар тек қана шекті үздіксіз бөлшек түрінде жазуға болады. Үздіксіз бөлшектердің ғылымға пайдасы зор. Мәселен, нақты сандардың жай бөлшек түріндегі жуық мәндерін табуға болады. Үздіксіз бөлшектің сандар теориясы мен сандық талдауда орны ерекше, сонымен қатар математикалық анализ бен басқа математика салаларында, физика, механика, техника және т.б. қолданбалы қызмет салаларында да қолданылады.
#қызықтыақпарат