Get Mystery Box with random crypto!

Парабола деп берілген нүкте мен түзуден (фокус және директриса | IQM | Математика-физика

Парабола деп берілген нүкте мен түзуден (фокус және директриса) бірдей қашықтықта жатқан нүктелердің геометриялық орнын айтамыз. Параболаның оптикалық қасиеті жайлы айтсақ: Парабола осіне параллель сәулелер параболаға шағылысып, оның фокусында жиналады; және керісінше фокустан шашыраған сәулелер параболаға шағылысса, параллель сәулелер жиынын құрайды. Оның бұл қасиеті спутниктік антенналарда, телескоптарда, прожекторларда, және т.с.с. жобаларда және математика, физика, астрономияда кең қолданыс тапты.
#қызықтыақпарат