Get Mystery Box with random crypto!

Алдыңғы постта геометриялық ойын - EUCLIDEA жайлы айтқанмын. | IQM | Математика-физика

Алдыңғы постта геометриялық ойын - EUCLIDEA жайлы айтқанмын. Назарларыңызға осының құрастырушыларынан тағы бір геометриялық ойын - ПИФАГОРИЯ. Ойын шарты сол баяғыша - салуға (сызуға) берілетін тапсырмалар. Тек бір ерекшелігі - мұнда барлығы (дәптердегідей) тор көзде болады. Сонымен қатар тек нүктелер салуға, сол нүктелермен кесінді сызуға болады, басқа құралдар жоқ. 30-ға жуық тарау және 380-ге жуық тапсырмалар бар. Осы ойын арқылы сіз өзіңіздің геометриялық ойлау қабілетіңізді арттыра аласыз.
Ойын толықтай тегін әрі жарнамасыз
#кеңес #ойын
Сілтемесі төменде