Get Mystery Box with random crypto!

5G Қазақстанда қашан қолжетімді болады? Цифрлық даму, инновац | Мәссаған... масқара!!!

5G Қазақстанда қашан қолжетімді болады?

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек "Цифрлық Қазақстанға бетбұрыс" атты халықаралық форумында Қазақстанда 5G қашан қолжетімді болатыны туралы сауалға жауап берді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысы 5G желісімен қамтылған.

Вице-министрдің cөзіне сенсек, ведомствоның 5G желісін енгізу бойынша нақты ұстанымы бар. Бұл жұмысты министрлік телекоммуникация операторларымен бірге атқарады.

"Меніңше, алдағы екі жылдың ішінде тұрғындар еліміздің аумағында 5G желісінің қолжетімділігін сезеді", – деп атап өтті Асхат Оразбек.

@massagan_maskara