Get Mystery Box with random crypto!

Алматыда ер адам автобуста бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жас | Мәссаған... масқара!!!

Алматыда ер адам автобуста бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жасады

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін өлтірмек болып, пышақпен шабуыл жасаған. Жаға ұстатарлық видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Белсенді Дина Смаилованың мәліметіне сәйкес, оқиға 31 шілдеде 22:30 шамасында №38 автобуста болған. Ер адам бұрынғы әйелін төрт күн бойы аңдыған. Алайда әйел жұмысынан басқа есік арқылы шығып, қашып жүрген. Сол күні ер адам әйелді алдап, артынан еріп автобусқа бірге мінген.

Алатау ауданында полицейлер ер адамды тек 15 тәулікке қамауға алған. Алайда құқық қорғаушы мұндай жазамен келіспеді. Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.

Фото: видеодан үзінді

@massagan_maskara