Get Mystery Box with random crypto!

Павлодар облысының тұрғынын үш ауылдасы буындырып өлтірген Па | Мәссаған... масқара!!!

Павлодар облысының тұрғынын үш ауылдасы буындырып өлтірген

Павлодар облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына Железинск ауданындағы кісі өліміне қатысты қылмыстық іс түскен. Іс материалдарына сәйкес, үш азамат ауылдасын буындырып өлтірген.

Әкесі мен ұлы және тағы бір ауыл тұрғынына жанжал кезінде жерлестерін буындырып өлтірді деген айып тағылған. Төбелестен кейін 49 жастағы үй иесі марқұмның мойнына капрон жіп салып, буындыра бастаған. Жіп үзіліп кеткен соң, қонаққа келген ауыл тұрғыны оған металл арқан алып келген. Ал бұл кезде 29 жастағы ұлы марқұмды ұстап тұрған.

Ер адам мерт болған соң үй иесі, ұлы мен ауылдасы мәйітті ауыл сыртына шығарып, орманда көміп тастаған.

@massagan_maskara