Get Mystery Box with random crypto!

Петропавлда мүгедектігі бар қыз топпен зорланған Петропавлда | Мәссаған... масқара!!!

Петропавлда мүгедектігі бар қыз топпен зорланған

Петропавлда мүгедектігі бар қызды үш ер адамның зорлағаны жайында ақпарат әлеуметтік желіде таралды. Полиция екі күдіктіні анықтады.

Оқиға 3 тамызда болған. Зардап шеккен арудың танысының айтуынша, ол бойжеткеннің ақыл-есінің кемістігі бар, анасы да ауырады. Көпқабатты үйдің ауласында әткеншек теуіп отырған жерінен оны көршілерінің бірі қасындағы жалға берілетін пәтерге алып кеткен. Ол жерде тағы екі ер адам болған. Тек таңертең ғана жіберген.

Полиция мәліметінше, СҚО-ның 48 және 32 жастағы екі тұрғыны ұсталған.

“Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Қалған ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді”, – дейді полиция департаментінен.

@massagan_maskara