Get Mystery Box with random crypto!

Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам көз жұмды Алматы облыс | Мәссаған... масқара!!!

Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам көз жұмды

Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам көз жұмды. Тағы екі адам жарақат алған.

Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, 4 тамызда 16:20 шамасында Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ жарақатын алған үш адам жеткізілген. Алайда жансақтау бөліміне жеткізілген соң жарақат алғандардың бірі көз жұмған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жергілікті тұрғындар арасында атыс болған. Қазір жанжалға қатысқандардың жеке тұлғасы анықталған, оларды қолға түсіру бойынша шаралар жүзеге асырылып жатыр.

@massagan_maskara