Get Mystery Box with random crypto!

Тамақтану әдетімді өзгертуді бұрыннан ойлап жүрмін. Өйткені жа | Marfuga Shapian

Тамақтану әдетімді өзгертуді бұрыннан ойлап жүрмін. Өйткені жас та болсақ, белгілі бір ауруларымыз бар. Дәрігерге жүгінсек олар «Дұрыс тамақтаныңыз, қуырылған жемеңіз, тәтті жемеңіз, ұнды тағамдарды азайтыңыз. Бәрі тамақтан» деп жатады. Коронавирустың бір пайдасы десек те болар, соңғы кезде өзімнің әрі отбасымның денсаулығы туралы шындап ойланып, аурудың алдын алғым келді. Амал – бізден, шипа – Алладан.

Осыған дейінгінің бәрі дайындық болатын. Төменде ертеңнен бастап енгізетін әдеттерімнің тізімі. Біріңізге болмаса, біріңізге пайдалы боп қалар деп жазып отырмын. Бір айдан соң нәтижесін тағы жазамын, бұйыртса.

• Ояна сала аш қарынға 500 мл жылы су ішу;
• Тамақ ішіп отырғанда телефон ұстамау, кітап оқымау, тек тамақ туралы ойлау. Себебі, басқа нәрсеге алданып отырып, байқамай тамақты көп жеп қоюың мүмкін;
• Шанышқы қағидасы. Аузыңа тамақ салған соң қасығыңды не шанышқыңды қолыңда ұстап отырмай, үстелге қоя тұру. Бұл аузыңыздағы тамақты дұрыс шайнауға көмектеседі;
• Үстел басында 20 минуттан артық отырмау, қажет болса таймер қойып қою;
• Консервіленген, қуырылған тағамдардан, полуфабрикаттан бас тарту;
• Глютен, қантты және сиыр сүтінен жасалған тағамдардан бас тарту;
• Таңғы асты оянған соң 1 сағат ішінде ішу;
• Таңғы асқа ақуыз+май (мыс: топл майға пісірілген жұмыртқа) жеу;
• Түскі асқа ақуыз+бұқтырылған көкөніс+май (мыс: ет, қызанақ, қиярды зәйтүн майына араластырып салат);
• Кешкі асқа қиын көмірсу (көкөніс сорпалары, күріш, қарақұмық) жеу;
• Ақуызды тағамдарды кешкі 17.00-ге дейін жеп алу және жанына міндетті түрде көк шөп қосу;
• Күніне сорпа ішу;
• Тамақты тек жануар майына пісіру;
• Күні бойы 2,5 л су ішу;
• 19.00-ден кейін суды азайту;
• Витаминдерімді уақтылы ішу;
• Өлшеулі мөлшерде жеміс-жидек жеу.

Аптасына 1 күн өзіме қалағанымды жеуге рұқсат беремін. Ал қалған уақытта барынша ұстануға тырысамын. Нәтижесін осында салып тұрармын.


#марфу_жекедаму #тамақтану #жақсыәдет #әдет