Get Mystery Box with random crypto!

Өлім жайлы аз ойланамыз-ау біздер деген. Күні кеше бір жағдай | Marfuga Shapian

Өлім жайлы аз ойланамыз-ау біздер деген. Күні кеше бір жағдай жүрегімді ауыртты. Инстаграмда бір оқырманым бар еді. Аракідік сөйлесіп қалатынбыз. Кейін кітаптарымызды алды. Тіпті уатсапта да сөйлескенбіз. Енді бірер күн бұрын сол кісінің уатсабынан "А... қа уақыт болды. Жаназа намазы ертең 11.00-де" деген хат кеп тұр.

Жан дүнием алай-дүлей боп кетті. Талай өлім туралы естіп жүрміз ғой. Бұл жерде әсер еткені "уақыт болды" дегкен сөз сияқты. Бәріміздің де бір күні уақытымыз бітеді...

Ех! Қандай ауыр еді... Бастысы Алланың алдында жүзіміз жарық болғай!