Get Mystery Box with random crypto!

МЕН ЖАСАҒАН ҚАТЕЛІК ПЕН ӨМІРДЕН АЛҒАН САБАҚ Осының алдындағы | Манарбек Мергенгалиев

МЕН ЖАСАҒАН ҚАТЕЛІК ПЕН ӨМІРДЕН АЛҒАН САБАҚ

Осының алдындағы постты оқыған болсаңыз, 2 жылда жақсы нәтижеге жету үшін, көптеген қателіктер жасадым деп айтқан болатынмын

Бүгін басты жасаған қателігімді айтамын!

2019 жылы алғашқы курсымды бастаған кезде, өзімнен әлдеқайда жоғары, дамыған конкуренттердің әрекетін жасаймын деп көтере алмайтын жүкті беліме байладым

Конкуренттер курсқа қатысқан жандардың арасында Тойота 70 машинасын ойнатып жатса, ал мен "Лада Гранта" көлігін ойнатамын деп жарнама бердім

12 000 тг-ден 1000 адам курсқа қатысса, 12 000 000 тг табыс табамын деп ақша ойлап кеттім!

7 000 000 тг сыйлық алуға жіберіп, 5 000 000 тг қалтамда қалады деп жоспарладым!

Енді курс ұйымдастырып жүрген мен 1000 адам тұрмақ, 50 адамды курсқа шаққа жаздым

Осылайша конкурс ойнатамын деген жоспарым бұзылды

Бірақ, осы сәттен керемет сабақ алдым Адамға сыйлық беру арқылы білім алуға ұмтылдыру өте қате екен!

Адамдар сыйлық үшін ғана курсқа қатысқан Ал, менің негізгі мақсатым - қазақ аудиториясына Интернет Маркетинг бойынша білім беріп, қызықтыру болды.

Дәл осы қателігім 6 айдан кейін, одан да үлкен қателіктің алдын алуға көмектесті.

Түйін: қандай жағдай болмасын, барлығын да жақсылыққа жору.

Ешқашан тоқтамау, әрқашан да алға ұмтылып, жаңа шыңдарды бағындыру!

Аз аздан жасап, жетістікке жету!

БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК!