Get Mystery Box with random crypto!

2 ЖЫЛДЫҚ ӨМІРІМІЗДЕГІ КЕРЕМЕТ ӨЗГЕРІСТЕР Осыдан тура 2 жыл | Манарбек Мергенгалиев

2 ЖЫЛДЫҚ ӨМІРІМІЗДЕГІ КЕРЕМЕТ ӨЗГЕРІСТЕР

Осыдан тура 2 жыл бұрын, Бизнес Бастау кәсіпкерлік мектебінен кетіп, өзімнің жеке бағытыммен жұмысымды бастадым

Әлі де өз өзіне сенімсіз Манарбек болдым

Айым екеуміздің ойымызға қандай идея келеді әйтеуір жасап көре бердік!

Көптеген қателіктер жасап, әлі жұмысымызды дұрыс бастамай, адамдардың бізге деген сенімін айырылып бастадық...

Сырт көзге барлығы керемет, бірақ ішімізде алай-дүлей

Сеніп баратын, проблемамызды айтатын ешкім жоқ Барлық жауапкершілік мойнымызда!

Бірақ, менің бір түсінгенім кез келген тығырықтан, қиындықтан жол тауып шығуға болады екен

Алла Тағалы адамға көтере алмайтын жүкті бермейтінін сол кезде шынайы түсіндім

Қазір ойланып, анализ жасап қарасам, бар болғаны 2-ақ жылдың ішінде қаншама сабақтар мен білімдер алып, табысқа да жетіппіз. Әйтеуір бір әрекет етіп еңбектенудеміз

Қателік жасау, қиындыққа кезігіп, тығырыққа тірелу, оның шешімін тауып шығу, адамды шыңдап, одан да үлкен қателіктің болмауына өз септігін тигізеді екен

Қазір сіздің өміріңізде қиындық болса қуаныңыз, себебі сіз шыңдалудасыз, қайрақпен қайралғандай, алдағы уақытта кезігетін кедергілерді қиып түсетіндей алмас болудасыз

Енді сізге сұрақ: сіздің өміріңізде болған ең үлкен қиын кезең немесе қатты сабақ берген қателік қандай болды

Ал мені шыңдаған, сабақ берген қателіктерім жайлы ертеңгі постыма жазатын боламын