Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар

Telegram арнасының логотипі kznewstg — Жаңалықтар Ж
Telegram арнасының логотипі kznewstg — Жаңалықтар
Арна мекенжайы: @kznewstg
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.01K
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿 Бізбен бірге бір толқында болыңыз!
❗РЕКЛАМАДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ, БІЗ РЕКЛАМАҒА ЖАУАП БЕРМЕЙМІЗ❗
👨‍💻 РЕКЛАМА:

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2022-03-19 19:50:38
Нұр-Сұлтанға жақын жерде пойыз жиырма шақты жылқыны қағып кетті, деп хабарлады Қазақстан ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 18 наурыз күні сағат 03.00 шамасында Нұр-Сұлтаннан 60 шақырым жердегі Еркіншілік-Сарыоба учаскесінде болған. Жүк пойызының машинисі қараңғы уақытта темір жолда жүрген малдарды бірден байқамай, 20 бас жылқыны қағып Тексеру барысында көлік полицейлері 44 жастағы малшыны анықтады.

Ол түнгі уақытта жылқыларды қараусыз қалдырған.  Ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 559-бабы, яғни темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР
2.6K views16:50
Ашу / Түсініктеме
2022-03-17 18:39:19
Ұлттық қауіспсіздік комитеті 400 мың АҚШ  долларынан астам ақшаны елден алып кетпек болғандарды ұстады. 

ҰҚК ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау шеңберінде 15 наурызда шекарашылар Алматы қаласының халықаралық әуежайында елден 400 мың АҚШ долларынан астам ақша әкету әрекетінің жолын кесті. Олардың бір бөлігі қос түбі бар сөмкеде тексеруден жасырылды.

2022 жылғы 25 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҰҚК Шекара қызметі 900 миллион теңгеден астам сомаға декларацияланбаған қолма-қол ақшаны елден әкетудің алдын алды. ҰҚК Шекара қызметі шетелге шығу кезінде құқық бұзушылықты болдырмау үшін ҚР қаржы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.  

ЖАҢАЛЫҚТАР
2.6K views15:39
Ашу / Түсініктеме
2022-03-15 17:45:35
«Жалпы есеп бойынша, елімізде 90 мың тонна қант бар. Оның 38 мыңы тұрақтандыру қорлары мен сауда нысандарында, қант зауыттарында – 47 мың тонна, Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қорында 2,5 мың тонна қант бар.

Соңғы кездегі қант тапшылығы туындайды деген ақпарат негізсіз. Қазіргі қолдағы бар қанттың көлемі есебінен және ЕЭО шешіміне сәйкес 250 мың тонна БАЖЖ салығынан босатылатын қант көлемінің арқасында ішкі нарықты осы жылы толықтай қантпен қамтамасыз ете аламыз»,- деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Назгүл Хатепова.

ЖАҢАЛЫҚТАР
3.0K views14:45
Ашу / Түсініктеме
2022-03-13 19:05:20
Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген Антикор хабарламасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатқанын атап өтті.

"Тергеу жүріп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", - деді ведомство өкілдері.

ЖАҢАЛЫҚТАР
2.7K views16:05
Ашу / Түсініктеме
2022-03-12 06:35:09
Air Astana Ресейге ұшатын барлық рейсті тоқтатты.

«Air Astana Ресей Федерациясына және сол жақтан келетін коммерциялық рейстерді сақтандыру өтелімінің тоқтатылуына байланысты Ресейге қатынайтын және оның әуе кеңістігі арқылы ұшатын барлық рейсті тоқтатады», - делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Қазіргі уақытта Министрлік рейстерді жедел қалпына келтіру үшін мүдделі тараптармен осы мәселелерді шұғыл түрде «Эйр Астана» әуекомпаниясымен бірлесіп шешіп жатыр.

Тоқтатылған рейстердің жолаушылары авиабилетті сатып алу орны бойынша авиабилет құнын толық қайтаруды ресімдей алады.

ЖАҢАЛЫҚТАР
2.6K views03:35
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 11:24:59 "АвтоВАЗ" концерні 1 наурыздан бастап LADA автомобильдерінің бағасын күрт өсірді. Модельдік қатардағы орташа өсім - шамамен 15%.

Қазіргі бағаға сәйкес, қазір ең арза Lada Granta 685 мың рубль немесе 7 мың доллар ға сатылады(+14%). Ал Vesta – 1 миллион 33 мың рубль немесе 10,5 мың доллар (+20%), Largus Universal – 1 миллион 77 мың рубль немесе 10,9 мың доллар (+30%), Xray – 1 миллион 10 мың рубль немесе 10 мың доллар (+22%), Niva Legend – 777 мың рубль немесе 8 мың доллар (+9%), Niva travel болса, бір миллион 4 мың рубль немесе 10 мың доллар (+14%).

Осымен баға бір жылда екінші рет көтеріліп тұр. Әдетте өсім 1-3%-тен аспайтын.

АвтоВАЗ толық өндіріс циклі бойынша автомобильдер мен Lada және Renault-ға арналған компоненттер шығарады. Зауыттар Тольятти мен Ижевскіде орналасқан.

Lada бренді бес модельден тұрады: Vesta, Xray, Largus, Granta және Niva. Брендтің ресейлік автомобиль нарығында 20%-тен астам үлесі бар. Жиырмадан астам елде ұсынылған.

Еуропалық бизнес қауымдастығының мәліметі боынша компания 2021 жылы Ресейдегі 350,7 мың көлік сатқан. Өсім - 2%.

ЖАҢАЛЫҚТАР
384 views08:24
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 11:24:57
351 views08:24
Ашу / Түсініктеме
2022-03-01 16:17:46
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
ЕҢ ҰТЫМДЫ ОЙЫН - ПЕНАЛЬТИ

Промокодты пайдалануға асығыңыз: HOTKZ

ПЕНАЛЬТИ - ЕҢ ЖЕҢІЛ ҰТЫСТАР

Сізді:
140.000 теңге алғашқы бонус
казинодағы фриспиндер
кэшбек, акциялар және сыйлықтар күтеді

MOSTBET сайтында екі клик арқылы тіркеліп, МИЛЛИОНДАҒАН теңге ұтып ал!
313 views13:17
Ашу / Түсініктеме
2022-02-27 18:38:52
• Украина азаматы қолымен танкті итеріп, оның алдында тізе бүгіп тоқтатуға тырысты. Ресей Украинаның Бахмач қаласына шабуылын жалғастыруда.

: trtworld

ЖАҢАЛЫҚТАР
877 views15:38
Ашу / Түсініктеме
2022-02-27 16:45:22
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
ЕҢ ҰТЫМДЫ ОЙЫН - АВИАТОР

Промокодты пайдалануға асығыңыз: HOTKZ

АВИАТОР - ЕҢ ЖЕҢІЛ ҰТЫСТАР

Сізді:
140.000 теңге алғашқы бонус
казинодағы фриспиндер
кэшбек, акциялар және сыйлықтар күтеді

MOSTBET сайтында екі клик арқылы тіркеліп, МИЛЛИОНДАҒАН теңге ұтып ал!
784 views13:45
Ашу / Түсініктеме