Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар

Telegram арнасының логотипі kznewstg — Жаңалықтар Ж
Telegram арнасының логотипі kznewstg — Жаңалықтар
Арна мекенжайы: @kznewstg
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.01K
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿 Бізбен бірге бір толқында болыңыз!
❗РЕКЛАМАДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ, БІЗ РЕКЛАМАҒА ЖАУАП БЕРМЕЙМІЗ❗
👨‍💻 РЕКЛАМА:

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 12

2022-04-10 08:42:49
Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапониялық боксшы Риота Муратаны (16-2, 13 КО) жеңді.

ЖАҢАЛЫҚТАР
2.0K views05:42
Ашу / Түсініктеме
2022-04-08 08:24:58
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты бас лицензиясынан айырылды. Мұндай шешімді Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шығарды.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің мәлімдеуінше, университетте білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары мен біліктілік талаптары сақталмаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР
2.1K views05:24
Ашу / Түсініктеме
2022-04-06 08:26:18 Түлектердің енді грантқа түсуге екі мүмкіндігі болады.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Instagram-да грантқа түсу үшін ҰБТ тапсыруға екі рет мүмкіндік беруді сұрап мені белгілеген бірнеше жазбаны көзім шалды. Шешім қабылдағанда мектеп оқушыларының мүддесіне басымдық бердік. Сондықтан бұл жолы біз сіздің пайдаңызға шешім қабылдадық, сіздің ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндігіңіз бар. Бұл эмоционалдық жүктеме мен стрессті азайтады», - деді Білім министрі түлектерге арнаған үндеуінде.

Сонымен қатар ыңғайлы болу үшін калькулятор пайдалануға рұқсат берілген. Әрі биыл тағы 15 мың грант бөлініп, шәкіртақы мөлшері 15 пайызға өскен.

ЖАҢАЛЫҚТАР
2.1K viewsedited  05:26
Ашу / Түсініктеме
2022-04-04 07:33:21
Қорғаныс министрлігі әскери киім кию ережесіне өзгертулер әзірледі. Ведомство басшысының бұйрық жобасы талқылауға шығарылған. 

«Бұйрық жобасын қабылдау құқықтық нормаларға сәйкес келтіруге, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Әскери киім нысаны мен айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерін кию ережелерінің кейбір қағидаларын нақтылауға мүмкіндік береді», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Ведмоствоның атап өтуінше, жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық және өзге де салдарға әкеп соқтырмайды, қосымша қаржы қаражаты талап етілмейді.

Бұйрықтың толық мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында танысуға болады. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14041366 Құжат 2022 жылдың 7 сәуіріне дейін жария талқылауға шығарылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР
2.1K views04:33
Ашу / Түсініктеме
2022-04-01 18:10:23
Ақтөбеде тасқын суға батып кете жаздаған қызды құтқарып қалған жігіттердің бірі оқиғаның қалай болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

31 наурызда Батыс-2 шағынауданында қыз бала жолды өтіп бара жатқан сәтінде тасқын суға түсіп кетіп, өлім аузынан қалды. Сол маңдағы фитнес клубта болған жігіттердің бірі оқушыны қалай құтқарғандарын айтты.

«Залда тазалау жұмыстарын жүргізіп жаттық. Терезеден жолдың құрғақ шетімен қыз баланың кетіп бара жатқанын көрдік. Сол сәтте ол арыққа құлап кетті. Санаулы секундтың ішінде ағын су оны құбырға дейін сүйреп жіберді. Судың бетінде басы ғана көрініп тұрды. Күзетші және менімен бірге тағы бір жігіт үшеуміз бірден көмекке жүгіріп бардық. Қызды шығара алмай жатқанымызды көрген жігіттер де көмекке келді. Қыздың киімі арматураға ілініп қалған екен. Оны шығарып алғаннан кейін бірден киіндіріп, көтеріп алып спорт залына алып бардық. Сол жерден жылы душқа жуынуға жібердік», -дейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР
2.2K views15:10
Ашу / Түсініктеме
2022-03-30 07:55:14
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысында жоғалған 345 қару әлі табылмады.

«Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қызметтік қарудың 345 данасы табылмай тұр. Кеше осыған орай жеке құрамды оның ішінде ұлттық ұланнан 150 қызметкер алып, сонымен қатар қалалық басқарманың мамандарымен бірлестіріп 370 адам Қапал, Ақсу, Қарабұлақ ауылдарын аралау кезінде 3 оққағар тапты»,- деді Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Сонымен қатар, полиция бастығы қаңтар бүлігінде ұрланған қаруды қайтарып бергендерге ешқандай жаза қолданылмайтынын, яғни әкеп берген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР
2.5K views04:55
Ашу / Түсініктеме
2022-03-28 16:07:19
Дәрігерлер жалақысы тағы көбейетін болды.

2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысы орта есеппен 550 мың теңгеден асады және Қазақстандағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студентерімен кездесуінде айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР
2.4K views13:07
Ашу / Түсініктеме
2022-03-27 19:06:28
Ақтөбедегі тасжолда жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам қаза тапты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Лада» көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жол талғамайтын көлікпен соқтығысқан.
«Нокина даңғылымен келе жатқан Lada көлігінің 39 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Land Cruiser Prado көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан «Лада» көлігінің жүргізушісі мен оның жеке басы анықталмаған жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі дене жарақатымен жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Полиция департаменті көліктің барлық қатысушыларын жол қауіпсіздігі үшін жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР
2.5K views16:06
Ашу / Түсініктеме
2022-03-26 05:58:57
Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мекеме ішінде маска тағу талабының күшін жоятын қаулыға қол қойды.

«Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 қаулысына қол қойылды.

Осы қаулымен «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулының күші жойылды.

Жаңа қаулыға сәйкес:
- маска тағу міндетті медициналық ұйымдарды (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) қоспағанда үй-жайларда міндетті түрде маска кию алынып тасталды. Сондай-ақ халық көп жиналатын орындарда, қоғамдық және әуе көліктерінде, ұйымдасқан ұжымдарда медициналық масканы пайдалану ұсыным сипатында қалдырылды;
- объектілерде санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтау бойынша ерекше талаптар алып тасталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР
2.4K views02:58
Ашу / Түсініктеме
2022-03-24 08:24:16
Самара кеденшілері Қазақстанға 488 тоннаға жуық бидай мен 67 тонна түйіршіктелген қантты жібермеді.

Бұл туралы Ресейдің Федералдық кеден қызметі мәлімдеді,деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Самара кеденшілері Қазақстанға теміржол арқылы 488 тоннаға жуық бидай мен 67 тонна қантты заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті», делінген хабарламада.

Хабарламада көрсетілгендей,Орынбор облысының Илецк-1 теміржол станциясында кеденшілер тасымалдауға тыйым салынған жеті вагон астық пен бір вагон қантты тапты. Тауар жіберушіге қайтарылмақ.
15 наурыздан бастап дәнді-дақылдар мен қантты Ресейден экспорттауға тыйым салды.
Астықты әкетуге салынған тыйым 2022 жылғы 30 маусымға дейін, қантқа – 2022 жылғы 31 тамызға дейін қолданылады. Самара кедені шектеулер енгізілгеннен бері рұқсатсыз жүк тасымалдаған 21 жүк көлігін анықтады. Оның ішінде 20 тонна арпа, 26 тонна тұрмыстық техника, 7,5 тонна автокөлік бөлшектері, 36 тонна трансформаторлар мен олардың құрамдас бөліктері, қоғамдық тамақтану орындарының технологиялық жабдықтары бар екен.
2.3K views05:24
Ашу / Түсініктеме