Get Mystery Box with random crypto!

Қазақша кітаптар

Telegram арнасының логотипі kzkitap — Қазақша кітаптар Қ
Telegram арнасының логотипі kzkitap — Қазақша кітаптар
Арна мекенжайы: @kzkitap
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 61.90K
Арнадан сипаттама

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 63

2022-02-02 18:41:19 Армысыздар, құрметті @kzkitap арнасының тұрақты оқырмандары! Қаңтар айының 25-ші жұлдызынан бастап ақпанның 1-не дейін жалғасқан байқауға 216 әңгіме келіп түсті. Оның барлығын @kiskaangimeler арнасынан оқи аласыздар. Ұйымдастырушылар ұсынылған шығармаларды…
4.3K views15:41
Ашу / Түсініктеме
2022-02-02 17:09:50 Қазақша кітаптар pinned «Армысыздар, құрметті @kzkitap арнасының тұрақты оқырмандары! Қаңтар айының 25-ші жұлдызынан бастап ақпанның 1-не дейін жалғасқан байқауға 216 әңгіме келіп түсті. Оның барлығын @kiskaangimeler арнасынан оқи аласыздар. Ұйымдастырушылар ұсынылған шығармаларды…»
14:09
Ашу / Түсініктеме
2022-02-02 17:01:45 Армысыздар, құрметті @kzkitap арнасының тұрақты оқырмандары!

Қаңтар айының 25-ші жұлдызынан бастап ақпанның 1-не дейін жалғасқан байқауға 216 әңгіме келіп түсті. Оның барлығын @kiskaangimeler арнасынан оқи аласыздар. Ұйымдастырушылар ұсынылған шығармаларды мұқият оқып, ережеге сай астарлы, креативті, көркем жазылған 6 жазбаны үздік "ең қысқа әңгіме" деп таныды.

Жеңімпаздар тізімі:

№66 қатысушы
@Aiaulym_2204

№16 қатысушы
@AbdiqalyevMeyrambek

№176 қатысушы
@waikikish

№56 қатысушы
@Balnur_aqyn

№6 қатысушы
@Nassiii7

№165 қатысушы
@leader_mariya

Сонымен қатар белгілі жазушы Торғын Жолдасбекқызы байқау ұйымдастырушыларын қолдау мақсатында "Ең қысқа әңгіме" сайысына өз шығармасын ұсынып, бір ауыздан арнайы жүлдеге ие болды. Құттықтаймыз! Сыйлықтар жөнінде @Assellbay-ға жазыңыздар.

Расында, қысқа әңгіме жазу өте қиын. Айтар ойды дәл, жүйелі жеткізу, әңгіменің құрылымын сақтау, идеясын нақты беру бәрі-бәрі — автор шеберлігінің көрінісі. Екінші жыл қатар өтіп жатқан "Ең қысқа әңгіме" байқауының мақсаты да жазуға икемі бар оқырмандарға шабыт беру, қазақ әдебиетіне деген сұранысты арттыру, креативті ойлауға бейімдеу. Діттеген мақсатымызға жеттік деген үміттеміз:)

P.S. Байқау жайлы ақпараттың таралуына SMM бойынша көмек көрсеткен сценарист Перизат Мырзахметке және серіктес телеграм арна әкімшілеріне алғысымызды білдіреміз.
5.1K views14:01
Ашу / Түсініктеме
2022-01-31 07:10:40
Белгілі қаламгер Н.Ғабдуллиннің бұл жинағына жас жеткіншектер өмірінің қыры мен сыры қызықты да тартымды бейнеленген әңгімелері мен повестері беріліп отыр.

Нығмет Ғабдуллин - Алғашқы сапар
1.4K views04:10
Ашу / Түсініктеме
2022-01-31 05:38:34 6 ақпан күні "Жексенбілік талқылау" айдарында Теодор Драйзердің 'Аяулы Керри" романы талқыланады.

Осы топта: @kitaptaldau
190 views02:38
Ашу / Түсініктеме
2022-01-29 10:38:14 #Байқаудан_тыс

Ғаламторда кеңінен таралған ең үздік, ең қысқа әңгімелер топтамасы. Аудармасы тура түпнұсқадай болмаса да, мағынасын бұзбай, мәнін жоғалтпай беруге тырыстық.

1. Балаларға арналған аяқ киім сатылады. Киілмеген. (For sale: baby shoes, never worn).

2. Бейтаныс жандар. Достар. Ең жақын достар. Көңілдестер. Бейтаныс жандар.

3. “Сіз нөмірден жаңылыстыңыз”, – деді бір таныс дауыс.

4. Жолаушылар, сіздерге хабарлап тұрған капитан емес.

5. Маған анам қырынуды үйретті.

6. Мен өзім үшін жаралған адамды жолықтырдым. Ал, ол жоқ...

7. Менің көлеңкем жаңа ғана маған ымдағандай болды.

8. Парашют сатылады: ешқашан ашылмаған, аздаған дақтары бар.

9. Бұл біздің алтын тойымыз. Бір кісілік үстел дайындаңызшы.

10. Бүгін мен тағы да анамның жанында болғансыдым.

11. Саяхатшы тағы да дыбыс берді. Жер – жоқ.

12. Мен үйге раушан гүлдерін алып келдім. Алайда кілттерді таба алмадым.

13. Суық желден сынған әйнекте “Жас жұбайлар” деген жазу болды.

14. Біздің жатын бөлме. Екі адамның дауысы. Мен есікті қақтым.

15. Үлкен адам болсам деп қиялдадым. Есейдім. Қиялымды жоғалтып алдым.

16. Мен секірдім. Содан кейін ойландым.

17. Кешір, жауынгер, біз бәтіңкенің екінші сыңарын да сатамыз.

18. Ол өз әйелінің баскесерін бөтелкемен тамақтандырады.

19. Хирург емделушіні құтқарады. Емделуші Құдайға шүкіршілік айтады.

Пы./Сы.: Сіз де осы сарындас қысқа әңгімелер жаза алатын болсаңыз, біздің байқауға қатысыңыз:) Өз шығармаңызды @Assellbay-ға жіберіңіз)
626 views07:38
Ашу / Түсініктеме