Get Mystery Box with random crypto!

Армысыздар, құрметті @kzkitap арнасының тұрақты оқырмандары! | Қазақша кітаптар

Армысыздар, құрметті @kzkitap арнасының тұрақты оқырмандары!

Қаңтар айының 25-ші жұлдызынан бастап ақпанның 1-не дейін жалғасқан байқауға 216 әңгіме келіп түсті. Оның барлығын @kiskaangimeler арнасынан оқи аласыздар. Ұйымдастырушылар ұсынылған шығармаларды мұқият оқып, ережеге сай астарлы, креативті, көркем жазылған 6 жазбаны үздік "ең қысқа әңгіме" деп таныды.

Жеңімпаздар тізімі:

№66 қатысушы
@Aiaulym_2204

№16 қатысушы
@AbdiqalyevMeyrambek

№176 қатысушы
@waikikish

№56 қатысушы
@Balnur_aqyn

№6 қатысушы
@Nassiii7

№165 қатысушы
@leader_mariya

Сонымен қатар белгілі жазушы Торғын Жолдасбекқызы байқау ұйымдастырушыларын қолдау мақсатында "Ең қысқа әңгіме" сайысына өз шығармасын ұсынып, бір ауыздан арнайы жүлдеге ие болды. Құттықтаймыз! Сыйлықтар жөнінде @Assellbay-ға жазыңыздар.

Расында, қысқа әңгіме жазу өте қиын. Айтар ойды дәл, жүйелі жеткізу, әңгіменің құрылымын сақтау, идеясын нақты беру бәрі-бәрі — автор шеберлігінің көрінісі. Екінші жыл қатар өтіп жатқан "Ең қысқа әңгіме" байқауының мақсаты да жазуға икемі бар оқырмандарға шабыт беру, қазақ әдебиетіне деген сұранысты арттыру, креативті ойлауға бейімдеу. Діттеген мақсатымызға жеттік деген үміттеміз:)

P.S. Байқау жайлы ақпараттың таралуына SMM бойынша көмек көрсеткен сценарист Перизат Мырзахметке және серіктес телеграм арна әкімшілеріне алғысымызды білдіреміз.