Get Mystery Box with random crypto!

#Байқаудан_тыс Ғаламторда кеңінен таралған ең үздік, ең қысқа | Қазақша кітаптар

#Байқаудан_тыс

Ғаламторда кеңінен таралған ең үздік, ең қысқа әңгімелер топтамасы. Аудармасы тура түпнұсқадай болмаса да, мағынасын бұзбай, мәнін жоғалтпай беруге тырыстық.

1. Балаларға арналған аяқ киім сатылады. Киілмеген. (For sale: baby shoes, never worn).

2. Бейтаныс жандар. Достар. Ең жақын достар. Көңілдестер. Бейтаныс жандар.

3. “Сіз нөмірден жаңылыстыңыз”, – деді бір таныс дауыс.

4. Жолаушылар, сіздерге хабарлап тұрған капитан емес.

5. Маған анам қырынуды үйретті.

6. Мен өзім үшін жаралған адамды жолықтырдым. Ал, ол жоқ...

7. Менің көлеңкем жаңа ғана маған ымдағандай болды.

8. Парашют сатылады: ешқашан ашылмаған, аздаған дақтары бар.

9. Бұл біздің алтын тойымыз. Бір кісілік үстел дайындаңызшы.

10. Бүгін мен тағы да анамның жанында болғансыдым.

11. Саяхатшы тағы да дыбыс берді. Жер – жоқ.

12. Мен үйге раушан гүлдерін алып келдім. Алайда кілттерді таба алмадым.

13. Суық желден сынған әйнекте “Жас жұбайлар” деген жазу болды.

14. Біздің жатын бөлме. Екі адамның дауысы. Мен есікті қақтым.

15. Үлкен адам болсам деп қиялдадым. Есейдім. Қиялымды жоғалтып алдым.

16. Мен секірдім. Содан кейін ойландым.

17. Кешір, жауынгер, біз бәтіңкенің екінші сыңарын да сатамыз.

18. Ол өз әйелінің баскесерін бөтелкемен тамақтандырады.

19. Хирург емделушіні құтқарады. Емделуші Құдайға шүкіршілік айтады.

Пы./Сы.: Сіз де осы сарындас қысқа әңгімелер жаза алатын болсаңыз, біздің байқауға қатысыңыз:) Өз шығармаңызды @Assellbay-ға жіберіңіз)