Get Mystery Box with random crypto!

Қазақша кітаптар

Telegram арнасының логотипі kzkitap — Қазақша кітаптар Қ
Telegram арнасының логотипі kzkitap — Қазақша кітаптар
Арна мекенжайы: @kzkitap
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 61.94K
Арнадан сипаттама

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2023-11-29 06:26:43
Шыңғыс Айтматов - Балалық шақ

Автобиографиялық естеліктер

Адамзаттың Айтматовы атанған кемеңгер жазушының өз аузынан жазылып алынған балалық шағының естеліктері кім-кімге де қызықты екені сөзсіз. Оқиғалар шынайы, қарапайым тілмен баяндалып, оқырмандарын сағынышқа тұнған кешегі түндерге жетелейді.
12.7K viewsedited  03:26
Ашу / Түсініктеме
2023-11-28 18:35:48 Консерватор, реформатор, новатор дегеніміз не?

Қай жерде, қандай күні, қандай жұлдыз белгіде дүниеге келгеніне қарамастан адамдар үлкен үш топқа бөлінеді. Олар: консерватор, реформатор және новатор. Бұл әр топтың жеке өзіне ғана тиесілі көзқарастары, өз принциптері, өмірлік ұстанымдары, қызығушылықтары, алға қойған мақсаттары болады. Және өз көзқарастарының деңгейінде өмірлерін сүріп, тағдырларын құрады.

Халық арасында ең үлкен мөлшерді иеленетін топ өкілдері консерватор деп аталады. Аталған топ өкілдері "Сен тимесең мен тиме" принципімен өмір сүреді. Консерваторлар көбіне салт-дәстүрді құрметтеп, ескі заңдар бойынша жүргенді дұрыс деп табады. Айта кету керек консерваторлар "бағынушы" рөліне үйренген жандар. Сондықтан да олар мамандық таңдауда көп қиналмай, көпке белгілі дәрігер, мұғалім, заңгер, аспаз сияқты
тексерілген дәстүрлі мамандықтарды меңгеруді жөн көреді. Олар жұмысқа кешікпей барып, уақытында қайтады. Олардың басты мақсаты отбасы берекесін сақтап, бірқалыпты, тыныш өмір сүру. Олар өмірге реалистік көзбен қарағанды ұнатады. Ғажайыпқа сенбейді. Тағдырдан тосын сыйлар күтіп, алпауыт дүниелерді армандамайды.
Өмірлерін өзгертуге көп күш
жұмсамайды. Пешенеге жазылған өмірді сүріп жүре беруге дайын.
Консерваторлар көп оқығанды, ізденгенді ұнатпайды. Олар үшін оқу ауыр жұмыспен тең. Консерватор-балалар өз ата-аналарына қатты бауыр басқан болып келеді. Және тек ата-анасының шешімімен күн кешеді. Бұл топ қоғамдағы ең төмен саты ретінде саналады.

Реформаторлар - бұл қоғам үшін дүниеге келген адамдар. Олардың басты мақсаттары әлемнің жағдайын жақсартып, әділеттілікке қол жеткізіп, барлық адамдардың өмірін жақсарту. Олар ең бастысы қоғамда елеулі орын алып, басқарушылық қызметтер атқарып, қоғам қайраткері болуды армандайды. Олар бұйрық беріп, өз дегенін орындатқанды жақсы көреді. Олардың жұмыс кестелері өз
қолдарында. Олар бала кезден көзге түсіп, басқа балалардан өзгеше болуды көздейді. Оқуға келгенде еріншектік танытпайды. Адамдар арасындағы айырмашылықты білім
қалыптастыратынын жақсы біледі және жарқын болашақ үшін күні түні еңбек етуден аянбайды. Өзін дамыту үшін түрлі үйірмелерге барып, дарынын шыңдайды. Өздерін ақылдылықтың, көрегенділіктің көрінісі санайды. Өмірлерін қоғамда жақсы атты болу үшін жұмсайды.

Новатор - адамдар арасындағы ең аз мөлшерде құрайтын топ. Тап осы адамдар барлық адамзаттың алға жылжуының басты себепкерлері. Олардың басты қалауы - тәуелсіздік. Жанның, тәннің тәуелсіздігі. Олар ешқандай жағдайда ешкімге бағынғанды ұнатпайды. Көптің бірі болғысы келмейді. Өзі қызығушылық танытқан нәрсені тез үйреніп, тез меңгеріп алады. Новатор қай ортада болмасын ерекшелігімен көзге түседі. Реформаторлар ойлап тапқан заңдармен жүру олар үшін қызықсыз. Новаторлар кез келген ортада кездеседі. Алайда олар басшылыққа ұмтылмайды.
Ұмтылыса да оларды ешкім басқарушы етіп тағайындамайды. Себебі олар тым әділетті, тым білімді. Қоғамның барлық олқы тұстарын бес саусақтай біледі. Сондықтан өтірік көлгірсу олар үшін жат қылық. Новатор әрдайым жалғыз. Себебі оны түсінетіндер мыңнан біреу ғана. Олар білім құмар. Олар жаңа идеялардың генераторы. Барлық нәрсе бірінші ойда, одан кейін өмірде пайда болатынын олар жақсы біледі. Нағыз новатор өзі үшін жан емшісіне айналып, кейіннен басқа адамдардың емшісіне айналады.
Міне, адам көзқарасыңыз үш түрі. Оқып, саралап, өзгергіңіз келсе қадам жасап көріңіз. Бәрі де өз қолдарыңызда!
П/А: Жамиля Қайыпберді

https://t.me/kzkitap
13.8K views15:35
Ашу / Түсініктеме
2023-11-26 15:56:24
Соғыс үшін: саясаткерлер оқ береді, байлар тамақ, ал кедейлер өз балаларын. Ал соғыс біткен кезде саясаткерлер бір-бірінің қолын алады, байлар азық-түліктің бағасын өсіреді. Ал кедейлер балаларының моласын іздейді.

Серб мәтелі

https://t.me/kzkitap
12.8K viewsedited  12:56
Ашу / Түсініктеме
2023-11-26 10:16:28 https://t.me/kzkitap
12.9K viewsedited  07:16
Ашу / Түсініктеме
2023-11-26 10:15:41
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы - Рүстем-Дастан

Фердауси «Шаһнамасының» желісімен жазылған қаһармандық жыр
13.3K viewsedited  07:15
Ашу / Түсініктеме
2023-11-23 08:11:45 https://t.me/kzkitap
13.7K viewsedited  05:11
Ашу / Түсініктеме
2023-11-23 08:11:35
Ілияс Есенберлин - Ойлар, баяндамалар, күнделіктер, хаттар

Бұл кітапқа Ілияс Есенберлиннің айтылған ойлары, хаттары, баяндама күнделіктерінен алынған үзінділері енген. Сонымен қатар замандастарының, Н. Назарбаевтың, Д. Қонаевтың, Ә.Әлімжановтың, туған інісі Раунақ Есенберлиннің және ұлы Қозыкөрпеш Есенберлиннің естеліктері бар.
13.2K views05:11
Ашу / Түсініктеме
2023-11-21 08:44:35 • Адамдардың эмоциясына əсер ету адамды робот секілді бағдарламалап, оның логикалық ойлау қабілетін бұғаттап тастайды. Яғни адам, болып жатқан жағдайды қалыпты түрде сараптай алмайды. Жəне де эмоциялық факторды пайдалану адам санасының қақпасын ашады, жəне ашылған санаға қиял, қорқыныш, мəжбүрлеу қорқыныш дегендерді оңай толтырады. Терроризмнің қатыгездігі, үкіметтің əділетсіздігі, аш-жалаңаш жүргендердің қиналғаны, осының бəрі дерлік эмоция, ал бұл шынайы болып жатқан жағдайдың себептерінің бетпердесін ашпай, жабық күйінде қалдырады. Эмоция – логиканың жауы.

7. Адамдарды қараңғылықта надан етіп ұстау.

• Адамдар өздерін қалай басқарып отырғандығына бас ауырпайды, тіпті басы жетпейтін надан екенін түсіне алмайтын дəрежеге жетеді. Білім беру саласына ең төмен адамды отырғызады, себебі надандықты ары қарай дамытып, саналы қоғамға жеткізбес үшін. Жəне өмір бойына надан болып өту үшін. Ал осының бəріне қарсы шыққан, саналы адам пайда болса, онда оны надан, ақымақ деп ортадан қуады. Жəне саналы адамның көзқарасы еш жерде айтылмайды да, жазылмайды да.

8. Адамдардың санасына дарынсыздарды, қасиетсіздерді керемет қылып көрсетеді

• Қоғамға топас, тəрбиесіз, тұрпайы сөз қосатындарды сəнді қылып көрсетіп, саналарына сіңдіру. Бұл əдіс алдыңғы əдіспен пара-пар келеді. Себебі дарынсыздық қазірде барлық салаларда кездеседі. Діннен бастап, ғылымға дейін, өнерден бастап саясатқа дейін дарынсыздар қаптаған. Телеарналардан беретін ұрыс-керістер, сасық əңгімелер, сиқырлар, күлдіргіштер, бəрі де – бір мақсатқа келіп тіреледі. Ең бастысы адамдардың санасын өсірмеу, дамытпау, шындықты көргізбеу.

9. Халыққа өзін кінəлі сезіну синдромын күшейту

• Адамдардың бақытсыз болғанына, ақшасы болмағанына кінəні тек өзінен іздет. Яғни ақылым жетпеді, мен топаспын деген стереотиптерді сіңдіру. Яғни адамдар айлықтың аз болғанына экономикалық жүйеге қарсы шығудың орнына, кінəні тек өзінің бойынан іздеп, өзін-өзі кемсітіп, өз-өзін ішінен жеп жүретін, қолынан іс келмейтін адамға айналады. Ал түңілген, қолынан іс келмейтін адамның ойына революция ойына кіріп те шықпайды. Жəне саясаткерлер, оқымысты психотерапевттар мен діни қайраткерлер көбіне осындай əдісті адамның түңілуіне, өз-өзін рухни жегізуге көп қолданады.

10. Өзінен гөрі өзгелер туралы көп білгізу саясаты

• Соңғы 50 жылда ғылымның шарықтай дамуының арқасында басқарушы таптың білімімен бағынушы адамдардың білімінің арасы алшақтай түсуде. Биология, нейробиология жəне қолданбалы психологияның арқасында «жүйе» адамдар туралы өте маңызды ақпараттарды, физиологиямен психология жағынан да білімдерін күшейтті. Жүйе адамдар туралы өте көп нəрсе түсініп, біле бастады. Бұл дегеніңіз қандай жағдай болмасын жүйе адамдардан, халықтан өте зор билікті өздеріне қалдыра бермек.

https://t.me/kzkitap
14.1K viewsedited  05:44
Ашу / Түсініктеме
2023-11-20 07:38:08
Дандай Ысқақұлы - Рухани толғамдар

Зерттеулер

Қазіргі заман қоғамдық, экономикалық, мәдени өмірдің барлық салаларында дерлік жаһандану үрдісінің қарқынды жүріп жатуымен ерекшеленеді. Осындай жағдай әрбір ұлттың алдына жаһандануға жұтылып кетпеуі үшін қайтсе де тілін, дінін, әдебиетін, мәдениетін, сол арқылы ұлттық болмысын сақтап қалу міндетін қойып отыр. Кітапта қазіргі ғаламдасу ғасырындағы руханиятқа қатысты аса маңызды мәселелерді ұлттық тұрғыдан шешу мәселелері көтеріледі. Ұлт өмірінде тіл мен әдебиеттің шешуші рөл атқаратындығына назар аударылады.
Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистрларына, докторанттарына, жалпы әдебиетші, ұлтын сүйер көпшілік қауымға арналған.
12.6K views04:38
Ашу / Түсініктеме
2023-11-16 16:27:32
Құрметті ағайын!

Сіздерді NIETWORKING телеграм арнама шақырамын!
Халықаралық қарым-қатынастағы 25 жылдық тәжірибеммен бөлісе отырып, нетворкингті құру туралы пайдалы ақпаратпен бөлісіп отырамын.
Осыған орай NIETWORKING деген жобаны іске қостым.
Ақпарат екі тілде беріліп отырылады.

Телеграмм арнаға қосылып, қолдау көрсетулеріңізді сұраймын!
14.0K views13:27
Ашу / Түсініктеме