Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРАН НАСИХАТ

Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ Қ
Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ
Арна мекенжайы: @kuran_nasikhat
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 13.43K
Арнадан сипаттама

ҚМДБ Ұстаздардың уағыздар жинағы.

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 149

2021-06-28 19:32:23
«Тозақ ішінде олар үрейлері ұшып, қор болып, көз сүзіп тұрады....»
«Шура» сүресі, 45 аят.
1.2K viewsedited  16:32
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 17:55:44
Алла Тағалаға қарай қашып құтылу!
Ұстаз Ерлан Ақатаев

@kuran_nasikhat
1.3K views14:55
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 16:23:33
1.4K views13:23
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 13:54:21
1.4K views10:54
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 07:15:03 Атақты сахаба Абдулла ибн Масғудтың (р.а.) жеткізуі бойынша, ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) бұл дұғаларды күн сайын таңертең және кешке үзбей оқыған екен.



Оқылуы: Асбахнә уә асбахәл-мульку лилләһи уәлхамду лилләһи уә лә иләәһә иллаллаһу уахдәһу лә шәриикә ләһу, ләһул-мульку уә ләһул-хамду уә һуә ‘алә кулли шәй'йн Қадиир.

Рабби инни әс'әлукә хайра мә фи һәзәл-иәуми уә хайра мә ба‘дәһу уә ә‘уузу бикә мин шәрри мә фи һәзәл-иәуми уә шәрри мә ба‘дәһу.

Рабби ә‘уузу бикә минәл-кәсәли уә суу'йлкибәри. Рабби ә‘уузу бикә мин ‘азәәбин фин-нәәри уә‘азәәбин фил-қабри.


Мағынасы: Біз де, бар билік те Алланың иелігінде болған күйде таң атырдық. Бар мадақ бір Аллаға тән. Одан басқа тәңір жоқ. Ол – ешбір серігі жоқ жалғыз. Бар мадақ пен бар билік бір Аллаға тән. Сондай-ақ, Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.

Уа, Раббым, бір Өзіңнен осы күннің әрі осыдан кейінгі күндердің жақсылығын тілеймін. Сондай-ақ, осы күннің һәм осыдан кейінгі күндердің жамандығынан сақтай гөр деп бір Өзіңнен пана тілеймін.

Уа, Раббым, жалқаулықтан және кәріліктің ауыртпалықтарынан сақтай гөр! Уа, Раббым, тозақ азабынан һәм қабір азабынан бір Өзің сақтай гөр!


@kuran_nasikhat
1.8K views04:15
Ашу / Түсініктеме
2021-06-26 10:03:07
1.3K views07:03
Ашу / Түсініктеме
2021-06-26 06:43:15 УАЙЫМДАМАҢЫЗ! БІЗДІҢ ЖАРАТУШЫМЫЗ БАР!

Кез келген адаммен сөйлесе қалсаңыз,

«жолым болмай, қор болып жүрмін»,
«сәтсіздіктерге жолығамын да жүремін»,
«кедейліктен көз ашпадым»,
"көргенім жоқшылық боп кетті",
«отбасымыздан тыныштық кетті»,
«саудам жүрмей қойды»,
«қарызға батып қалдым»,
«балаларым тілімді алмай жүр»
деген секілді арыз-шағымдарды естіп жатасыз. Бір нәрсені құрастырып шығарған өнертапқыш сол нәрсенің іші-сыртын, оған не керек, не зиян екенін жақсы білетіні секілді, бүкіл адамзатты жаратқан Алла Тағала да біздің рухани, материалдық қажеттіліктерімізді бәрінен артық біледі. Ендеше, басымызға түскен қиындықтардың шешімін неге Одан сұрамасқа?! Неге Аса Қамқор, зор Құдіретті Алладан пана тілемеске?! Ол бізге шынымен пайдалы болатын шешімдерді ұсынады. Ол бізді кез келген қайғыдан, күйзелістен шығарып ала алады.

Ертеде сахараның ортасында келе жатқан түйе су табылмай қатты шөл қысып өлген деседі, алайда су оның өркешінде болған еді...
Біз неге сол түйеге ұқсауымыз керек?! Ол жануар, ал біз ақыл-санасы бар адам емеспіз бе?
Айтыңызшы, су қасыңызда болса, шөлдеп қажеті қанша?!

Ендеше, уайымдамаңыз! Сіздің «Егер құлдарым сенен Мен туралы сұраса: «Мен өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін» дейтін Жаратушыңыз бар, дұғаңыз бар!

Жүрегіңізді Аллаға байлаңыз да, маңдайыңызды сәждеге қойып, Алланың мейірім есігін қағыңыз!
«...Алланың мейірімінен күдер үзбеңдер! Ақиқатында Алла күнәлардың барлығын кешіреді. Өйткені, Ол – өте Кешірімді, ерекше Мейірімді» («Зумәр» сүресі, 53-аят)

@kuran_nasikhat
238 views03:43
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 02:34:47
1.6K views23:34
Ашу / Түсініктеме
2021-06-24 19:01:00 Әйелдің ең үлкен күресі
Ұстаз Ерлан Ақатаев

@kuran_nasikhat
521 views16:01
Ашу / Түсініктеме