Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРАН НАСИХАТ

Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ Қ
Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ
Арна мекенжайы: @kuran_nasikhat
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 13.43K
Арнадан сипаттама

ҚМДБ Ұстаздардың уағыздар жинағы.

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 147

2021-07-04 18:35:19 [52:48] (Уа, Расулым!) Раббыңның үкімі жүзеге асқанша сабыр ет. Шүбәсіз, сен Біздің назарымызда һәм қорғауымыздасың. Намазға (немесе қандай да бір отырыстан) тұрғаныңда, Раббыңа (Сен – мінсізсің, барлық мадақ пен шексіз шүкіршілік бір Өзіңе ғана тән деп) мадақ жаудыр!

[52:49] Сондай-ақ түнде де Оның кемшіліктен ада, мінсіз екенін айтып, ұлықта және жұлдыздар батуға бет алған шақта да (яғни, таң намазында да Раббыңды ұлықта).

@kuran_nasikhat
413 views15:35
Ашу / Түсініктеме
2021-07-04 07:53:05 АДАМДЫ САУЫТ СЕКІЛДІ ҚОРҒАЙТЫН ДҰҒА

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) бұл дұғаны таңғы және кешкі уақыттарда үзбей оқығандығын айтып: «Расында, адам баласы таңертең немесе кешке өзін не күтіп тұрғанын білмейді», − деген. Осы дұғаға қатысты Мунәуидің «Файдуль-қадиир» атты еңбегінде Ибн әл-Қайим: «Кімде-кім бұл дұғаны үзбей оқыса, қаншалықты ізгілікті дұға екендігін түсінеді әрі көптеген пайдасын көреді. Бұл дұға адамды Алланың қалауымен көз тиюден де сақтайды. Ал егер көз тиген болса, оның кері әсерін жояды. Әйтсе де, бұл, осы дұғаны оқыған құлдың иманының беріктігіне, тәуекелінің бекемдігіне және жүрегінің тазалығына байланысты. Шүбәсіз, бұл дұға − оқыған адамды қорғайтын сауыт іспетті», − деген[1].



Оқылуы: Аллаһуммә инни әс'әлукә мин фәж'әтилхайри уә ә‘уузу бикә мин фәж'әтиш-шәрри.

Мағынасы: Уа, Алла Тағалам! Сенен тосын жақсылықтар сұраймын. Сондай-ақ, күтпеген жамандықтардан сақтай гөр деп, бір Өзіңе сыйынамын!

[1] Мәжма‘у әз-зәуәйд, 10-том, 115-бет; Муснәду Әби Я‘ла, 6-том, 106-бет; Файдуль-қадиир, 5-том, 10-бет

@kuran_nasikhat
864 views04:53
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 20:19:16 Адамға не үшін сынақ келеді.
Ұстаз Ерлан Ақатаев

@kuran_nasikhat
1.2K views17:19
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 18:32:05
Ертең өкінбес үшін...
1.3K views15:32
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 11:27:28 ТӘУБА НАМАЗЫ ҚАЛАЙ ЖӘНЕ ҚАЙ КЕЗДЕ ОҚЫЛАДЫ?

Қате-күнәсі үшін истиғфар етіп, кешірім тілеуді қалаған адам мұқият және бабымен дәрет алып, тәубе ниетімен екі ракағат намаз оқиды. Себебі, намаз – дұға-тілектің ең ұлығы. Сондықтан, намаз оқып, тәубе сұрау құп саналады. Тәубе – мұстахап намаз.

Әбу Бәкір (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Мен Алла Елшісінің (ﷺ): «Кісі бір күнә жасап қойса, дәрет алып намаз оқып, Алла Тағаладан кешірім сұраса, әлбетте, оның күнәсі кешіріледі деп, «Әрі олар жиіркенішті іс жасаса немесе өздеріне зұлымдық етсе, Алланы естеріне алып, күнәлары үшін кешірім тілейтіндер. Күнәларды Алладан басқа кім кешіреді? Әрі олар істегендерін біле тұра қасарысып жалғастыра бермейді. Міне, солардың қайтарым сыйы – Раббысынан кешірім және астынан өзендер ағып жататын әрі олар мәңгі қалатын бақтар. Амал етушілердің сыйы неткен тамаша[1]» аятын оқығанын естідім[2]», – делінген.

Түнгі нәпіл намаз екі ракағаттан, жұп-жұп етіп төртеу, алтау оқыла береді. Ал, күндізгі нәпіл намаз төрт ракағатты бір сәлеммен оқыса рұқсат. Алайда, екі ракағаттан бөліп оқыған абзал[3]. Абдулла бин Омар (р.а.): «Түнгі намаз екі-екі ракағаттан оқылады[4]», – деп айтқан. Сондай-ақ, тәубе намазын тек екі ракағат оқыса да болады.

[1] Әли Имран сүресі, 135-136 аяттар.
[2] Әбу Дауд, Насаи.
[3] У.Зухайли, Ислам фиқһ энциклопедиясы, 2-том, 82-бет.
[4] Ахмед.

@Kuran_nasikhat
1.6K views08:27
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 06:33:43 Каһф сүресін оқуды ұмытпаңыз бауырым!
1.4K views03:33
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 05:34:57 «Уа, Раббымыз! Біздің күнәларымызды кешіре көр! Кінә-қателіктерімізді (амал дәптерімізден) өшіре көр және бізді дүние салғаннан кейін, Өзіңе жақын болған ізгі әрі кемел мүміндердің қатарына қосқайсың!»

«Әли Имран» сүресі, 193-аят

Жұма мүбәрак болсын!

@kuran_nasikhat
1.4K views02:34
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 19:44:06
701 views16:44
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 17:09:18 “Уа, Жаратушы Жаппар Ием! Тұрмысымызды жақсартып, ондағы күнә-қателіктерімізді кешіргейсің. Сен барлық нәрсеге құдіреттісің”.
@kuran_nasikhat
973 views14:09
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 10:24:20
عد إلى الله
АЛЛАҒА ҚАЙТ!

@kuran_nasikhat
1.3K views07:24
Ашу / Түсініктеме