Get Mystery Box with random crypto!

Ерген Құмаров

Telegram арнасының логотипі kumarov_yergen — Ерген Құмаров Е
Telegram арнасының логотипі kumarov_yergen — Ерген Құмаров
Арна мекенжайы: @kumarov_yergen
Санаттар: Блогтар , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.69K
Арнадан сипаттама

📚 Астана медресесінің түлегі.
Құран, араб тілі сабақтары

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2021-09-24 05:21:50 اللهم إني أسألك علما نافعًا و رزقًا طيبًا و عملًا مُتَقَبَّلا
248 views02:21
Ашу / Түсініктеме
2021-09-24 05:20:33
254 views02:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-20 03:27:10 Әссәләму аләйкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ...

Қымбатты оқырмандар мен барша мұсылмандар!
Аллаһ осы қасиетті айда жасаған салихалы амалдарымызды қабыл етіп, баршамызды келесі Зуль-Хиджа айына дейін амандықта жеткізсін. Құранды үйреніп, оны үйретуге деген құштарлығымызды арттырсын.
Төрт көзіміз түгел, еліміз бен жеріміз тыныш болсын. Кейбір елдердегі залымдардың қолынан жәбір көріп жатқан мұсылмандарды Аллаһ Тағала Өз Қамқорлығы мен Қорғанына алсын. Үйлеріміз құт-берекеге, жүрегіміз иман мен нұрға толсын! Әмин.
Баршаңызды ұлы «Құрбан айт» мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Ізгі тілекпен: Ерген Құмаров
308 views00:27
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 07:36:27
587 views04:36
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 07:36:14 Зуль-Хиджа айының артықшылықтары...

Аллаһ Тағала қасиетті Құранда былай деген:

‎﴿وَٱلۡفَجۡرِ * وَلَیَالٍ عَشۡرࣲ﴾.

﴾Таңмен жəне он түнмен ант етемін﴿.
Фажр сүресі, 1-2 аяттар.

Осы аяттың тəпсірінде имам Ибн Кəсир (рахимаһуллаһ) келесідей айтқан:

‎المراد بها عشر ذي الحجة كما قاله ابن عباس وابن الزبير ومجاهد وغيرهم.

«Ибн Аббас, Абдуллаһ Ибн Зубейр, Мужəһид жəне басқалары айтқандай; он түн дегеннен мақсат – Зуль-Хиджа айының он күні».
Тəфсир Ибн Кəсир (8/390).

‎مَا الْعَمَلُ فِي أَيَّامِ الْعَشْرِ أَفْضَلَ مِنَ الْعَمَلِ فِي هَذِهِ. قَالُوا: وَلَا الْجِهَادُ؟ قَالَ: وَلَا الْجِهَادُ، إِلَّا رَجُلٌ خَرَجَ يُخَاطِرُ بِنَفْسِهِ وَمَالِهِ فَلَمْ يَرْجِعْ بِشَيْءٍ.

Абдуллаһ Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуінен разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (ﷺ) былай деді:
«Салихалы амалдардың ешбір түрі басқа күндерде Аллаһқа осы он күндерде (Зуль-Хиджаның алғашқы он күнінде) жасалған салихалы амалдардан қарағанда сүйіктірек емес»,- деді. Сонда сахабалар: «Аллаһ жолындағы күрес те (соғыс та) солай ма?»,- деп сұрады. Ол: «Иә, тіпті Аллаһ жолындағы күрес те осы күндерде (Зуль-Хиджаның он күнінде) жасалған салихалы амалдан абзал (артық) емес. Тек, Аллаһ жолында жаны мен малын тігіп, сол шайқастан өзі де, малы да кері қайтпаған адамның амалынан басқа».
Бұхари (969).
9.5K views04:36
Ашу / Түсініктеме
2021-07-04 11:29:36 Шариғатқа сай дем салу (1)

Ауырған жерді ұстап тұрып оқылатын рұқия

عَنْ عُثْمَانَ بْنِ أَبِي الْعَاصِ الثَّقَفِيِّ، أَنَّهُ شَكَا إِلَى رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَجَعًا يَجِدُهُ فِي جَسَدِهِ مُنْذُ أَسْلَمَ، فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: ضَعْ يَدَكَ عَلَى الَّذِي تَأَلَّمَ مِنْ جَسَدِكَ، وَقُلْ: بِاسْمِ اللهِ. ثَلَاثًا، وَقُلْ سَبْعَ مَرَّاتٍ: أَعُوذُ باللهِ وَقُدْرَتِهِ مِنْ شَرِّ مَا أَجِدُ وَأُحَاذِرُ.

Осман Ибн Абиль-‘Ас əс-Сəқофи (Аллаһ одан разы болсын) Аллаһ елшісіне ﷺ келіп, Ислам қабылдаған уақыттан бастап жалғасып келе жатқан ауруын айтып шағымданады. Сонда Аллаһ елшісі ﷺ оған: «Қолыңды денеңнің ауырып жатқан жеріне қойып, үш рет Бисмиллəһ де, сосын жеті рет: əъýзу биллəһи уə қудротиһи мин шəрри мə əжиду уə ухəзиру (Мен сезініп жəне сескеніп тұрған аурудың жамандығынан Аллаһтан əрі Оның Құдіретінен пана тілеймін) деп айт»,- дейді.
Муслим (2202).
315 views08:29
Ашу / Түсініктеме
2021-07-04 08:35:42 Жаныңды Жәннаттан басқа нәрсемен айырбастаушы болма!

Аллаһ Тағала қасиетті Құранда былай дейді:

﴿إِنَّ اللهَ ٱشۡتَرَىٰ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِینَ أَنفُسَهُمۡ وَأَمۡوَ ٰ⁠لَهُم بِأَنَّ لَهُمُ ٱلۡجَنَّةَۚ﴾.

Ақиқатында, Аллаһ мүміндерден – олардың жандары мен дүниелерін Жәннатпен айырбастап, сатып алды﴿.
Тәуба сүресі, 111-аят.

Абу Һурайрадан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте пайғамбарымыз ﷺ былай деген:

أَلَا إِنَّ سِلْعَةَ اللهِ غَالِيَةٌ، أَلَا إِنَّ سِلْعَةَ اللهِ الْجَنَّةُ.

«Біліңдер! Шын мәнінде, Аллаһтың тауары (беретін сыйы) өте қымбат. Біліңдер! Аллаһтың тауары ол – Жəннат».
Тирмизи (2450). Хадистің сенімділігін имам Альбани растаған.

Имам Мухаммад ибн әл-Ханафия (рахимаһуллаһ) айтқан:

إن الله جعل الجنة ثمناً لأنفسكم فلا تبيعوا بغيرها.

«Расында, Аллаһ Тағала сендердің жандарыңның құны ретінде Жәннатты бағалап қойған, сондықтан, оны Жәннаттан басқа нәрсе үшін сатып жіберіп, (өте құнды болған Жәннатты арзан да алдамшы нәрсеге айырбастап алып жүрмеңдер)».
Сияр Ағләм ән-Нубәлә (4/117).
186 views05:35
Ашу / Түсініктеме
2021-06-06 14:35:54
600 views11:35
Ашу / Түсініктеме
2021-05-23 11:19:17
330 views08:19
Ашу / Түсініктеме