Get Mystery Box with random crypto!

Жаныңды Жәннаттан басқа нәрсемен айырбастаушы болма! Аллаһ Та | Ерген Құмаров

Жаныңды Жәннаттан басқа нәрсемен айырбастаушы болма!

Аллаһ Тағала қасиетті Құранда былай дейді:

﴿إِنَّ اللهَ ٱشۡتَرَىٰ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِینَ أَنفُسَهُمۡ وَأَمۡوَ ٰ⁠لَهُم بِأَنَّ لَهُمُ ٱلۡجَنَّةَۚ﴾.

Ақиқатында, Аллаһ мүміндерден – олардың жандары мен дүниелерін Жәннатпен айырбастап, сатып алды﴿.
Тәуба сүресі, 111-аят.

Абу Һурайрадан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте пайғамбарымыз ﷺ былай деген:

أَلَا إِنَّ سِلْعَةَ اللهِ غَالِيَةٌ، أَلَا إِنَّ سِلْعَةَ اللهِ الْجَنَّةُ.

«Біліңдер! Шын мәнінде, Аллаһтың тауары (беретін сыйы) өте қымбат. Біліңдер! Аллаһтың тауары ол – Жəннат».
Тирмизи (2450). Хадистің сенімділігін имам Альбани растаған.

Имам Мухаммад ибн әл-Ханафия (рахимаһуллаһ) айтқан:

إن الله جعل الجنة ثمناً لأنفسكم فلا تبيعوا بغيرها.

«Расында, Аллаһ Тағала сендердің жандарыңның құны ретінде Жәннатты бағалап қойған, сондықтан, оны Жәннаттан басқа нәрсе үшін сатып жіберіп, (өте құнды болған Жәннатты арзан да алдамшы нәрсеге айырбастап алып жүрмеңдер)».
Сияр Ағләм ән-Нубәлә (4/117).