Get Mystery Box with random crypto!

Зуль-Хиджа айының артықшылықтары... Аллаһ Тағала қасиетті Құр | Ерген Құмаров

Зуль-Хиджа айының артықшылықтары...

Аллаһ Тағала қасиетті Құранда былай деген:

‎﴿وَٱلۡفَجۡرِ * وَلَیَالٍ عَشۡرࣲ﴾.

﴾Таңмен жəне он түнмен ант етемін﴿.
Фажр сүресі, 1-2 аяттар.

Осы аяттың тəпсірінде имам Ибн Кəсир (рахимаһуллаһ) келесідей айтқан:

‎المراد بها عشر ذي الحجة كما قاله ابن عباس وابن الزبير ومجاهد وغيرهم.

«Ибн Аббас, Абдуллаһ Ибн Зубейр, Мужəһид жəне басқалары айтқандай; он түн дегеннен мақсат – Зуль-Хиджа айының он күні».
Тəфсир Ибн Кəсир (8/390).

‎مَا الْعَمَلُ فِي أَيَّامِ الْعَشْرِ أَفْضَلَ مِنَ الْعَمَلِ فِي هَذِهِ. قَالُوا: وَلَا الْجِهَادُ؟ قَالَ: وَلَا الْجِهَادُ، إِلَّا رَجُلٌ خَرَجَ يُخَاطِرُ بِنَفْسِهِ وَمَالِهِ فَلَمْ يَرْجِعْ بِشَيْءٍ.

Абдуллаһ Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуінен разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (ﷺ) былай деді:
«Салихалы амалдардың ешбір түрі басқа күндерде Аллаһқа осы он күндерде (Зуль-Хиджаның алғашқы он күнінде) жасалған салихалы амалдардан қарағанда сүйіктірек емес»,- деді. Сонда сахабалар: «Аллаһ жолындағы күрес те (соғыс та) солай ма?»,- деп сұрады. Ол: «Иә, тіпті Аллаһ жолындағы күрес те осы күндерде (Зуль-Хиджаның он күнінде) жасалған салихалы амалдан абзал (артық) емес. Тек, Аллаһ жолында жаны мен малын тігіп, сол шайқастан өзі де, малы да кері қайтпаған адамның амалынан басқа».
Бұхари (969).