Get Mystery Box with random crypto!

Бұл жалғанда мəңгілік шешімін таптырмай кететін жалғыз-ақ жұмб | Кітап үзіндісі

Бұл жалғанда мəңгілік шешімін таптырмай кететін жалғыз-ақ жұмбақ бар. Ол - адам жаны, адамзаттың ойы десек, оған да шабуыл жасар күн алыс емес-ау. Егер ой аулайтын құрал табылса, ақыр заман орнағаны да, басқаны қойып, өзінің не істеп, не қоятыныңды бал ашып, біле аласың ба? Адам өткенімен емес, тек қана ертеңімен өмір сүретінін сезе тұра, бүгінгінің - бір күнінің мұңсыз-қамсыз тыныштығын неге көксей береді екен? Ендеше, ертеден кешке дейін еңбек етіп, атар таңды жүз беріп, аман-есен қарсы алсаң, одан үлкен бақыт барма? Бақыт деген не өзі? Бақыт дегеніміз атақ па, байлық па, əлде самолетке мініп жер шарын шыр айналып шығу ма?

Оралхан Бөкей "Құм мінезі"

@kitapuzindisi