Get Mystery Box with random crypto!

Құдай жаратқан тіршілікте шешімі жоқ ештеңе болмайды деп ойлай | Кітап үзіндісі

Құдай жаратқан тіршілікте шешімі жоқ ештеңе болмайды деп ойлайтын бұрын. Асқанға — тосқан, қылмысқа — жаза, сабырға — мұрат, еңбекке — зейнет, таршылыққа — баршылық, әйтеуір, бар азаптың ақыры қайыр — кез келген жазмыштың соңында жауабы болмақ. Түннен кейін күннің шығатыны секілді, жаңбыр мен бораннан кейін күннің қалай да ашылатыны секілді, алла тағала адамның да тіршілігін алмағайып етіп жаратқан ғой. Сондықтан жақсылық та, жамандық та зая кетуге тиісті емес. Тек бәріне сабыр керек. Шығырдың тегерішіндей әр нәрсе ертең–ақ, алла бұйыртса, өзінің орын–орнына түседі.

Төлен Әбдік "Өліара"

@kitapuzindisi