Get Mystery Box with random crypto!

📚 Кітаптар_әлемі 📚

Telegram арнасының логотипі kitaptar_alem — 📚 Кітаптар_әлемі 📚 К
Telegram арнасының логотипі kitaptar_alem — 📚 Кітаптар_әлемі 📚
Арна мекенжайы: @kitaptar_alem
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.19K
Арнадан сипаттама

💡Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
📘Қазақ және әлем авторлардың кiтаптары
📍Жарнама және ұсыныстар жөнінде : @Mara_mobile

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2021-02-18 20:08:26
1.9K viewsMarat Syzdyqov, 17:08
Ашу / Түсініктеме
2021-02-12 18:03:17 Намазға жығылған мұсылманның қандай бақыт сезінетінін білесің бе? Оның жүрегі тынышталады. Ол одан кейін ешнәрседен қорықпайды, еш нәрсені уайымдамайды. Қорықса, Алланың қаһары – тозақтан ғана қорқады, уайымдаса, сол тозаққа түсіп кетермін деп қана уайымдайды. Ата-анасын, бауырларын, жұбайын, бала шағасын бұрынғыдан да бетер қадірлей бастайды. Және ең бастысы, соның бәрін берген Аллаға шүкір етіп үйренеді. Сол үшін де жүрегі тынышталады.
Олар дәреттерін алып, қатар-қатар намазға тұрғанда «осы намазымыз қабыл бола ма, жоқ па» деп алаңдап тұрады. «Осылар он минут еңкейіп тұрғанға бүкіл күнәсі кешіріле қоя ма» деп ойлайтын шығарсың. «Ең бастысы жүрегің таза болса болды ғой, намаз оқығанда тұрған не бар» деп те ойлайтын шығарсың. Адам не ойламайды, бауырым? Әрине, не ойлайм десе де әркімнің өз хақысы. Бірақ сол ойларды Алланың сөзін оқып алып барып ойлашы. Алла тағала күнәдан тиыл деді. Күнәнің не екенін толық танып ал. Алла тағала ата-анаңды құрметте деді, ата-ананы құрметтеуді толық оқып алшы. Алла тағала өзіне серік қоспауды бұйырды. Серік қосудың не екенін анықтап алшы. Содан кейін не ойласаң да өзің білесің. Тек, білмей ойлауға ұмтылмашы. «Не істесең де өзің білесің, бәрінің жазасы бар» дейді шариғатта. Сондықтан адамға бір мезгіл ойланғаннан гөрі бағынған пайдалырақ болып жатады кейде…

Бауырым, Алла қалап, намазға жығылып жатсаң түсінесің, күніне бір намазды қаза қылудың өзі қаншалықты өкініш екенін. Ал сенің қазір күніне бес намазыңның бесеуі де қаза болып жатқан жоқ па? Өзіңе бақыт сыйлар, өміріңді мәнді етер берекелі істі неге тәрк қыласың? Жұрт не айтады, не ойлайды, қайтесің оны? Ең бастысы сен намаз оқығың келеді ғой? Демек Алла тағала сенің жүрегіңе сондай сый беріп тұр. Намазға жығылып кетуіңе мүмкіндік жасап тұр. Бұл мүкіндіктен ертең-ақ, тіпті бүгін-ақ, сәлден соң-ақ айрылып қалуың мүмкін. Одан кейін қайтып беріле ме, жоқ па оны да бір Алла біледі. Тездетіп ниеттен. Бір сөзін болса да үйрен. Сөйт те, шама келгенше ертерек сәждеге маңдайыңды тигіз. Аллаға жалбарын. Несін күтесің, сәрсенбінің сәтін күтесің бе! Мұсылман адам үшін әр күн сәтті. Алла Тағала қашан да иман келтірген құлына жақсылық қалайды.

Құдай оңдап, намазға жығылып жатсаң, кәлиманы айтудан кейінгі бақытқа жеттім деп біл. Милиардтаған адамдарға бұйырмаған бақыт бұйырды деп ойлай бер. Сөйт те Құдайға жалбарына түс. «Намазымнан айырма, адастыра көрме, тура жолға бастай көр» деп жалын. Иә, Алла бізді адасудан сақтасын. Ниетің қабыл болсын, бауырым!!!

@kitaptar_alem

@Maratt_smm
1.9K viewsMarat Syzdyqov, 15:03
Ашу / Түсініктеме
2021-02-12 18:03:17 НАМАЗ ОКЫМАЙ ЖУРГЕН БIР БАУЫРЫМА ХАТ!!!
Ассалаумағалейкум!
Бауырым, амансың ба? Сен әлі намазға жығыла алмай жүр ғой деп, қолыма қалам алып отырмын. Бір мезгіл өзіңмен сырласқым келді. Өйткені, мен де кезінде намаз оқымаушы едім. Оған әртүрлі себептерім, уәждерім, тіпті сылтауларым да бар тұғын…
Сенің де сондай себептерің бар шығар. Әйтпесе, бір Алланың бар екенін өзің де мойындайтын боларсың. Өзіңді мұсылманмын деп есептейтін де шығарсың. Оның өте дұрыс. Егер сен өзіңді мұсылманмын деп есептесең, саған ешкім мұсылман емессің деп айта алмайды. Тек бір Алла біледі сенің жүрегіңде не жатқанын. Сондықтан да сен намаз оқымай жүрсең де, ораза ұстамаған болсаң да мұсылмансың. Тек кәлиманы айтып жүрсең, болғаны. Кәлиманы білесің ғой? Иә, сол. «Ләә-иләәһа-иллаЛлаһ, Мухаммаду-р-рассулаЛлаһ». «Алладан басқа құлшылық етуге лайық Құдай жоқ, Мұхаммед (Ол кісіге Алланың сәлемі мен игілігі болсын) оның елшісі» деген мағынаны береді. Оны өзің де білесің.
Сонымен, бауырым, сен кәлиманы біледі екенсің. Оны тіліңмен айтып жүр екенсің. Егер айтып жүрмеген болсаң, енді айтып жүр. Жатарда айтып жат. Таңертең тұрғанда бір айтып қой. Бұл зор бақыт. Осы бір ауыз сөзді айтуға тәкаппарлығы жібермей қаншама адам дүниеден өтіп кеткен. Сен өйтпе. Айт. Бұл – сөздердің ішіндегі ең пайдалы сөз. Айта бер…
Сонымен сен кәлиманы айтып жүрсің. Алла разы болсын саған. Бақытыңа жет. Жоғарыда айтқанымыздай, осы кәлиманы айтудың өзі бақыт. Қалған бақыт осы мұсылман болу бақытынан кейін тұрған бақыттар. Ата-ананың ризашылығына бөлену, кiшкентай бауырларымызга қамқор болу, достардың ықыласы, отбасыннын амандыгы, өзің қалаған мамандықты игеру… Бұның бәрі де кәлиманы айтудан кейін тұратын бақыттар. Сен осының бәріне де жет. Тілектеспін.

Мүмкін сенің достарың намаз оқитын шығар. Мүмкін жай ғана таныстарыңның ішінде намаз оқитын қыз-жігіттер бар болар. Мүмкін намаз оқитын адамдардың ешбірін жақын танымайтын да шығарсың. Бірақ өміріңде бір рет болса да қаз-қатар тізіліп, жамағат боп намаз оқып жатқан адамдарды көрдің ғой? Олардың дәрет алып, намазға асыққанын, азан шақырылғанда елең ете қалғандарын, бір-біріне деген ыстық ықыластарын байқадың ғой? Сол сәт «шіркін-ай, мен де намаз оқысам ғой» деген ой келді ме? Егер ондай ой келген болса, төмендегі үшінші бөлімді оқы. Ал егер ондай ой келмеген болса, төртінші бөлімнен бастап оқы. Алла саған жеңілдік берсін.

Егер намаз оқуға қызығып, бірақ қалай бастау керек екенін білмейтін болсаң, адамдардан білмейтіндігің үшін ұялатын болсаң, намазға әке-шешең қарсы болатын болса, жұрттың «сектаға кіріп кетіпті», «араб боп кетіпті» деген сияқты сөздерінен қаймығатын болсаң…уайымдама, бұның бәрі ештеңе емес. Бұндай қиындықтар намазға жығылар алдында кез келген мұсылманның алдынан шығады. Оған бірінші себеп, бүгінгі біздің қоғамда Кеңес үкіметінен қалған коммунист кісілердің көп болуы да, екінші себеп, шайтанның азғыруы деп біл. Бірақ бұның бәрі маңызды емес. Ең бастысы сенің намазға жығылуға деген ниетің бар. Қалғаны түк емес. Алла Тағала қиындықтың артынан жеңілдікті өзі береді. Оған уайымдама. Рас, ата-ананың қарсылығы деген өте ауыр тиеді. Бірақ Алла Тағаланың алдындағы парызыңды қалай болса да орындауың ол кісілердің өздеріне пайдалырақ болмақ. Өйткені сен намазға жығылып, иманыңды арттырып жатсаң, ол кісілер үшін дұға жасайсың. Алладан сұрайсың. Мүмкін, сенің себебіңмен ол кісілер де тура жолға түсіп қалар. Қысқасы, сен ондай нәрселерді көп ойлама. Оның бәрі намазға жығылудан қашыратын нәрселер деп түсін. Өзіңнің ойлап тапқан сылтауың шығар мүмкін, оны да ойлап қой.
Егер намаз үйрететін адам жоқ болса, тұп-тура мешітке тарт. Кез келген намаз оқып, мешіттен шығып келе жатқан адамды ұстап ал да, «Ассалаумалейкум, маған намаз үйретіңіз» де. Болды. Ол, Алла қаласа, үйретеді. Өйткені кез келген мұсылман өзгеге дінді үйретудің сауабы қаншалықты зор екенін жақсы біледі. Сондықтан, үйретеді, Алла қаласа. Бастысы, сен сұрауға ұялма. Егер достарыңның ішінде намазы түгел бір мұсылман болса, содан сұра. Иманы бар мұсылман білмейді екен деп саған ешқашан күлмейді. Қайта қуанады, сүйсінеді. Саған риза болады. Сен үшін дұға жасайды.
1.4K viewsMarat Syzdyqov, 15:03
Ашу / Түсініктеме
2021-02-09 04:38:21

1.3K viewsMarat Syzdyqov, 01:38
Ашу / Түсініктеме
2021-02-07 21:26:55 Балаға қандай білім беру керек ? |

Бала тіл шыққаннан соң сөйлеп, айналасын тануға ұмтылады. Сосын балабақшаға береміз, мектепке барады, университет солай кете береді.
Әлемді, ғылым-білімді игеруі мүмкін, бірақ өз дінін білмей ғылымды үйренуі бүгінде қауіпті білім(зиян болуы мүмкін).

*Балабақшада ән айтқызып, би билетіп, қыздармен араластырып баланың ұятын кетіреді;
*Мектепке барады, қыздармен 1 партаға отырғызады, 11кл соңында вальс билетеді, ұят одан бетер кетеді;
* Университет, солай бала бұл жағдайдың барлығын қалыпты деп ойлайды...
Осындай түсініктегі 20-25 жасар адамға хақ діннің үкімдерін түсіну әрине қиынға соғады.

Кезіндегі Алаш арыстарының өміріне қарасақ, жастайынан діни сауатын ашып, құран оқуды 1нші үйреніп молдалардан хат таныды (арабша үйренді). Сосын барып, басқа ғылым салаларымен танысты. Яғни фундамент болды!

баланы балабақшаға бермес бұрын діни сауатын ашатын жерлерге берген дұрыс деп ойлаймын;
мектеп кезінде мешіттен не 9ншы сыныптан соң медреседе оқытқан жөн дер едім( ерте оқыса өзіне жақсы);
Тым болмағанда қыз бен ұлды бөлек оқытатын Қазақ-түрік лицейіне бер.

Жас кезінде ар-намыс, ұят деген қасиеттерді үйретіп, дінін дәріптеу керекпіз, сонда ғана болашағымыз жарық болып, басшылыққа әділ, тақуа жанның келері анық...

Алашордалықтардың текті болуының себебі дініне берік болуы. Жері үшін, болашақ ұрпағы үшін күресу көрегенділік пен даналықтың шыңы дер едім...

#Бүгінгі_Ой
#Әуесқой_жазбагер
@kitaptar_alem
1.5K viewsMarat Syzdyqov, 18:26
Ашу / Түсініктеме
2021-02-05 08:10:06 Прошло 5/52 недель и 10% года
1.4K viewsMarat Syzdyqov, 05:10
Ашу / Түсініктеме