Get Mystery Box with random crypto!

📚 Кітаптар_әлемі 📚

Telegram арнасының логотипі kitaptar_alem — 📚 Кітаптар_әлемі 📚 К
Telegram арнасының логотипі kitaptar_alem — 📚 Кітаптар_әлемі 📚
Арна мекенжайы: @kitaptar_alem
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.19K
Арнадан сипаттама

💡Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
📘Қазақ және әлем авторлардың кiтаптары
📍Жарнама және ұсыныстар жөнінде : @Mara_mobile

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2021-08-31 10:13:49 Туысқан інім бірнеше ай бұрын қарыз алған еді. Бүгін қайтарып тұр және Каспи Голд картасын аштырғанын үйіндегілеріне айтпауын өтінді. Неге деп сұрасам:
- Білмеймін, бірақ ұрсады! - дейді.
Айтпақшы, оның 16 жаста, осы жылы 17 жасқа толады.

Сұрақ: неге оған ұрсады екен?! - деп ойланып көрдім.Сосын қазақ менталитетінде қалыптасқан "Мен көрген қиыншылықтарды балам көрмесе екен!", - деген сөз бар екендігі есіме түсті.

Банк картасын ашты делік. Сосын ақшаны өзі қолдана бастайды. Қарыз алады, қайтарады. Қайтара алмауы да мүмкін. Ата-ананың қорқынышы да сол, қарызданып, қайтара алмай жүрсе... Тағы неге ұрынып қалды екен?! - деп уайымдамайды. Және Каспи Ред деген бар, жыл сайын ұстайтын қызмет ақысы бар, т.б. «Тынышы - аштырма!» - деп қоя салады.

Бала, негізі, тыйым салынған дүниелерге құмартып тұратыны бәрімізге белгілі. «Тәтті кәмпитті жеме!», - деген сайын оған аңсары ауып тұрады ғой, сол сияқты көп тыйымдар баланың психикасына әсер ететін сияқты...

Жалпы 16 жасар жігіт қой. Жеке куәлігі бар адам ғой. Мысалы, америкалық фильмдерді қарасақ, баласы 16 жасқа келгенде ата-анасынан бөлек тұрады, өзін-өзі асырайды. Әрине, мен ата-анаңды тастап, көшіп кет, демеймін. Бірақ баланы 15-16 жасынан(одан да ерте) өзі шешім қабылдауға үйрету керек. Ер бала болса, тіптен міндеттеу керек.
15 жасында Абылай жауға шапқанын ескерсек, 16 жасты кәдімгідей азамат деп қарастыруымыз-ау . Ол заман басқа болғанмен, сол кезде де жігіттер 15 жасынан өзіне артылған жауапкершілікті сезіне білген.

Қазіргі заманның батырлары - өзі табыс тауып, жеке тұлға болып қалыптасқандар.
Ерекең)

Айта кетерлік жайт: бала өзі қиыншылық көрмей, ата-анасының қаржысына өмір сүріп жатса , оны жеке тұлға деп қарай алмаймыз...
Қысқасы, өмір сүру үшін - өмір көру керек!
Ата-ана да баласын өзі жоқ кездегі уақытқа, ары қарай өмір сүріп кетуге дайындау керек!

Құзғын құс өз балапанын ұясын құлатқандай, ата-ана да ЕР баласын қиындыққа итеру керек.(сарказм)

#Бүгінгі_Ой
#Әуесқой_жазбагер
60 viewsMarat Syzdyqov, 07:13
Ашу / Түсініктеме
2021-08-23 06:02:57
Құрметті оқырмандар!

15 кітап сатылады арзан бағада
Доставка өзімнен
1) Жүрек төрінен орын алған Мұхаммед(887бет)
2) Ислам ғылымхалы (685бет)
3) Сияние веры (Имани гүл 342бет)
4) Мәзхабтар тарихы (435бет)
5) Куриный бульон (394бет)
6) Сана сәулетшісі (535бет)
7) Сахабалар салған сара жол1 (495бет)
8) Қаз дауысты Қазыбек би (470бет)
9) Кербез дала ой салады (284бет)
10) Олар таңның атуын күте алмады (183бет)
11) Матуриди ақидасы (175бет)
12) Alibaba Djek Ma (412бет)
13) 100 хадис (103бет)
14) Матуриди сеніміндегі таңдаулы тақырыптар (183бет)
15) Мұсылман қорғаны (205бет)

Номер: 87776120399
5 viewsBekzat Medetuly, 03:02
Ашу / Түсініктеме
2021-08-21 06:23:41 Аллаға тәуекел ету |

Мұсылман адам қандай да бір істі бастар алдын Аллаға сыйынып, бастаған ісіне береке, хайырлы болуын сұрайды.
Денеміздегі бір кесек ет «жүректің» тыныштығы болғанда атқарар ісіміз де берекелі болады. Омар (р.а) «Алла елшісінің (с.а.у):

لَوْ أَنَّكُمْ تَوَكَّلْتُمْ عَلَى اللَّهِ حَقَّ تَوَكُّلِهِ لَرَزَقَكُمْ كَمَا يَرْزُقُ الطَّيْرَ، تَغْدُوا خِمَاصاً وَتَرُوْحُ بِطَاناً

«Егер де Аллаға шынайы түрде тәуекел етсеңдер, Хақ тағала сендерді таңертең ұясынан аш құрсақ ұшып шығып, кешке қарай жемсауы толып оралған құстарды ризықтандырғаны секілді ризықтандырар еді», деп айтқанын естідім»,- деген. Демек, адам баласына ризық беруші, бізді махаббатпен жаратқан мейірім иесі Алланың кеңшілігі мен қамқорлығы шексіз.
Ал енді кез-келген қайырлы істі істеуге бел байлаған сәтте, өз күшіңе, ақыл-ойыңа, тәжірибеңе ғана сүйеніп қоймай, тәуекел етіп, тағдырыңды Тәңірге тапсыруды мына аяттан байқаймыз:

فَإِذَا عَزَمْتَ فَتَوَكَّلْ عَلَى اللّهِ إِنَّ اللّهَ يُحِبُّ الْمُتَوَكِّلِينَ

«Егер бір іске бел байласаң, Аллаға тәуекел ет. Сөзсіз, Алла тәуекел етушілерді жақсы көреді».

Имам Табари тәпсірінде Абдулла ибн Масғудтың (р.а): «Құрандағы Алланың кепілдік танытқан ең үлкен аяты:

وَمَن يَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ فَهُوَ حَسْبُهُ

«Кім Аллаға тәуекел етсе, оған бір Алла жеткілікті» деген аят» дегенін жеткізеді. Тәуекелдің ақиқатын осы аяттан түсіне берсеңіздер болады. Имам Қуртуби (р.а): «Тәуекел деген – әлсіздігіңді сезініп, ісіңде Аллаға арқа суйеу» деген.

Біздің проблемамыз :
Барлығы біздің жоспарымыздай, ойлағанымыз болады деп өз күшімізге көбірек үміт артып қоюымызда. Яғни, болашақта болып қалуы мүмкін жағдайды өз ойлау деңгейімізде шешім шығаруымыз. Ал бірақ, Алланың жоспары әр уақытта біз ойлағандай бола бермейді.
Қысқасы, «Әрекет - адамнан, берекет - Алладан». Тек қана дұғамен сұрап қана қоймай, қолымыздан келгенін жасау - шынайы тәуекелді білдіреді.

P/s: Бір тәуекел өміріңді түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін, ал бір тәуекелден бас тарту өмір бойы өкінішке алып келуі мүмкін...

#Мүмкіндікті_жіберіп_алмайық
#Бүгінгі_ой
@Maratt_smm
140 viewsMarat Syzdyqov, 03:23
Ашу / Түсініктеме
2021-08-15 21:58:34 Абайдың 10 қара сөзі

Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?
Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?
Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма? Ахирет үшін бала тілегенің - балам жасында өлсін дегенің. Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен? Ондай баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?
Қартайғанда асырасын десең, о да - бір бос сөз. Әуелі - өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші - балаң мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші - малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай асырау толымды болады? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары - ол да екі талай. Хош, құдай тағала бала берді, оны өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің. Әуелі өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіне тағы да ортақ боласың. Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта!» деп, біреуді боқтатып, «кәпір - қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны мазаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, қу, сұм бол деп, «пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?
Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі?.. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі - біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің - сол.
Бұл - құдайдан тілеген емес. Бұл - абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік. Хош, сүйтіп жүріп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы - сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды. Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң, тағы қайыршылыққа түседі.

#толғандырарлық_ой_түйін
113 viewsMarat Syzdyqov, 18:58
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 17:02:24 Инстаграмға фотолар мен видеоны өңдеп салып, арзан әзілді вайндар түсіріп, тиктокта танымал, инстаграмда идеал, ютубта трендте жүріп, танымал адамдардың гивтеріне қатысып, 1 мерспен конкурс ұйымдастырып жіберіп, подписчик жинап алып, реклама жасап ақша тауып, Louis Vuittonнан киініп, Rixosта тұруыма болады екен ғой деп ойлап жатып түсінен оянып кеткен Арман - блогерлік бет бұрып, тиктоккершілікке табан тіреуі - құп көрерлік іс екен ғой деген ойға келеді. Бір жағынан телефоны сенсорлы деген аты болмаса кірпіш, интернетке кіруінің өзі үлкен мәселе, класстастар явна прикол ұстайды...
Қой таста, одан да кітап оқиын деп, қайта ұйқыға кетті.

*Арман ақылды, Арман сияқты бол!

Кейде дәл осындай тексттегі ойлар келеді :
«Кейін қайырымдылықпен айналысасың, ал қазірше подписчик жинап алғанша инстада интроверт, тиктокта тормоз болудың қажеті жоқ, танымал боласың!».

Барлық адамға осындай ой салатын шәкеңдер бар кезде - нәпсі сыртта нарды ойнап отырады ғой, шіркін...

#хитболамындепИТболыпкетпейік
#Әуесқой_жазбагер
147 viewsMarat Syzdyqov, 14:02
Ашу / Түсініктеме
2021-04-21 08:31:52 Жақсы ойда болу

Адам ең бірінші ойлайды, сосын ойына келгенін айтуы мүмкін. Одан кейін айтқан сөзіне амал етеді, кейін істеген іс - әрекеттері оның құндылығын, мінезін көрсетеді. Ал мінез - кісінің тағдырына әсер етеді.

Кез-келген жағдайда жақсы ойда болу - адам жүрегінің ақ, пейілі кең, жұмсақ мінезді екенін көрсетеді.

«Жақсы ойда болу - адамды жақсы көруге жол ашады, жаман ойда болып, адамды жек көруге де болады».

«Жақсы ой - мінездің көрсеткіші».

«Құлшылық, ғибадаттар - жұмыртқаның ақуызы сияқты, ал ахлақ - ішіндегі сарысы іспеттес».

Хәкім Абайдай қара сөз жазу қайдааа бізге?)

#Жақсы_ой
#Жарым_мінез
714 viewsMarat Syzdyqov, 05:31
Ашу / Түсініктеме
2021-04-15 14:20:53 Бақыт іздеп жүр еді қаншама жан,
Кім бақытсыз болуды қаламаған,
Мүміннің шын бақыты
Рамазанда
Есебін хақ Тағала шамалаған...

#Сен_бақыттысың_ораза_ұстаған_жан
#Ниет_қабыл_болсын
863 viewsMarat Syzdyqov, 11:20
Ашу / Түсініктеме