Get Mystery Box with random crypto!

📚 Кітаптар_әлемі 📚

Telegram арнасының логотипі kitaptar_alem — 📚 Кітаптар_әлемі 📚 К
Telegram арнасының логотипі kitaptar_alem — 📚 Кітаптар_әлемі 📚
Арна мекенжайы: @kitaptar_alem
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.19K
Арнадан сипаттама

💡Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
📘Қазақ және әлем авторлардың кiтаптары
📍Жарнама және ұсыныстар жөнінде : @Mara_mobile

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2021-04-15 14:11:15

771 viewsMarat Syzdyqov, 11:11
Ашу / Түсініктеме
2021-04-13 11:59:30 РАМАЗАНДА БОЛАТЫН “БОЛМАЙТЫН” БЕС НӘРСЕ

Көпшілікте, әсіресе, алғаш ораза тұтып жатқан жандарды мазалайтын мәселелер бар. Соның үздік бестігін ұсынамын.

1) Сәресін ішу керек. Ұйықтап қалсаң оразаң қаза болады
Жоқ, сәресіне тұрмауға, ішпесе БОЛАДЫ. Бірақ сәресіге тұрудың сауабы мол. Ұйықтап қалсаңыз, ештеңе ішіп жемей жалғастыра бересіз



2) Ауызды міндетті түрде дәретпен бекіту керек.
Жоқ, дәретсіз (ғұсылсыз) ауыз жауып-ашуға БОЛАДЫ. Әрине, әр амалды дәретпен атқарғанға не жетсін, бірақ шарт емес

3) Түкірік, сілекей жұтуға болмайды, ораза бұзылады
Түкірік, сілекей жұтуға БОЛАДЫ. Бастысы өзіңіздікі болсын

түкірікті жинап жұтуға болмайды!

4) Рамазан айында әйеліңе жақындауға болмайды.
тек күн батқаннан кейін ғана рұқсат.
Әйеліңді сүюге, құшақтауға, қосылуға БОЛАДЫ. #Соңғысы (!) .

5) Ауыз бекіту мен Ауыз ашар дұғаларын тек Арабша гана айту керек
Ұлы жаратушы барлық ұлттардың тілімен қоса іштегі айтылмаған тілектерін де біледі. Сондықтан ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын арабша айту шарт емес, әр ұлт өз тілінде айтса да болады. 

@kitaptar_alem
1.0K viewsMarat Syzdyqov, 08:59
Ашу / Түсініктеме
2021-03-31 07:45:07 Каналды құрудағы мақсатым: біреуге нұсқап, кемсітіп, ақыл айту емес. Бұл жазбалар осы уақытқа дейін санамда жүрген ойлар.
Егер ұнамаған болса маған айтылып жатқан сын деп есептеңіз. Ал ұнаған жазбалар болса пайдасын аларсыз.
"Жүзіп үйренгің келсе-жүз, футбол ойнап үйренгің келсе-ойна" дегендей практика мақсатында жазудамын. Мүмкін болашақта жазушы болуым да ғажап емес...
Жазбамен бөліссеңіз де, керек жерін дәптерге жазып алсаңыз да болады.
Адам әр саладан алары көп, сондықтан жан-жақты болғаны дұрыс деп ойлаймын.
#Сәттілік
1.0K viewsMarat Syzdyqov, 04:45
Ашу / Түсініктеме
2021-03-31 07:44:31 "Білімдінің барлығы ақылды емес, ақылдының барлығы надан емес"
Әпенді

Мектепте, университетте оқыған білімің өмірде дұрыс шешім қабылдауға көмектеспесе, ол білімнің пайдасы жоқ. Себебі олар интеллектуалды монстрлар. Сана, жүрек, сенім, адами құндылықтар мүлдем жоқ.
Сондықтан да кейбір адамдар ойлайды, бір мамандықта оқып сол маман иесі ғана болу керекпін деп.
Мысалы мен Робототехник инженермін, бірақ мен болашақта тек робот ғана құрастырамын, болды деп 1 жақты ойласам қателестім. Мен өндірісте инженер, фрилансер, программалау, мұғалім, тым болмағанда ассистент болып та жұмыс жасауыма болады.

Көп адамдар да университеттің дипломы шаң басып жатыр. Неге?
Менің түйгенім: адам өзін тек сол мамандық аясында шектеуінде. Оқыған білімін өмірде қолдана алмауында!
Және ескіше түсініктен арылмауында. Себебі атағы жер жарған университетте оқып, мамандығына жұмыс таппай, ЦОН, жер беру орталығында, күзетші- үкіметке жұмыс жасайтындар, ал саудагер, таксист, стройка , т.с.с - бұлар "Күнделікті ақша тапсам болды " -деп ойлайтындар.

Егер сен шыныменде өз күшіңмен университетте оқып шықсаң, сен жоғарыда айтылған жұмыстармен айналыспайсың. Университет сені тек маман иесі болуға емес, өмірден өз орныңды табуға көмектеседі(осыны түсінетіндер аз)...

*Түйін : Адамның ойлағаны іске аса бермейді, тек алға қарай ұмтыла беруі керек. Сол кезде кім боларына өмірдің есіктері өзі ақ ашыла береді.

П/с : Жұмыс істеп өзіңді ақша үшін шаршатудан гөрі, өзіңе ұнайтын іспен жан рахатын сезіну әлдеқайда сені бақытты етеді.

#ескіше_ойлау_негізсіз
#жаңашыл_болу_керекпіз
#Сәттілік
#Әуесқой_жазбагер

@kitaptar_alem
1.0K viewsMarat Syzdyqov, 04:44
Ашу / Түсініктеме
2021-03-16 12:24:47 Мен көрген жақсы адам |

Барлық адамға өмірдің сынағы келеді, сол сынақты қалай қабылдайтынына байланысты адамның кім екенін анықтауға болады.

Сынақ мұсылманға да, мұнафыққа да, атеистке де келеді. Бірақ солардың ішінде жүрегі иман нұрына толы адам ғана, кез-келген сынақты еңсере алады. Мен намазымды оқып жүрмін, оразамды ұстап, зекетімді беремін, маған сынақ келмеуі керек деп ойламау керек. Мейлі сен құлшылық қыласың ба әлде өміріңді ғапылдықпен өткізесің бе — таңдау өз еркіңде.

Бүгін бір еден жуушы кісіні көрдім. Жасы зейнет жасына келіп қалған. Жүзі жылы, ақкөңіл, әзілқой кісі екен. Өз ісін адал, тиянақты әрі таза істейді екен. Ең қызығы — біраз жасқа келсе де, тынбай еңбек етіп, арасында бізбен әзілдесіп қояды. Дүниенің қиындығын күліп қарсы алатын, баласы үшін кез-келген жерде жұмыс жасайтын бүгінгі күннің батыр анасын көргендеймін. Өмірге еш өкпесі жоқ, пейілі кең адамды көріп, міне, ЖАҚСЫ АДАМ деген ой өздігінен келе қалды.
Жалпы, жақсы адамның жақсылығы жамандығынан басым.

Қандай іспен айналыссақ та, адами құндылықтарды ұмытпайық!

Жақсылық — бұл, кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі.
Марк Твен

#Мен_көрген_жақсы_адам
#Бүгінгі_Ой

@Maratt_smm
1.2K viewsMarat Syzdyqov, 09:24
Ашу / Түсініктеме
2021-03-14 22:20:59
Ша’бан - путь к Рамадану.

Всевышний любит последовательность в делах Своих рабов. Ша’бан - прекрасная возможность подготовиться к Рамадану как телом, так и духом!

Держите дополнительные посты, но не переусердствуйте. Помните, что главная цель - подготовка к Рамадану!

@kitaptar_alem
1.1K viewsMarat Syzdyqov, 19:20
Ашу / Түсініктеме
2021-03-13 14:26:44 Біз біреуді жек көрген кезде,
ол біздің ойымызға, ұйқымызға, көңіл күйімізге тіпті кан кысымына, денсаулығымызға әсер ете бастайды

ал ол адам өз өмірін жалгастыра бередi

сен тек өзіңе гана зияныңды тигізесің!
1.1K viewsMarat Syzdyqov, 11:26
Ашу / Түсініктеме
2021-03-06 19:51:05
1.4K viewsMarat Syzdyqov, 16:51
Ашу / Түсініктеме
2021-02-25 13:38:42 Дәл бүгін жүрегін үшін үлкен жеңіс жаса - сені ренжіткен, көңіліне қаяу түсірген әр адамды кешір.

Былай айт: " мен ішкі әлемімде мұңнан құралған ағашты әрі қарай өсіруге дайын емеспін. мен енді жүрегімде реніштен құралған ауыр жүкті арқалап жүре алмаймын. мен енді ашумен, жек көрумен, ренішпен жүрегімді қара түске бояғым келмейді. менің жүрегім тазалық пен бақытқа толы болуға лайық."

@kitaptar_alem
1.8K viewsMarat Syzdyqov, 10:38
Ашу / Түсініктеме