Get Mystery Box with random crypto!

Kitapal

Telegram арнасының логотипі kitapall — Kitapal K
Telegram арнасының логотипі kitapall — Kitapal
Арна мекенжайы: @kitapall
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.42K
Арнадан сипаттама

Кітаптардан үзінді салып, талқылап отырамыз. Зиялы ортаға қосыл!

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 6

2022-04-12 10:45:36 Мейірім

Бұл оқиға Иракта болған. Мұсылман әйел күйеуінен айырылып, үш баласымен қалып қояды. Отбасын асырамаққа қаншама рет жұмыс іздеп аяғынан таусылса да нәтиже шықпайды. Материалдық жағдайы күннен-күнге нашарлайды. Ақыры шиеттей ұл-қыздарының аштықтан бұратылғанына шыдамай, көмек сұрап көше жағалауға бел буды.

Бірнеше квартал жүріп, бір дүкеннің жанында жолаушыны түсіріп жатқан таксишіні көрді. «Жолаушысы болса, демек, маған жәрдем беретіндей қаражаты бар шығар, барып сұрап көрейін», – деген оймен машинаға жақындады. Қанша күн нәр татпағаннан әлсіреп, сүйретіліп зорға жетті. Жүргізуші Хасанға (есімі өзгертіліп алынды) барып, көз жасын тыя алмай, сөздерін әзер құрап: «Алла үшін балаларымның тамағына көмек беріңізші. Жалғыз өзім ғана болсам, аштықтан өлуге дайын едім, бұлай басымды қор қылмас едім. Бірақ балаларымның көз жасына шыдай алмадым. Алла үшін қолыңыздан келгенше көмектесіңіз», – дейді. Бұл мезетте шайтан уақыт жоғалтпай Хасанның миына ойларын төгіп-төгіп жіберді: «Көмек сенің өзіңе керек, қайдағы бір тіленшілерді жарылқама. Бұларға бере берсең, санына жетпейсің. Одан да үйіңе қайт, әйелің де күтіп қалған болар».

Бақытқа орай, Хасан мұсылман еді. Әйелдің көзінен жүректен шыққан шынайы сөзі және жай әншейін емес, Алла үшін сұрауы шайтаннан келген ойларды серпіп жіберді. Оның үстіне әйел тіленшіге еш ұқсамады. Жүргізуші әмиянын ақтарып, қомақты ақшаны суырып жатқанда, қуанғаннан әйелдің көзінің қалай от шашқанын айтып түсіндіру мүмкін емес еді. Әйел қалай рақмет айтарын білмей дағдарып тұрғанда, машина орнынан дереу қозғалып, қараңғыға сіңіп кетті. Бейтаныс таксиші үшін Жаратушыға дұға етіп, рақым төгуін тіледі.

Бұл уақытта Хасан үйіне қарай келе жатқан. Әйелдің зарын тыңдап, көмектескенде, ол машинасының жұқарып кеткен доңғалақтарын ауыстырам деп жинаған ақшасын беріп жібергенін байқамаған еді. Әйелі де қайта-қайта ескертетін. Бүгінгі кеште де ұмытпады. Бұлай деуінің жөні бар, қанша дегенмен отбасын асырап жүрген жарын уайымдайды. Күн сайын қаншама көлік апаттары орын алып жатыр, оған қоса күйеуі таңнан кешке дейін көлік рулінде. Осылай бірнеше күн жалғасты, әрбір кеш сайын әйелінің ұрысын естіп, жанжалға апармауға тырысты. Жинаған ақшасын қайда құртқанын да айта алмады. Ақыры соңында шыдамай, әйеліне бір шебермен келіскенін, уақыты болғанда көлігін апарып жөндететінін айта салды.

Бір күні кешке үйіне оралғанда әйелі оған: «Шебер келіп кетті, мына мекенжайға келсін, доңғалағын ауыстырып берем деп айтты», – дейді...

Жалғасы суретте...
Мирас Кесебаев
«Мені өзгерткен Рамазан»
кітабынан үзінді
1.4K viewsedited  07:45
Ашу / Түсініктеме
2022-04-10 14:33:33
Кеше ғана қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Жапонияның Сайтама қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаң иесі Риота Муратаны 9 раундта нокаутқа жіберді. Ел болып бәріміз қуандық

Геннадий Головкиннің бұл сөзі тек өзіне ғана емес, барша жанкүйерлеріне, біз бен сізге де мотивация деп ойлаймыз. Себебі, өмір – расымен де тек жеңістен, тек жақсылықтан тұрмайды. Ақпен қоса қара жолақ та кездеседі. Ең бастысы, берілмей, алға қойған мақсатқа қарай ұмтыла беру

Ойға алған шыңға тек біліммен жететініңізді ұмытпаңыз..
487 views11:33
Ашу / Түсініктеме
2022-04-08 08:49:19 Адамдар әртүрлі. Әртүрлі болғанда тек түр жағынан емес, ақыл, ой, сана жағынан да әр басқа. Түрдің әр алуандығынан ешкімге келер зиян жоқ. Бар қасірет санасыздықтан шығады.

Әзілхан Нұршайықов “Өмір өрнектері”
603 views05:49
Ашу / Түсініктеме
2022-04-08 07:05:31
Жұмада насихат

Бүгін күндердің сұлтаны – қасиетті Жұма. Ал бұл ай – айлардың сұлтаны Рамазан айы. Қасиетті уақытта сауапқа ие болыңыз

Рамазан – Құран айы. Имам Шафиғи рамазанда алпыс рет Құран хатым еткені белгілі. Біз шамамыз келгенше Құран хатым етіп, арабшасын оқып, мүмкін болмаса қазақша нұсқасын парақтауымыз абзал.

Садақа беруге асығыңыз. Себебі, бұл айда берген садақаңыз қанша есеге көтеріледі. Рамазандағы садақа – ең абзал садақа болып табылады.

Дұға ету. Истиғфар айту. Дұға-тілек етуге ең абзал уақыттар: Ауызашар сәті. Ораза тұтушының ауызашар кезіндегі дұға кері қайтарылмайды; Түннің соңғы үштен бір бөлігі; Сәресі уақытындағы истиғфар (muslim.kz)

Туыстық қарым-қатынасты жақсартыңыз. Ағайынмен тату болу көркем мінездің қатарына жатады екен. Туысқандардың басын қосып, ауызашар беріп, иман тақырыбын көтеріп, мәре-сәре болудың өзі сауап.

Рамазан айы баршамызға мүбәрәк болсын!
637 views04:05
Ашу / Түсініктеме
2022-03-30 17:11:56 Адам кеудесін керіп тәкаппарланғанмен, бойы таудан биіктеп кетпейді. Жер тепкілеп, өзін дәлелдегісі келгенмен, жерді тесіп шыға алмайды.

(с) Мирас Кесебаев
“Мені өзгерткен Рамазан” кітабынан үзінді
921 views14:11
Ашу / Түсініктеме
2022-03-16 11:34:38
Кітаптан үзінді
1.4K views08:34
Ашу / Түсініктеме
2022-03-15 07:37:37
1.3K views04:37
Ашу / Түсініктеме
2022-03-11 08:32:11
Шағбан айы – Рамазанның жақын қалғанын сүйіншілейтін ай

Шағбан айын қалай өткізу керек?

Бұл айда нәпіл ораза ұстаңыз. Себебі, 1 жыл бойы аш болмаған асқазаныңызға дайындық керек. Бірден 30 күн қатарынан ауыз бекітсеңіз ауыр болуы мүмкін. Рамазан - тек аш жүретін емес, құлшылықпен өткізетін ай болғандықтан, аштыққа дайын болыңыз.
Егер былтырғы Рамазанда қарыз оразаңыз болса, Шағбан айы осы қарызыңызды өтеуге керемет мүмкіндік.
Рамазанда тілейтін дұғаларыңыздың тізімін жасаңыз. Себебі, Рамазанның күнінде де, түнінде де дұғалар қайтарылмай қабыл болады.
Шағбан айы Рамазанға дайындық айы болғандықтан, осы айда маңызды ісіңізді бітіріп алыңыз. Сөйтіп Рамазан айында құлшылыққа көп уақыт бөлесіз.

Әбу Бәкір әл-Балхи атты кісі: «Ережеп – тұқым себу, шағбан – суару, ал Рамазан – соның жемісін жинау айы. Тұқымын сеуіп, оны суармаған адам қалай жемісін көрсін?» деген екен. Сол үшін де Шағбан айын құр жіберіп алмаңыз.
1.4K views05:32
Ашу / Түсініктеме
2022-03-10 06:55:38
973 views03:55
Ашу / Түсініктеме
2022-03-03 08:12:36
Үміт пен арман
1.3K views05:12
Ашу / Түсініктеме