Get Mystery Box with random crypto!

Kitapal

Telegram арнасының логотипі kitapall — Kitapal K
Telegram арнасының логотипі kitapall — Kitapal
Арна мекенжайы: @kitapall
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.42K
Арнадан сипаттама

Кітаптардан үзінді салып, талқылап отырамыз. Зиялы ортаға қосыл!

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 3

2022-05-15 20:38:36 Менің ойымша, адам дүние-мүлікке ғана емес, өз тағдырына да қанағат ете білу керек. Құдайдың бергеніне қанағат жасап, шүкірлік етіп, тәубеге келудің өзі де ұлылықтың бір белгісі болса керек.

(с) Әзілхан Нұршайықов
«Мәңгілік махаббат жыры» кітабынан
332 views17:38
Ашу / Түсініктеме
2022-05-15 17:00:34 – Арман, ана біреу әкетіп бара жатқан бесік сияқты нәрсені көрдің бе, ол не, ішінде не бар? – дедім аптығып.
– Оны табыт дейді, – деп қысқа қайырды Арманым.
– Иә, соның ішінде не бар? – деп бастырмалата жөнелгенде, Арман:
– Сен естіген жоқпысың, адам қайтыс болды ғой, – деді.
– Оны неге табытқа салып әкетті?
– Оны мазарға апарады.
– Ол жақта не бар?
– Мазарлар...
– Мазар деген не?
– Өлген адамды жерлейтін жер...
– Көме ме? Адамды қалай көмеді?
– Дүниеден өткен соң ғана.
– Менің өлгім келмейді.
– Бәріміз бір күні өлеміз ғой...
– Бәріміз бе?
Бәрі.
– Неге өлуіміз керек?
– Солай болуы керек.
– Өлгендер мазарда не істейді?
– Егер жақсы адам болса, сол жақтан Жаннатқа барады.
– Жаннатқа солай барамыз ба?
– Өй, сені ме?! Өлмесек, Жаннатқа бара алмаймыз!
– Онда мазар жақсы екен ғой!
– Иә, Жаннатқа баратындар үшін жақсы. Екеуміз үнсіз қалып, тар көшеде табыт көтеріп бара жатқан адамдар көзден ғайып болғанша, көз алмай қарап тұрдық...

«Жаннат туралы білгім келеді» кітабынан үзінді
430 views14:00
Ашу / Түсініктеме
2022-05-15 16:48:41 «Танығым келеді» топтамасымен таныстыру

Жібек Зинелова

Топтамаға тапсырыс бергіңіз келсе, сілтемені басыңыз..
386 views13:48
Ашу / Түсініктеме
2022-05-15 16:35:19 Live stream finished (35 minutes)
13:35
Ашу / Түсініктеме
2022-05-15 15:59:48 Live stream started
12:59
Ашу / Түсініктеме
2022-05-15 13:57:18 Негізі, әлдилер туылған соң осыншама ғажайып бір әлемге тап боларын білмейді, егер білсе жыламайтын еді. Керісінше шаттанып, ата анасының қамқорлығын сезініп мәз болар еді. Біз де бір жер ананың құрсағын мекен еткен сәбиге ұқсаймыз ғой!

"Жаннат туралы білгім келеді" кітабынан үзінді
502 views10:57
Ашу / Түсініктеме
2022-05-15 08:38:49
Балаларға арналған «Танығым келеді» топтамасын жинақтаған Жібек Зинеловамен кездесу

Арнайы Kitapal телеграм каналының оқырмандары үшін live stream Бүгін кешкі 19:00-де
567 views05:38
Ашу / Түсініктеме
2022-05-14 16:55:29 Қандай жаста болсаң да, нендей жағдайда жүрсең де әрдайым оқы, үйрен, білім ал. Үйренуге ешқашан кеш емес. Үйрену үшін оңтайлы уақытты, ыңғайлы жағдайды күтпе!

(с) Қайрат Жолдыбайұлы
"Кемел адам" кітабынан үзінді
161 views13:55
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 12:38:28
«Махаббат мейрамы» кітабынан үзінді
447 views09:38
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 12:20:51 «Алла не үшін бізге көрінбейді, әке?»

Кішкентай ұлым кеше маған:

Алла не үшін бізге көрінбейді, әке? – деп сұрақ қойды. Ұлымнан мұндай сұрақты күтпеген едім, не деп жауап беруді білмей қалдым. Негізі, бұл сұрақтың жауабын да білетінмін. Бірақ:

– Не... – деген күйі тоқтап қалдым. Ұлым да бақырайған көзін жыпылықтатып, маған қадала қарап қапты. Оның көздері «болыңыз, тез жауап беріңізші» дегендей көрінді. Сөзді басқа жаққа бұрып:

Сенің көзің кішкентай, Алла болса өте үлкен, сондықтан көре алмайсың, – деп құтылдым.

– Аа-а, солай ма?! – деп, қолындағы ойыншығын көтеріп, ештеңе болмағандай бөлмесіне кіріп кетті. Бәлкім, мұндай шақтағы балалар үшін менің берген жауабым жеткілікті болуы мүмкін. Бұл жауаппен екі ыңғайсыз жағдайдан уақытша шыққандай болдым. Бірақ балам есейген сайын Жаратқан Алла туралы жаңа сұрақтарды қоятыны белгілі болды. Ол сұрақтарға қазірден дайындалуым керек.

Бұл кітапты жазуыма да ұлымның кенеттен қойған «Алла не үшін көрінбейді?» деген сұрағы себеп болды. Сөйтіп, ұлымның есейгенде Алла туралы қоятын сұрақтарына жауап іздеуге кірістім. Оның үстіне, кітап оқығанды үйреніп алғаннан кейін, бұл кітапты өз бетінше оқып, түсініп алады емес пе?

Балаларға арналған «Алланы танығым келеді» кітабынан үзінді
216 views09:20
Ашу / Түсініктеме