Get Mystery Box with random crypto!

Kitapal

Telegram арнасының логотипі kitapall — Kitapal K
Telegram арнасының логотипі kitapall — Kitapal
Арна мекенжайы: @kitapall
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.42K
Арнадан сипаттама

Кітаптардан үзінді салып, талқылап отырамыз. Зиялы ортаға қосыл!

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 5

2022-05-11 08:00:10 Қырық санының қасиеті…

Есімде, бір жолы анамнан:
– Қазақтар неге қырық санын қастерлейді? – деп сұрадым. Білгім келгенді жауапсыз қалдырмайтын әдетімен ол кісі:

– Қырық күн, қырық саны адам жаратылысымен тікелей байланысы болғандықтан қасиеттейді. Бойға бала бітерде ештеңені артық-кем жаратпаған Алла Тағаланың құдыретімен бір тамшы ұрық суы қырық күнде қанға айналады, қаннан қырық күнде етке айналады. Тағы қырық күнде еттен сүйек пайда болады, одан қырық күн өткен соң, ет пен сүйекке жан бітеді және қырық күн өткенде жан алған ет пен сүйек адам пішініне енеді. Содан кейін шақалаққа сезім жүйесінің пайда бодуына қырық күн кетеді.Тағы қырық күнде бала толысады. Сөйтіп, 280 күн – қырық аптада, анығын айтқанда, тоғыз ай, тоғыз-он күнде нәресте өмірге келеді. Баланы қырқынан шығару – жоғарыдағы қырықтардың соңғы жалғасы...

Зейнеп Ахметова "Күретамыр"
130 views05:00
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 07:49:02
Еркіндік ұғымы болмаса, не нәрсеге тәуелді боламыз?
143 views04:49
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 07:34:47
Еркіндік құл болумен жүзеге асады…
(с) Данияр Сүлейменов
152 views04:34
Ашу / Түсініктеме
2022-05-05 06:39:44
«Мақсаттарың болмаса, түкке де аспайсыңдар…»

(с) Бердібек Соқпақбаев
«Өлгендер қайтып келмейді» кітабынан үзінді
124 views03:39
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 14:01:43
15 views11:01
Ашу / Түсініктеме
2022-05-03 13:00:14
(с) Бердібек Соқпақбаев
111 views10:00
Ашу / Түсініктеме
2022-05-03 07:34:40 Жұмыр жер күндегі дағдысы бойынша тынбастан зырлап, кіндігін және бір айналып шықты. Тарих тағы бір тәулікке ұзарды.

Осы бір тәуліктің, яғни жиырма төрт сағаттың ішінде мынау ығы-жығы күнәһар дүниеде кімнің басынан не кешіп үлгермеді дейсің. Қанша адам өмірге жаңадан келіп қосылды, қанша адам оларға орын босатып, о дүниедегі мәңгілік мекендеріне сапар шекті.

Осы бір тәуліктің ішінде қаншама бақытты кеудеде қуаныштың оты маздап жанбады, қатал тағдыр қаншама басы жұмыр пендесін қайғының қара суығында бүрсеңдетпеді.

«Менің атым Қожа» повесінен үзінді
50 views04:34
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 03:02:13
0 күту = бақыт
19 views00:02
Ашу / Түсініктеме
2022-04-12 12:50:10
Өзіңе таңғалу жайлы..

«Адам әрбір нығметтің артында Алланың рақымы тұрғанын түсінсе, бірден топырақ күйге түседі. «Мен бір жай адаммын ғой, әлсізбін. Өзімнің қолымнан не келсін? Бәрі Құдайдың берген қуатымен болып жатыр. Садақа беріп жатсам, Алланың берген мүлкінен беріп жатырмын. Мен деген жай ғана Аспаздың қолындағы шөміш сияқтымын. Шөміш ешқашан тамақты мен беріп жатырмын демейді» деп, терең ойға беріледі»…
529 views09:50
Ашу / Түсініктеме
2022-04-12 10:47:03
Мирас Кесебаев
«Мені өзгерткен Рамазан» кітабынан үзінді
387 views07:47
Ашу / Түсініктеме