Get Mystery Box with random crypto!

Kitapal

Telegram арнасының логотипі kitapall — Kitapal K
Telegram арнасының логотипі kitapall — Kitapal
Арна мекенжайы: @kitapall
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.42K
Арнадан сипаттама

Кітаптардан үзінді салып, талқылап отырамыз. Зиялы ортаға қосыл!

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 2

2022-07-29 06:29:41 Қайырлы таң, достар!

Қалдарыңыз қалай?
2.1K views03:29
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 12:58:26 Сіз қыз баласына тән табиғатыңызбен сұлусыз. Сіздің сыңғырлаған күлкіңізге, назды үніңізге, аялы алақаныңызға әлемде еш нәрсе тең келмейді. Бірақ әр нәрсенің өзіндік мақсаты бар, соны естен шығармаған жөн. Сіздің өз табиғатыңызды сақтауыңыз - болашақтағы ұлы бір іске дайындық. Ол - аяулы жар болу, мейірімді ана атанып, бір қолыңызбен бесік тербетсеңіз, екінші қолыңызбен әлемді тербету!

Өмірде әйел адамның алатын рөлі орасан зор. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Әйел - өмірдің сәні! Әйел - сұлу жаратылыс! Шіркін, әйел кісі жаратылудағы міндетін дұрыс жолда қолдана білсе, небір кереметтердің куәсі болар едік!

Данияр Сүлейменов “Ең бақытты әйел” кітабынан үзінді
329 viewsedited  09:58
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 11:14:04
242 views08:14
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 16:40:22 Есіңді жи да, менің мына сөздерімді жадыңнан шығарма:

Қызым, əр күн саған берілген сый! Соны бағалай біл. Өзіңді тірі жүргенде өлексе етпе. Жалқаулық, үмітсіздік, ұйқышылдық сені басқарып кетпесін.

Əр күніңді əсем етуге əрекет ет! Арманыңа ұмтыл, жаныңдағыларға жақсылық жаса! Күлімсіре! Құдайға шүкір ет. Адамдармен қарым қатынасыңа мəн бер. Біреуді ренжітуге, біреудің ар-намысын таптауға ешкімнің құқығы жоқ. Сыйла оларды. Адамзатты сүй. Өміріңе енген əрбір жан – сенің ұстазың. Жақсысы да, жаманы да.

(с) Жұлдыз Қайратқызы
«Әке» кітабынан үзінді
290 views13:40
Ашу / Түсініктеме
2022-05-23 14:45:23 Сен екеуіміз еккен талдың астында отырмын. Сен ағаштан жасап берген кішкентай орындықтың үстінде. Мең-зең, өңсіз, көңілсіз күйдемін. Орнымнан тұрып, терең тыныстауға да əлім жетпейді. Əлемнің бар ауасын өзіңмен бірге алып кеткендейсің, əке...

(c) «Әке» кітабынан үзінді
206 views11:45
Ашу / Түсініктеме
2022-05-18 16:46:42 Құран мен ғылым арасындағы алтын көпір

«Нахыл» сүресі, 15-аятында:
«...Айналғанда сендерді шайқалтып, теңселтпесін деп жерге мызғымас берік қазықтар (таулар) қағып қойды..» дейді.

Бұл Құран аяты ғылыммен дәлелденген. Таулар жер бетіне шығып тұрған жай биіктер емес, олардың өзінен бірнеше есе терең тамырлары бар. Бұл жайлы 1985 жылы профессор Франк Пресс пен географ Раймонд Сиевер «Earth» кітабында жазған.

Бұл тамырлар таудың беткі биіктігінен 10-15 есе ұзын. Осының арқасында таулар Жер бетін қазық сынды ұстап тұрады. Мәселен, Жерді тақтай десек, таулар ұзын-ұзын қадалған шеге секілді. Жердің аса екпінді жылдамдықпен айналуында жерді ұстап тұру үшін, берік тіректер етіп салынған.

Осылайша Алла Тағала барлық жаратылысты біз үшін жаратқан. Олардың бәрі бізге қызмет етеді.

Эверест тауының биіктігі шамамен 9 000 м, ал тереңдігі 125 000 м. Ғалымдар XIX ғасырдың екінші жартысына дейін тауды Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан құрылымды бөлігі деп ойлады.

XIX ғасырдың екінші жартысында ғана таулардың тамыры болатыны анықталып, 14 ғасыр бұрын түсірілген Құран Кәрімнің хақ кітап екені жүректерде қайта жаңғырғандай.

(с) Жаннұр Таласбаева
"Жаратылыс сырын оқы” кітабынан үзінді
356 views13:46
Ашу / Түсініктеме
2022-05-18 16:13:00 Кітап – адамға жасалған ең керемет инвестиция..

Жақында балалар күні келе жатыр. Балаға берер ең керемет сыйлық – кітап.

Балаларға ойыншық, тәтті алып бергенше одан құны аз, бірақ құндылығы жоғары кітаптар алып беруге болады. “KitapAl” кітап дүкенінде қазақ, шетел ертегілері, әңгімелер, танымдық кітаптар бар. Балалар күніне орай балалар әдебиетіне бізде 50% жеңілдік.

П.С: Ойыншық 1-2 жыл шыдар. Ал тәтті 10 секундтық ләззат. Ал кітап өмір бойғы азық, теңдессіз тәрбие, терең тағылым, керемет дос…

Балалар әдебиетіне тапсырыс беру үшін сілтеменінің үстін басыңыз.
136 viewsedited  13:13
Ашу / Түсініктеме
2022-05-17 15:41:22 Eci дұрыс адам елдің қамын жеу керек. Жас болса қырықтан асып кетті. Қартайып барамыз. Өлгенше бір істі тындырып кету қажет. Жастардың ерік-жігері мықты, жаңа буын жасап шыққым келеді. Жоспарын миымда түзіп қойдым. Қазір қоғам қараңғы. Танымал адамды ғана тыңдайды.
Көрмейсің бе, қалың бұқара ғалымға емес, атағы шыққан әуесқой дилетант әншіге табынады. Бұл қауіпті – тенденция.

Санжар Керімбай "Бейсен және Болмыс"
259 views12:41
Ашу / Түсініктеме
2022-05-16 12:14:37 «Әдеби еңбекті ешкім мақтаныш үшін жазбайды, ол мінезден туады. Ұлтының қажетін өтейді сөйтіп...»

(с) Ахмет Байтұрсынұлы
596 viewsedited  09:14
Ашу / Түсініктеме
2022-05-16 12:02:56 Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды…

(с) Бауыржан Момышұлы
196 views09:02
Ашу / Түсініктеме