Get Mystery Box with random crypto!

Киностан ️

Telegram арнасының логотипі kinostankz — Киностан ️ К
Telegram арнасының логотипі kinostankz — Киностан ️
Арна мекенжайы: @kinostankz
Санаттар: Бейнелер
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 254
Арнадан сипаттама

Кино және соның төңірегі: ойлар, рецензиялар, шолулар, т.б.

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2020-09-23 20:21:16 Көптен ештеңе жазбаппын :)

Айтуға ұмытып кетіппін - жақында Голливудтың біраз жұлдызының басын қосқан картина шықты. Құрамда Том Холланд, Роберт Паттинсон, Билл Скарсгард, Хейли Беннетт, Себастиан Стэн, Миа Васиковска, Джейсон Кларк секілді атақтылар бар. Байқасаңдар аталғандардың көбі - жас таланттар, қазіргі Голливудтың бүгінгісі мен келешегі. Сәйкесінше ерекше бір нәрсе күтеді екенсің.

Фильмді біржақты мықты деп бағалауға қиналдым. Бір жағынан драматургия тұрғысынан түзу, оқиғасы бірізді көрінеді. Адамның ауыр тағдыры, тізбектеліп келе беретін сәтсіздіктер мен қайғылы оқиғалар кейіпкер түгілі, көрерменнің еңсесін түсіріп, жақсылыққа деген үмітіңді сөндіріп тастайды. Десек те бұл фактор фильмге объектив баға беруге де кедергі келтіретін секілді.

Әр көрермен өзіне қажет, өзіне жақын тұсын түйіп алар деп ойлаймын. Қандай фильм деп сұрасаң айтайын - "The Devil All the Time", қазақшаласақ - "Жын қашан да жаныңда". Netflix ұсынды.

Шынымен де фильмдегі әр кейіпкердің жақсы тұсы емес, жаман қыры - адамнан гөрі, жынның ісіне тән әрекеттері көрсетіледі. Бұндай қасиет іздеп кетсең әрқайсымыздан табылар-ау. Және бұндай теріс әрекеттер басқа адамның тағдырына әсер етпей қоймайды. Мүмкін фильмді жасаушылардың да мақсаты сол шығар - агрессия мен қатыгездік, азғындық пен қанышерлік қандай салдарға әкелетінін көрсету.

Қысқасы, ауыр фильм.
215 viewsedited  17:21
Ашу / Түсініктеме
2020-08-31 14:09:24 ҚЫРКҮЙЕКТІҢ СЕРИАЛДАР КҮНТІЗБЕСІ

1 қыркүйек:
- Барлық тіршілік иелері, үлкені де, кішісі де / Все существа, большие и малые / All Creatures Great and Small; драма (Ұлыбритания): 1 маусым

2 қыркүйек:
- Екі аптада үлгеру / Успеть за две недели / Two Weeks To Live; комедия, қылмыстық, қызық оқиғалы (Ұлыбритания): 1 маусым

3 қыркүйек:
- Жас Валландер / Молодой Валландер / Young Wallander; драма, қылмыстық, триллер, детектив (Ұлыбритания): 1 маусым
- Қасқырдың қолында өскен / Воспитанные волками / Raised by Wolves; драма, фантастика (АҚШ): 1 маусым

5 қыркүйек:
- Жүгірмектер / Пацаны / The Boys; драма, фантастика, боевик (АҚШ): 2 маусым
- Алыста / Вдали / Away; драма, фаантастика (АҚШ): 1 маусым

15 қыркүйек:
- Мы те, кто мы есть / We Are Who We Are; драма (АҚШ, Италия): 1 маусым
- Үшінші күн / Третий день / The Third Day; драма (АҚШ, Ұлыбритания): 1 маусым

17 қыркүйек:
- Арчер / Archer; комедия, боевик, мультфильм (АҚШ): 11 маусым

19 қыркүйек:
- Пен15 / Pen15; комедия (АҚШ): 2 маусым
- Юра әлемі: Бор кезеңінің лагері / Мир Юрского периода: Меловой лагерь / Jurassic World: Camp Cretaceous; боевик, қызық оқиғалы, мультфильм (АҚШ): 1 маусым
- Рэтчед / Ratched; драма (АҚШ): 1 маусым

24 қыркүйек:
- Құшақ / Обет на крови / Klem; драма (Нидерланд): 3 маусым

25 қыркүйек:
- Кішкентай балта / Топорик / Small Axe; драма (Ұлыбритания): 1 маусым

26 қыркүйек:
- Утопия / Utopia; драма, фантастика, триллер (АҚШ): 1 маусым

28 қыркүйек:
- Фарго / Fargo; драма, комедия, қылмыстық (АҚШ): 4 маусым
- Отағасы / Гриффины / Family Guy; комедия, мультфильм (АҚШ): 19 маусым
- Американың қылмыс хикаясы / Американская история преступлений / American Crime Story; драма, өмірбаян (АҚШ): 3 маусым
- Бобтың бургерлері / Закусочная Боба / Bob's Burgers; комедия, мультфильм (АҚШ): 11 маусым
- Комидің ережесі / Правило Коми / The Comey Rule; драма, өмірбаян (АҚШ): 1 маусым
228 views11:09
Ашу / Түсініктеме
2020-08-31 14:09:21
185 views11:09
Ашу / Түсініктеме
2020-07-31 08:31:27 ТАМЫЗДЫҢ СЕРИАЛДАР КҮНТІЗБЕСІ

1 тамыз:
- Бүгінгі Маппеттер / Маппеты сегодня / Muppets Now; комедия (АҚШ): премьера
- Амбрелла академиясы / Академия Амбрелла / The Umbrella Academy; фэнтези, боевик (АҚШ): 2 маусым

4 тамыз:
- Кішкентай құстар / Маленькие пташки / Little Birds; драма (Ұлыбритания): премьера

7 тамыз:
- Стартрек: Төменгі палуба / Звездный путь: Нижние палубы / Star Trek: Lower Decks; фантастика, комедия, анимация (АҚШ): премьера
- Ашық теңіз / Открытое море / Alta mar; драма, қылмыстық, детектив (Испания): 3 маусым

15 тамыз:
- Тед Лассо / Ted Lasso; комедия (АҚШ, Ұлыбритания): премьера

17 тамыз:
- Лавкрафт елі / Страна Лавкрафта / Lovecraft Country; драма, фантастика, үрейлі, триллер, детектив (АҚШ): премьера

22 тамыз:
- Люцифер / Lucifer; фэнтези (АҚШ): 5 маусым

26 тамыз:
- Әшекейлер / Воровки / Trinkets; драма (АҚШ): 2 маусым
224 views05:31
Ашу / Түсініктеме
2020-07-31 08:31:25
189 views05:31
Ашу / Түсініктеме